Қазақтың зергерлік өнері

Пән:   Қазақтілі мен әдебиеті

Мектеп: Покровка орта мектебі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 13-бөлім. Қазақтың ұлттық қолөнері

Күні: 23.04

Мұғалімніңаты-жөні: Досмуханова А.Р.

Сынып: 6

Қатысқан оқушыларсаны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ тақырыбы 3 сабақ. Қазақтың зергерлік өнері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 6.3.6.1 тақырып бойынша үйренген сөздерді қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселені шынайы өмірмен байланыстыру.

6.2.3.1-ауызша сөйлем құрауда

сұраулы, хабарлы, лепті және бұйрықты сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеріп айту.

Сабақ мақсаттары Барлық оқушы: Жаңа сөздерді қатыстырып сөз тіркестерін құрастыра алады;

Көптеген оқушы: Жаңа сөздерді қатыстырып хабарлы, лепті, бұйрықты және сұраулы сөйлемдер құрастырып, интонациялық ерекшелігін ескеріп айта алады;

Кейбірі: Жаңа сөздерді қатыстырып мәтін құрастыра алады. Сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін сақтап айта алады.

 

Бағалау критерийлері 1.     Барлық оқушылар жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастырады.

2.     Көптеген оқушылар жаңа сөздермен хабарлы, лепті, бұйрықты, сұраулы сөйлемдер құрастырады және интонациялық ерекшелігін сақтап айтады.

3.     Кейбір оқушылар сөйлем түрлерін қатыстырып мәтін құрастыра алады.

Тілдік мақсаттар Пәнге тән лексика мен терминология: әйел, білезік, сақина, тіл-көз, сақтайды, тағады, сән-салтанат, сәукеле, ине, қайшы.
 
САБАҚ БАРЫСЫ
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың басы Психологиялық ахуал қалыптастыру. Мұғалім «Көңіл күйді анықтау» тренингінің негізінде сабақ басында оқушыларға баспалдақтың суреті бар парағымен маркерлер таратады. Оқушылар парақта сабаққа деген өз көңіл күйін білдіру үшін  маркермен баспалдақтағы адамның сутерін бояйды. Бояп болған соң бір –біріне жақсы көңіл күй сыйлау үшін ортаға шығып шеңбер құрады. Бір-біріне жақсы лебіздерін білдіреді.

Оқушыларды екі топқа бөлемін. Оқушылар мұғалім үстелінде тұрған зергерлік бұйымдардың  бірін таңдайды. Қай оқушылардың зергерлік бұйымдары бірдей, солар өзара бірігеді.

«Миға шабуыл» әдісі. Оқушыларға таңдаған зергерлік бұйымдары бойынша сұрақтар қоямын. Олар өздері таңдаған әшекейлері туралы айтады.

Алдымен оқушылармен грамматиқалық тақырыпты қайталап өтеміз. Оқушыларды төрт жұпқа бөліп, әр жұпқа сөйлемнің бір түрі беріледі. Оқушылар ережесін айтып, мысал келтірулері керек.

Тапсырма. Жұппен төменде берілген төрт сөйлемнің (хабарлы, лепті, бұйрықты және сұраулы) бірін таңдап, ережесін айтып, мысал келтіреміз(дайындық 3 мин).

Сөздікпен жұмыс. Жаңа сөздерді мен айтамын, оқушылар қайталайды. Сөздерді орыс, ағылшын тілдеріне аударып, сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырады. Жаңа сөздермен оқушылар хабарлы, лепті, бұйрықты, сұраулы сөйлемдер құрастырадыоқушылар жеке жұмыс істейді).

Оқушылар өз-өздерін бағалайды. Мұғалім мадақтау арқылы оқушыларды бағалайды.

Тапсырма дескрипторы:

1.      Барлық оқушылар сөз тіркестерін құрастырады.

2.      Көптеген оқушылар сөйлем құрастырады.

3.      Кейбір оқушылар мәтін құрастырады.

Жаңа сөздер:

Әйел                женщина                     woman

Білезік             браслет                       bracelet

Сақина             кольцо                        ring

Тіл-көз             сглаз                           evil eye

Сақтайды        бережет                      take care of

Тағады             надевает                    put on

Сән-салтанат   торжество                 celebration

Сәукеле           национальный головной убор

Head c of bride

Ине                  иголка                        needle

Қайшы            ножницы                    scissov

флипчарт, маркерлер, А4 парақшалары
Сабақтың ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексия

 

 

 

Оқулықтағы  мәтінмен  жұмыс.

4-тапсырма. Мәтін бойынша екі топқа әртүрлі тапсырма беріледі. Бірінші топ мәтінді оқып, түсінгенін постерне түсірсе, екінші топ мәтін бойынша жоспар құрастырады, жоспар бойынша баяндайды (Екі топ бір-бірін бағалау парақшасы арқылы бағалайды).

Дескрипторлар.

1 топ.

1.     Берілген мәтін бойынша мазмұнды постер жасайды.

2.     Постерді безендіреді.

3.     Орфографиялық норманы сақтады.

4.     Барлық зергерлік бұйымдарды көрсетті.

5.     Кімнің сақина, білезік, сырға тағатынын көрсетті.

 

 

2топ. Мәтін бойынша әр абзацқа бір жоспардан 4 жоспар жоспар құр.

1.     Бір жоспар құрды.

2.     Екі жоспар құрды.

3.     Үш жоспар құрды.

4.     Төрт жоспар құрды.

5.     Грамматикалық қате жіберген жоқ.

 

5-Тапсырма. Мәтінді пайдаланып сұрақтарға жауап бер (мұғалім мадақтау арқылы оқушыларды бағалайды).

1.     Қазақ әйелдері мен қыз балалары қандай зергерлік әшекей бұйымдарды таққан?

2.     Шеберлер зергерлік бұйымдарды неден жасаған?

3.     Білезікті қыз бала неше жасынан таққан?

4.     Әшекейді қандай мақсатпен таққан?

 

«Журналист» әдісі. Оқушылар Зергерлік бұйымдардың жасалуы туралы бейнефильм көреді. Бірінші рет бейне фильмді мұқият тыңдайды, екінші рет тірек сөздерді жазып алады.  Тірек сөздердің көмегімен бейнефильмді баяндайды.

Тапсырма. Бейнефильмді мұқият қара, тыңда. Сырғаның жасалуына қатысты тірек сөздерді жаз. Бейнефильмді баянда.

Дескрипторы:

1.     Бейнефильмді тыңдады.

2.     Тірек сөздерді жазады.

3.     Сөз тіркестерін құрды.

4.     Сйлемдер құрастырды.

5.     Бейнефильмнің мазмұнын баяндайтын мәтін құрды.

 

Сабақтың қорытындысы .«Сұрақ ілмегі»әдісі арқылы  шеңберде тұрып бір-біріне сұрақтар қойып, білімдерін толықтырады.

( Сабақ барысында оқу мақсатына қол жеткізілді ме? Оқу мақсатына қол жетпеудің себебі неде? Бүгін оқушылар не біліп, не үйренді? Сыныптағы психологиялық ахуал қандай болды? Жоспардан ауытқу болды ма? Себебі неде? Жоспарланған саралаушаралары тиімдіболды ма?Уақыт дұрыс пайдаланылды ма?Жоспарыма қандай түзетулер

енгіздім.  Не себепті?)

 

Сабақ соңында оқушылар баспалдақта өздерін белгілеу арқылы кері байланыс жасады.

 

Үйге тапсырма. 107 бет 6 –тапсырма.

фломастерлер, маркерлер, флипчарт,

бейнефильм

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *