«Қадірлі сыйлық» жобасы

Дармағамбетова Үміт Қабиқызы

Атырау қаласы, №33 Қ.Қайсенов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп, кітапханашы

Мақсаты: Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын, ғылым мен білімінің пайдасы жөнінде түсіндіру. Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оны күтіп ұстауға тәрбиелеу.

12 қыркүйек күні мектебімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қадірлі сыйлық» атты жоба өткізілді.Жобаға қонақ ретінде Облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Дүйсекенова З.К облыстық әдістемелік  кабинеттің бас маманы Биманова Орынтай Молдашқызы және Атырау ақпарат арнасының және жастар саясаты орталығының мамандары қатыстырылды.Жоба  қонақтарын оқушылылар сап түзеп ,   М.Қойшыбаева атындағы музыкалық  орталығының оркестрімен мектеп ауласынан қарсы алды.Мектеп дәлізінде М.Мұқағали,Қ.Абай, Қ.Шәкәрім, Ж.Нажімеденов оқуларының жүлдегерлері: Лес Ақжүніс, Мұқашова Эланора,Сабанбаева Нұрай,Нариманова Гүлназ келген қонақтарға жыр әлемін тербеткен ақын жазушылардың өлең жолдарын арнап, қонақтарға сыйлық ретінде кітаптарын табыстады.

Президентіміздің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы таяу жылдардағы міндеттерінде «Туған жер» бағдарламасында қолға алуды көздейді. Туған жерге деген сүйіспеншілік туған елге — Қазақстанға деген сезімге ұласатынына сенімі мол. Соның айнасы ретінде мектебіміздің төрінен орын алған тарихи ескерткіштермен толы   мұражаймен таныстырлып, жалғасын дәліздегі Қасым Қайсеновтің «Ажал аузында» шығармасынан  алынған көрніс көрсетілді.

Елдің ертеңі жастар! Жастарымыздың өтіліп жатқан шара туралы ойын аңғару үшін жоғары сынып оқушыларымен жүздесу өткізілді.Барлық сыныпта «Қадірлі сыйлық»атты  жобасы аясында  барлық сыныптарда сынып сағаттары өткізілді.

Кітапханада  былтырғы оқу жылының үздік оқырманы анықталып 5 оқушы төсбелгімен марапатталып,жаңа бастамаға бастауыш, орта, жоғарғы буын оқушыларына кітаптар табысталып  тәлімгер ретінде  жас маман ұстаздар тағайындалды.Облыстық білім беру басқармасы атынан мектеп кітапханасынның қорын толықтыру мақсатында оқушыларға кітаптар табысталды.Ардагер ұстаздар үй кітапханаларынан өздері оқыған құнды кітаптарын өскелең ұрпаққа сыйлық ретінде тарту етті.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай: «Кітап оқитын адам, ғаламторда отыратын адамдарды билейді», — демекші уақытымызды бос,  құр еріншектікпен өткізгенше көп кітап оқып, рухани байлығымызды молайтайық !

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *