Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Ораз Зейнегуль Кудайбергенкызы

Қазақ тілі

4сынып

Күні:
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты:
Оқушылар аса маңызды мемлекеттік белгілер– рәміздер жөніндегі білімдерін толықтыру, өткен сабақты жаңа сабақпен ұштастыру, септік жалғауларын қайталау, тақырып бойынша белсенді сөздік қорды меңгерту.
2. Дамытушылық мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру, ой өрісін кеңейту. Ойлау, сөйлеу қаблеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік мақсаты: Отанды сүюге, рәміздерін құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың әдісі: түсінік беру, сөздік сұрақ-жауап, жаттығу, көрнекілік, «Кубизм», «Қызығушылығын ояту» стратегиялары
Сабақтың көрнекілігі:презентация, үнтаспа, карточка
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, тарих, география, музыка

 

Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, сабаққа даярлау
— Сәлеметсіздер ме!

Көтеріңкі көңіл-күй орнату үшін «Мен елімді сүйемін» тренингін орындаймыз («Қызығушылығын ояту» стратегиясы)

  • Егер сенің досың болса, көршіңнің басын сипа;
  • Егер сенің үйіңде мысық болса, өз басыңды сипа;
  • Егер сен, иттерді жақсы көрсең, көршіңді құшақта;
  • Егер сен құстарды жақсы көрсең, қолыңды созып, құстарша қанат қақ;
  • Егер сен өз мектебіңді жақсы көрсең, аяғыңды топырлат;
  • Егер сендер Отанымызды жақсы көрсеңдер, алақандарыңды соғыңдар!

Рақмет!

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері».

Сабағымыздың мақсаты –мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін толықтыру, септік жалғауларын қайталау, тақырып бойынша сөздік қорды меңгеру.

Жаңа сабақты бастамас бұрын өткен тақырыпқа көз жүгіртіп өтейік. Өткен тақырыпта біз Сіздермен «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбын өткен болатынбыз. Сол себептен қазір «Кубизм» стратегиясыбойынша сұраққа жауап берулеріңізді сұраймын.

  1. Қазақстан қандай мемлекет?
    Қазақстан – тәуелсіз мемлекет.
  2. «Тәуелсіз» сөзі қандай мағына береді?

«Тәуелсіз» сөзі «еркін» деген мағына береді.
3. Қазақстан Республикасының президенті кім?
Қазақстан Республикасының президенті –  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
4. Қазақстанның астанасы қай қала?
Қазақстанның астанасы – Астана қаласы.
5. Қазақстанның мемлекеттік рәміздер күні қашан?

Қазақстанның мемлекеттік рәміздер күні – 4 маусым.
6. Қазақстан Республикасының рәміздеріне нелер жатады?
Қазақстан Республикасының рәміздеріне Ту, Елтаңба, Әнұран жатады.
II Жаңа сабақ

Қазір біз мәтінмен жұмыс істейміз. Алдымен мәтінде кездесетін жаңа сөздермен танысып, сөздік дәптеріне жазып алайық.

Жаңа сөздер

Бірлік – единство

Тұтастық – целостность

Белгі – знак

Мөр – печать

Салтанатты – торжественный

(Жаңа сөздерді сөздік дәптерлеріне жазып алады)

 

1-тапсырма. Мәтінді оқып, аудару.
1992 жылы 4 маусымда мемлекеттік рәміздер қабылданды. Мемлекеттік рәміздерге ту, елтаңба, әнұран жатады. 4 маусым – ҚР мемлекеттік рәміздер күні.

Ту –бірліктің, тұтастықтың белгісі. Тудың авторы – суретші Шәкен Ниязбеков.

Елтаңба – мемлекеттік мөрлерде, ақшаларда бейнеленген ажырату белгісі. Елтаңбаның авторлары – Жандарбек Мәлібеков, Шот Аман Уәлиханов.

Гимн – өлеңге жазылған салтанатты ән. Әнұранның авторлары – Жұмекен Нәжімиденов, Нұрсұлтан Назарбаев, Шәмші Қалдаяқов.

 

Сергіту сәті («Не жоқ?» ойыны)

Дәптермен жұмыс

Карточка бойынша қайталау жұмысы

Мемлекеттің, Қазақстанға, елтаңбада, Уәлихановпен, Көкшетаудан, туды, рәмізге

2-тапсырма. Мәтінді оқып, тиісті септік жалғауларын қойып жазыңыздар.

Елтаңба (-нің/-ның) ортасы (-нда/-нде) шаңырақ бейнеленген. Шаңырақ (-ты/-ті) айнала уықтар күн сәулесіндей жарқырайды. Оның екі жағы (-нан/-нен) қанатты пырақтар көмкерген. Елтаңба (-ның/-нің) жоғарғы жағы (-нда/-нде) жұлдыз орналасқан, ал төменгі жағы (-нда/-нде) “Қазақстан” деген жазу бар. Елтаңба

(-ның/-нің) авторлары – Шот Аман Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков.

 

3-тапсырма. Әнді тыңдай отырып, толықтырыңдар.

Алтын күн аспаны,

………………………….

Ерліктің дастаны,

………………………….

Ежелден ер деген,

…………………………

Намысынбермеген,

……………………………

Меніңелім, меніңелім,

……………………………..

Жырыңболыптөгілемін, елім!

……………………………..

 

ІІІҚорыту

ҚазақстанРеспубликасыныңрәміздерікүніқашан?

  • 4 маусым

Тудың авторы кім?

  • Шәкен Ниязбеков

Елтаңбаныңавторларыкімдер?

  • Жандарбек Мәлібеков, Шот Аман Уәлиханов

Әнұранныңавторларыкімдер?

  • Жұмекен Нәжімиденов, Нұрсұлтан Назарбаев, Шәмші Қалдаяқов

 

ІҮ Рефлексия

«КҮНШУАҚ»

Тақтада күннің бейнесі жапсырылған, балаларға сары және көк түсті күн шашақтары  үлестіріледі. Күн шашақтарын күнге жапсыру керек: сары түс – маған сабақ өте ұнады, көптеген қызықты ақпараттар алдым, көк түс – сабақ қызықсыз, ешқандай танымдық ақпарат ала алмадым – дегенді білдіреді.

ҮСабақты бекіту

Сіздер бүгінгі сабақтан кейін Қазақстан Республикасының рәміздері туралы көп мәлімет алдыңдар деп ойлаймын. Келесі сабақтарда әр рәмізге жекеше тоқталатын боламыз. Келешекте Қазақстан Республикасының патриоты болып, Қазақстанда тұратынымызды, Қазақстан Республикасының рәміздерін мақтан ететіндеріңе сенімдімін.

ҮІ Үйге тапсырма:Ту туралы өлең жаттау

ҮІІ Бағалау

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *