«Қадыр шығармаларын оқыту»

«Қадыр Мырза Әлидің жұмбақтары мен жаңылтпаштары»
Орыс мектебінде қазақ әдебиеті пәнінен 5 — сыныпқа «Қадыр Мырза Әлидің жұмбақтары мен жаңылтпаштары» атты сабақты енгізуді ұсынар едім.Бұл сабақты тренинг түрінде өткіземін.Оларды «Жұмбақтар» және «Жаңылтпаштар» тобы деп екіге бөліп,сабақтың ережесімен таныстырамын. Әр топ өздерінің
1) топ басшысын
2) уақыт есептеушісін
3) жазып отырушысын
4) көпшілікке таныстырушысын сайлау керек.Әр топтың топ басшысына топ мүшелерінің сабаққа қатысуын бақылап, сабақ соңында бағалауын тапсырамын.
1-бөлім.
Кіріспе бөлім. «Білгенге маржан, білмегенге арзан»
Әр топқа тапсырмалар таратамын.Олар өзара жұппен, топпен талқылайды.Ойлануға 5 минут уақыт беремін.
Тапсырмалар:
1 топқа Жаңылтпашты қалай түсінесіңдер?
2 топқа Жұмбақты қалай түсінесіңдер?
Ойын: «Орамал тастамақ»
2-бөлім.
Қадыр Мырза Әлидің жұмбақтарын топқа таратамын.Екі топ оқып шығып, бір-біріне жасырады. (10минут)
Дос үйіне түстің бе?-
Түгел соның ішінде (дастархан)
Қайнаған шілде де, оған суық,
Ыссыға төзбегенді тығам қуып. (тоңазытқыш)
Алдына бір нәрсе әкеп берсе, тегі
Оңын сол, солын оң ғып көрсетеді.(айна)
Теңіздей түбі терең,
Сүңгіген жетер әрең.(білім)
3- бөлім Шығармашылық
Сөз жазылған топшамалар таратамын.
1- топқа Түлкі, айна
2- топқа Кітап, бор
Әр топ өзіне түскен сөзге жұмбақ құрастырып немесе іс-қимылмен көрсету керек. Қарсы топ шешімін табу керек.Ойлануға 10 минут.
4-бөлім. «Кім жылдам?» Қадыр Мырза Әлидің жаңылтпаштарын оқимын. Топ басшылары жаңылмай,қайта айтып берулері керек.Топ бірін-бірі бағалайды.
Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім,-
Неше кіші ішік піштім?!
Жоғалды бес шыбыш,
Жоқ әлі еш сыбыс
Жоқ әлі еш сыбыс
Жоғалды бес шыбын.
Құрысын шу!
Құрысын шу!
Жетеді бір ішім су,
Бетіңнің шырышын жу!
5-бөлім Сабақты бекіту, қорыту.
— Тренинг сабақ ұнады ма?
6-бөлім Бағалау
Әр баланың сабаққа қатысуына қарай бағалап,жұмыстарын қорытындылап, мадақтау.Топ басшылары өз топтарының балаларын жазбаша түрде бағалап береді.Оқушылар толық бағаланады.
7-бөлім Үйге тапсырма
Әр топқа шағын кітапшалар жинақтап келу тапсырылады.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *