Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында «Физика» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсына менің ой-толғауым

Белдебекова Айзада

Мен жыл сайын өз біліктілігімді арттырып, курста оқыған-түйгендерімді ұжымдағы әріптестеріммен бөлісіп, дәріс беріп, оны оқу үдерісінде пайдаланып келемін. Сабақ беретін информатика және физика пәндерінен жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша курстарын оқыдым. Бұл курс маған жеңіл өтті десемде болады. Себебі осы үстіміздегі жылдың 17-28 сәуір аралығында «Информатика» пәнінен  курстан өтіп, сертификатталған болатынмын.

Ал енді, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының 2017 жылдың 5-16 маусым аралығында «Физика» пәнінен курсында оқыдым.

Курсты «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Прмағамбетова Гүлшат Алпысбаевна жүргізді.

Алдымен қатар отырған мұғалімдермен «Танысу» сергітуі жүрді. Мұнда бір-бірімізді алмасып таныстырып өттік. Осы арада Гүлшат Алпысбаевна «Тиімді оқыту және оқу тәсілдерінің» «Сегіз тәсілін»:

1) Белсенді оуқ;

2) Бірлескен оқу;

3) Саралау;

4) Пәнаралық байланыс;

5) Оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру;

6) Оқу әңгімелері;

7) Электрондық оқу және жаңа технологияларды пайдалану;

8) Модельдеу;

жұптастырып жұмыс істете отырып, бұл тәсілдерді таныстырылымдағы суреттермен сәйкестендіртіп біздің қолданып жүрген тәілдерімізге түсінік берді.

Одан кейін Қазақстандық қоғамның барша қазақстандықтарды біріктіретін, қоғамдық келісімнің негізін қалайтын басты «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының негіздемесі жеті негізгі мемлекет құраушысы жалпыұлттық құндылықтары:

1) Қазақстанның Тәуелсіздігі және Астана;

2) Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім;

3) Зайырлы қоғам және жоғары руханият;

4) Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу;

5) Жалпыға бірдей еңбек қоғамы;

6) Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы;

7) Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы;

оқу-тәрбие жұмысының барлық түрлері арқылы кешенді түрде жүзеге асырылатынын талдап атап өтті.

Тыңдаушыларға жеткілікті ресурстар, яғни, «Мұғалімге арналған нұсқаулық (МАН)», ««Өрлеу» БАҰО АҚ курстарының тыңдаушыларына арналған «Физика» 7-сынып «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Педагогикалық өлшеулер орталығы құрастырған «Қалыптастырушы бағалау бойынша тапсырмалар жинағы және жиынтық бағалау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар»», «Жоба «Физика» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында) Негізгі орта білім беру (7-9 сыныптар)»,  «Үлестірме материалдар» берілді.

Курс барысында жаңартылған білім беру бағдарламасының түйінді идеяларын түсініп, тың тәсілдерімен таныстық. Топтық жұмыста жақсы нәтижелерге қол жеткіздік. Нәтижесінде «Топтастыру», «Ойлан, жұптас, бөліс», «Ақпаратты жаңғырту», «Сұрақ-жауап», «Өз миыңды сал», «Стоп-сұрақ» стратегияларын тиімді қолдану арқылы бағдарламаның түйінді идеясын Гүлшат Алпысбаевна біздің санамызға сіңіре білді.

Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламаларында оқушылардың бойында қалыптастыру қажет құндылықтар(шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау; қарым-қатынс жасау қабілеті; өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау; жауапкершілік; денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету; өмір бойы оқуға дайын болу.) мен дағдылар(сын тұрғысынан ойлау; білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілеті; проблемаларды шешу қабілеті; ғылыми-зерттеу дағдылары; қарым-қатынас дағдылары(тілдік дағдыларды қоса алғанда); жеке және топпен жұмыс істей білу қабілеті; АКТ саласындағы дағдылар.) анықталған. (МАН, 8-бет.). Осы құндылықтар мен дағдыларды қысқа мерзімді жоспар жасауда пайдаландық.

Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне критериалды бағалау бойынша басшылыққа алынған Блум таксономиясы (қолданылатын етістіктерімен) жұмыс жасатты.

Сараланған оқу мақсатынан-бағалау критерийі жасалады, одан тапсырмалар құрастырылады.Тапсырмадан-дискриптор жасалатынын білдік.

«Физика» пәні бойынша оқу бағдарламасына негіз болған маңызды қағидат білім беру бағдарламасының спиральділік қағидаты болып табылады. Спиральді білім беру бағдарламасы қарапайым идеялардан анағұрлым күрделі идеяларға қисынды жолмен ауысуға мүмкіндік береді. Оқушыларды межелеген оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін бұрын алған білімдерін қолдануға жетелейді.

«Физика» пәнін оқытуда пәннің өзіндік тілдік стилі бар, оны нақты пәннің «академиялық тілі» деп атайды. Академиялық тіл пән мазмұнын меңгеру, ойлау және осы пәнде қолданылатын ұғымдармен жұмыс істеу қабілетін жақсартуға арналған басты құрал болып табылады. Физика сабағында оқу мақсаттарының басым бөлігі мазмұнға бағытталғанымен, кемінде біреуі тілді дамытуға бағытталуы керек екенін білдім. Академиялық тілді үйрену үшін тілдік мақсаттар маңызды құрал болып табылады. Мұғалімдерге жеңіл болатыны тілдік мақсат оқу жоспарының әр бөлімінде көрсетілген.

Жалпы курс туралы айтар болсам, тыңдаушылардың бойында тілдік дағдыларын қалыптастыру, оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру мен инновациялық технологияларды меңгеріп, оны тиімді қолдану екенін білдік. Курста сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың тәсілдерін, сыни ойлауды оқу және жазу арқылы дамытудың стратегияларын, жобалау әдісін, өз пікірін жазбаша рәсімдеу (мақала, эссе, комментарий беру және т.б.) әдіс-тәсілдерін қолдандық. Курстан аларымыз көп болды. Уақыт шектеулі, тыңдаушылардың қызығушылықтары күннен күнге арта түсті. Бір-бірімізбен ой бөлісіп, тәжірибелер алмастық.

Жаңа 2017-2018 оқу жылында дамыған елдердің жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс жасаймыз. Елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының білім деңгейімен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі заман талабына сәйкес дамуда. Қарқынды дамытқан бұл үрдістің жалпы білім беретін мектептерге белсенді түрде енгізіле бастауы көңілді қуантады. Курстың маңыздылығы осында. Курс аясында айтылған міндеттер мен мәселелер өз шешімін тапты. Міндетіміз ауыр, мақсатымыз айқын, жоспарымыз жүйелі. Отандық білім беру саласында әлемдік тәжірибедегі алдыңғы қатарлы идеяларды басшылыққа ала отырып, жаңаша ойлай алатын білікті мұғалімдер қатарын көбейтсек, жақсы нәтижеге жеттік деп білеміз.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *