Қазақтың қарапайым бір ұлымын…

Нуралина Гульнара Отаргалиевна

ТАҚЫРЫБЫ:                        Қазақтың  қарапайым  бір  ұлымын…

 

МАҚСАТЫ:                         Аты  аңызға  айналған  қазақ  халқының  батыры ,

Халық  қаһарманы  Б.Момышұлының  өмірі  және

шығармашылық  жолымен  таныстыру , ерлікке  толы

өмірін  үлгі  ету.

 

КЕШТІҢ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРЫ:

Б.МОМЫШҰЛЫ  туралы  слайд , Батыр  туралы

кітаптар  көрмесі , банер.

 

Кештің басын  «Священная   война»  әнімен  ашылады. Жай  дауыста  жүргізілген  әнмен  қатар  ,үнтаспадан  тыңдау.      ТЫҢДАҢВЗДАР!  ТЫҢДАҢЫЗДАР ! 1941  жылы  22  маусымда  таң  шапағы  жаңа  ғана  арайланып  келе  жатқан  кезде  елімізге  қауіп  төнді.  Халқымыздың  адам  айтқысыз  қиын-қыстау  кезеңге  душар  болды .  Фашистік  Германия  елімізге  опасыздықпен  басып  кірді.

ҰЛЫ  ОТАН  СОҒЫСЫНДА  ҚАЗА  БОЛҒАНДАРДЫ  ЕСКЕ  АЛАЙЫҚ ! (1 минуттық  үнсізді)

 

1 –жүргізуші:            Жеңіс  күні  —  адамзат  аңсап  өткен  күн ,  жеңістің  туын  тіккен -1945

жылғы  9  мамыр  азаттық  күрестің  айбынды  күні .  Мөлдір  аспанды

бұлт   қаптады . Шаттық  әні  қайғылы  үнге , нұрлы  күнді  қара

түнге  айналдырмақ  болды.  Халық  үшін  бұл  ауыр  кезең  болды.

 

2  —   жүргізуші:          Құрметті  ата-аналар , ұстаздар , оқушылар !  Біз  бүгін  Ұлы  Жеңістің

65  жылдығына  орай  жәнеде  Отанына  шын  берілген , қайсар

жүрек   Б.Момышұлының  100  жылдық  мерейтойына  арналған

«Қазақтың  қарапайым  бір  ұлымын ,  жанымды  арым  үшін  құрбан  еткен»

атты  кешті  ашуға  рұқсат  етіңіздер .

 

  • — жүргізуші:              Кешегі  неміс  фашист  басқыншыларымен  болған

                                     қырғын   соғыстағы  жеңіс  оңайлықпен  келмеді.  Ана,

жарын   жоғалтып  жесір , бала  әкесінен , анасынан

айырылып  жетім  атанды . Фашистердің  тұтқын  лагеріне

қаншама  ана  мен  бала  айуандықпен  азаптап  өлтірілді . Ал

тылда  қалған  қарттар , аналар  мен  бесіктен  белі  шықпаған

балалар  соғыстың  қайғы-қасіретін  арқалай  жүріп  бірде  аш,

бірде  тоқ  тынбай  жұмыс  істеді . Бірақ  ешкімнің  сағы

сынбады.  Отан  үшін  кеудесін  отқа  тосқан  қазақ  халқының

батыры  Б.Момышұлы  туған  жерді  қасиет  тұтып , Отанын

қорғауда  үлкен  өшпес  ерлік  көрсетті.  Ол  ерлік  істерін

ешкімде,  ешқашан  да  ұмытпауға  тиіс .

Слайд 1

 

2  жүргізуші :                        Осы  соғыста  Кеңес  одағының  басқа  республикаларымен

бірге  біздің  Қазақстан  Республикасы  да  жан  аямай

шайқасты.  Даңқты  қарулы  күштердің  және  еңбек

армиясының  құрамында  1  млн. 870  мың  қазақстандықтар

 

 

 

 

 

1- жүргізуші:                       Батыр  атамыз  соғыстан  оралғаннан  кейін  батырдың

қаруын     қаламға  айырбастағанын  білеміз . Ол  майданда  бір

ерлік  етсе , сөз  майданынд  екінші  ерлік  көрсете  білді

Қазақ    халқында  мынадай  сөз  ба : «Ғалымның  аты  өлсе де ,

хаты  өлмейді» —  дегендей , батырдың  ерлік  туралы  айтқан

қанатты  сөздері  де , ел  аузынан  сақталып  жүр .

 

1.Өз  ұлтын  сыйламау , оны  мақтаныш  етпеу – сатқындықтың  белгісі .

  1. Ел дегенде  еміреніп , жұрт  дегенде  жүгініп  қызмет  еткін !

3.Отан  үшін  отқа  түс – күймейсің .

4.Опасызда  Отан  жоқ .

5.Елсіз  ер  болмайды ,  жұртсыз  жігіт  болмайды .

6.Өтіріктің  балын  жалап  тірі  жүтгенше , шындықтың  уын  ішіп  өлген  артық!

  1. Ерлік – табиғат сыйы  емес ,  саналы  әскери  тәрбиенің  жемісі , Отан  длдындағы  қасиетті  парызыңды  орындау  үшін  адамзаттың  ең  асыл  сезімімен  жігерленіп , өзіңді  саналы  түрде  қауіп-қатерге  бас  тігуге  мәжбүр  етудің  нәтижесі

Бауыржан  атамыздың  әділетсіздікке , екі  жүздікке  қарсы  тұрып , талай  жерде  өзіне  жау  тақандығын  тілге  тиек  етеді . Батыр  бейнесінің  әр  қыры  оның  өз  шығармаларынан  анық  байқалады .

Б.Момышұлы  өзгелерден  даралап  тұрған  айрықша  қасиеті – оның  қалам  мен  қаруды  қатар  ұстауы , қай  кезде  де  ұлт  мүддесін  қаймықпай  қорғауы . Мысалы  1943  жылы  ажалмен  арпалысып  жүргеніне  қарамастан ,  ол  Қазақстан  басшыларына  майданнан  хат  жазып , онда  қазақ  тілінің  мүшкіл  жағдайын  баяндап , туған  тілімізді  тұғырлы  етуге  қатысты  нақты  ұсыныстар  жасайды .

Тағы  бір  дәлел  соғыста  жүріп  жазған  37  дәптер  күнделігінің  үшеуі  жоғалғанда  үш  бауырынан  айырлғандай  күй  кешеді .  Майдан  даласында  жазылған  дәптердің  әрқайсысында  соғыс  жылдарының  қасіреті  мен  қиындығын  суреттейді .

 

БАУЫРЖАН  АТАМЫЗДЫҢ  ӨМІРІНЕН  КӨРІНІС .

ОМЫТҚАДАҒЫ  ОҚ . ( Ә .Нұрш.  Ақиө.  Пен  аңыз .)

 

 Автор:             Жарақаттанға  Бауыржанды  полк  дәрігеріне  жеткізеді .

 

Дәрігер:            -Бұл  кісіні  дереу  госпитальға  жіберу  керек . (  есін  жиғаннан  кейін )

 

Б.М:                 —  Сонша  не  боп  қапты ?

 

Дәрігер:.       – Омыртқаңызда  оқ  қадалып  тұр , жолдас  капитан .

— Сізді  дереу  госпитальға  жөнелтуіміз  керек .

 

Автор:             — қолын  әрең  омыртқаға  жеткізіп , арқасын  сипалап  расында  оқ  бар

екеніне  көзі  жетті .

 

Б.М:                  —  Скальпелің  бар  ма ?

 

Дәр:                   — Жоқ .

 

Б.М:                  — Өткір  бәкің  бар  ма ?

 

Дәр:                   — Жоқ

 

Б.М:                   —  Ұстараның  жүзі  бар  ма ?

 

Дәр:                     —  Бар

 

Б.М:                    —   Ендеше  соны  спиртпен  шай  да , оқ  тұрған  жердің  етін  кес !

 

Дәр:                      —  Олай  етуге  болмайды ,  жолдас  капитан …

 

Б.М :                    — Болады !  Бүйырамын !  Орындамасаң – атамын !

 

Автор :               Батырға  да  жан  керек  деген  емес  пе , дәрігер  дереу  айтқанын  істеуге

кірісті .  Арқасын  кескілей  бастағанда  Бауыржан  пистолеттің

сабын  сындырардай  тістеп  жатты .

 

Дәр:                         — Мінеки ,  жолдас  капитан ,  оғыңыз !

 

Автор:                   -Омыртқаға  тіркелген  оқты  алып ,  алақанына  салды . Жараны

таңдырып  алып , жаумен  ауыр  жұмыс  жүргізіп  жатқан  полкке

қайтадан  оралды .Бірнеше  күн  қатарынан  жаумен  жағаласып ,

жан  ұшырып  жүрген  Момышұлы  арқасындағы  жараны  ұмытып  та  кетті

Ол  бірде  суланып ,  бірде  қара  қотырланып,  бірде  қыши  бастап,

өзінен- өзі  жазылып  та  бітті

( Ә . Нұршайықов « Ақиқат  пен  аңыз»  романынан  үзінді)

Бір  кезде  құраннан  жазылған  сүрені  партбилеттің  артына  жабсырып ,

жаттап , тұмар  етіп  бүкіл  соғыс  бойы  өзімен  алып  жүрген

Бауыржан  Момышұлын  бірнеше  ажалдан  аман  қалуына  да

бірден-бір  себебші  болған  осы  сүре  шығар  деп  те  ойлаймын…

 

2-  жүргізуші:              Сөйтіп , Б.Момышұлы  Ұлы  Отан  соғысы  барысында

207рет  ұрысқа  қатысып , 5  рет өлімнің  құрсауында  қалған ,

рет  өлімші  болып  жараланған . Бірақ  өліммен  бетпе-бет

208келген  сәттердің  барлығында  негізгі  жауынгерлік  құрамымен

209қоршаудан  аман-есен  шығып , өз  дивизиясына  қосылып  отырған .

 

 

1 —  жүрг:                        Бауыржан – қазақтың  кешегі  от тілді , орақ  ауызды , әрі ақын ,

әрі батыр  тұлғалардың  заңды  жалғасы ,  түйіндей  айтсақ ,

ұлттық  рухтың  20  ғасырдың  басындағы   дйқын  көрінісі .

Елде  жоқ  ерекше  қасиеті , енді  өмір  жолын  әдәбиет  майданына

бет  бұрады …»  Ендігі  қалған  өмірімде  көрген –білгенімді

жастарға  айтып  кетейін»  деп  қалам  алып , жазу  жұмысына

кірістім  дейді .

«Мен профессионал   жазушы   емеспін . Мен  әскери  мемуар

жазушы  ғана  кісімін .Ал  біздің  қазақта  бұрын  әскери

мемуарлық  әдебиет  атымен  болған  емес.

 

2  жүрг:                            Олай  болса , құрметті  біздің  қонақтар  қазір  сіздердің

алдарыңызда Б.Момышұлының  жазған  өлеңдері  оқылады .

 

 1 –жүрг.                         Ғасырдан  ғасырға  өтіп , тарих  шежіресіне  талай  ерлік

пен  қаһармандардың  үлгілері  жазылар .  Бірақ ,  солардың  ішінде

Ұлы Отан  соғысы  гитлершіл  Германия  әскерлерін  талқандап ,

жер  жүзін  фашизм  апатынан  аман  алып  қалған  Ұлы  Жеңісі

халық  қаһармандарының  өшпес  өнегесі болып  мәңгі  жарқырай  береді .

 

 

2 – жүрг.                         Осы  соғыста  Кеңес  одағының  басқа  да  республикаларымен  бірге

біздің  Қазақстан  Республикасы  да  жан  аямай  шайқасты . Даңты

қарулы  күштердің  және  еңбек  армиясының  құрамында  1  млн.

870  мың  қазақстандықтар  болған .

 

 

 

1 –жүрг.                        Сонымен  қатар  біздің  Атыраудың  өзінен   де  көптеген

жерлестеріміз   Ұлы  Отан  соғысына  аттанды .  Сол  қатардан

қазір  қалғаны 145  соғыс  ардагерлері. Осы  соғыс

ардагерлерінің   ұрпақтары  құрметті   қонақ  болып  біздің

ортамызға  келіп  отыр .  Олар  біздің  мектебіміздің  ардагер

ұстаздарымыз  Зәуреш апай , Райса  апай , Манауя  апай  .

Қазір  сөз  кезегін  апйларға  береміз.

 

 

 

 

 

2 –жүрг.                       Кешімізді  аяқтай  келе   Бүгінгі  ұрпақ  кешегі  қан  майдан

ерлерінің  жалғасы , қазіргі  сіз  бен  біз  мәңгілік  ерліктің,  өшпес

ерліктің  рухын  өлтірмей  ұрпақтан  ұрпаққа  аманат  ету

біздің  борышымыз .  Осымен Ұлы  Отан  соғысының  65

жылдығына ,Б.Момышұлының 100  жылдығына  арналған  кешіміз

аяқталды . Уқыт  бөліп  кегендеріңізге  көп-көп  рахмет.

Мерекелеріңіз  құтты  болсын !!!

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *