«Көкөністер мен жемістер»

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы:Коммуникация.Таным.
Ұйымдастырылған оқу қызметі:Сөйлеуді дамыту,жапсыру.
Тақырыбы: «Көкөністер мен жемістер»
Мақсаты:
Білімділігі:Балаларға көкөністер, жемістер туралы түсінікті бекіту. Оларды дидактикалық ойындар арқылы сипаттап айтуды дамыту. Сөздік қорын молайту, сөз тіркестерін үйрету.
Дамытушылығы:Балалардың шапшаң ойлап, заттардың пішіндерін, олардың
түр – түсін, көлемін ажырата білуге,ойлау,көріп тану,
зейінін,есте сақтау қабілеттерін ойын арқылы дамыту,

Тәрбиелілігі:ұйымшылдыққа, тапқырлыққа бір-біріне деген достық қарым-
қатынасқа,көмекке келуге тәрбиелеу.

Әдіс — тәсілі:Түсіндіру,көрсету, сұрақ – жауап, сергіту сәті. Қызықты сәт; «Қызыл телпек» келеді.

Көрнекілігі:Интербелсенді тақта, А3 форматтағы жеміс, көкөністердің суреттері,үлестірмелі көкөніс,жемістердің суреттері, мольберт тақта.

Сөздік жұмыс: тәтті,көкөніс, жеміс.

Билингвальды компонент:.жеміс-фрукты, көкөніс-овощи,алма-яблоко-аррle, алмұрт-груша,қызыл-красный-red,сары-желтый-yellow,қызанақ-памидор- tomato,апильсин-orang.

Ұйымдастырушылық сәт
Тәрбиеші:Балаларды шеңбер жасауға шақырады.Балалар бүгін ерекше күн,бізге қонақтар келіп отыр.Олай болса қонақтармен сәлемдесейік. (Балалар амандасады).Жылулық шеңбері.
Алтын кілт атты бақшаның
Тәрбиелі баласы
Ең алдымен қонақпен
Амандасып алады.
Амандасу үлкенмен
Тәрбиенің басы ғой
Ал кәнекей бәріміз
Сәлем дейік үлкенге

Жарайсындар енді орнымызға отырамыз. -Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Қазір жылдың күз мезгілі.
-Күз мезгілінің неше айы бар?
-Күз мезгілінің 3 айы бар.Қыркүйек.Қазан.Қараша
-Күз мезгілінде ауа-райында қандай өзгерістер болады?
-Күз мезгілінде күн салқындайды.
-Күз мезгілінде ағаштардан жапырақтар сарғайып жерге түседі.
-Күз мезгілінде жаңбыр жауады.
-Күз мезгілінде құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
-Күз мезгілінде адамдар жылы киіне бастайды.
-Күз мезгілінде жемістер мен көкөністер піседі.
— Күз мезгілі туралы кім тақпақ біледі?
Қарашы күз келді, күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді, Мейіржан
Қара бұлт қабағын түйеді.

Көбейді құт*береке.
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке.
Алтын күзді тойлаймыз. Ранида

Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан — алуан жапырақ
Күзгі бақта күлім деп, А.Кәусар
Көз тартады атырап
Өте жақсы балалар.Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызыл дәу жатыр. \қызылша\

Әрі қызыл,әрі тәтті.
Татқан жанды танырқатты. «алма».
Бұларды бір ауыздан нелер деп атаймыз.Дұрыс жемістер мен көкөністер деп атаймыз.
Слайдпен жұмыс. «Не артық»дидактикалық ойын.
Көкөністер мен жемістер туралы кім тақпақ біледі?
Мен — алмамын, алмамын
Таңдай татар бал дәмім
Мына тәтті бал-дәмді Н.Кәусар
Дастарқандарыңа арнадым.

Мен шиемін, шиемін,
Күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар, Ариана
Төмен басты иемін.

Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып.
Тұрған ол мен- қызанақ, Раяна
Күнге қарап ұялып!

Сергіту сәті Слайд пен
Қызықты сәт; «Қызыл телпек» музыка әуенімен келеді
Тәрбиеші: Қызыл телпек сен не істеп жүрсін.Неге мұнайып келе жатырсын?
Қызыл телпек: Мен Әжеме дәрумендерге толы жемістер алып барайын деп едім.Бірақ мен жемістер мен көкөністерді ажырата алмай тұрмын.
Тәрбиеші::Қызыл телпек сен уайымдама, біздің балалар саған көмектеседі. Солайма балалар. Қызыл телпекке көмектесемізбе?
1. тапсырма:
Жемістер мен көкөністерді ажырат.
2. тапсырма:
жеміс пен көкөністерді жапсыру.
Балалар Қызыл телпекке көмектеседі,тапсырмаларды орындайды.

Қызыл телпек балаларға рахметін айтып қоштасып шығып кетеді. Кетер алдында сыйлыққа барлық балаға жеміс жидек береді.
Қорытынды.
Тәрбиеші:- Балалар бүгін бізге қонаққа кім келді?
— Біз немен таныстық?
— Жемістер қайда өседі?
— Көкөністер қайда өседі?
Мадақтау.
Жақсы балалар,бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар.Барлығыңа рахмет.Осымен ашық ұйымдастырылған оқу қызметіміз аяқталды.
«Жүректен-жүрекке»
Балдай тәті баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Көріскенше күн жақсы,
Сау болыңыз бәріңіз.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *