«Ғ» дыбысы және әріпі

Тлепбергенова Нұргүл Мінбаржанқызы

Мақсаты: Ғ дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Дидактикалық ойындар арқылы балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту. Балалардың ғ дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару, сөздік қорына мән беріп, байланыстыра сөйлеуге үйрету. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Көрнекі құралдар: кеспе әріптер мен буындар, жұлдыз, зымыран мен ғаламшарлардың суреттері, дидактикалық материалдар.
Жылулық шеңбері.
Бақыт деген-

Осы шаттық шеңбері

Қол ұстасып

Тұрайықшы , кел бері.

Бақыт деген-

Көрмей қалса сағынып,

Мені іздейтін

Адал жүрек сендегі.

Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жадырап,

Судай таза көңілмен,

Бүгінгі күнімізді бастайық

Әңгімелесу.
— Аспанда нелер болады, балалар?
— Дұрыс айтасыңдар, ал зымыран бізге не үшін қажет? Зымыранмен кімдер ұшады?

— Қазақстаннан алғаш ғарышқа ұшқан ғарышкерлер – Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев. Олар ғарышқа ұшып, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бұл кісілер біздің еліміздің мақтаныштары. Олар — ержүрек, батыр, халық қаһармандары.

— Сендер де ғарышқа ұшқыларың келе ме?

— Олай болса, «Жұлдызды қалашық» даярлықтан өтуіміз керек.

Жұмбақ:

Көп әріп ішінді-

Шалғы пішінде.

Тап мұны түсінде.(Ғ)

-Дұрыс таптыңдар, бұл «ғ» дыбысы. «Ғ» дыбысының дұрыс артикуляциясы мынадай:

Ерін ашылып, тілдің ұшы тілдің астыңғы түбіне тиеді. Тілдің үстіңгі жағы таңдайға тиеді. Дауыс шымылдығының дірілінен «ғ» дыбысы естіледі.

-Балалар, «ғ» дыбысын айтып көрейік.

-«Ғ» дыбысы-дауыссыз дыбыс, әндетіп созып айтуға келмейді.

-Дауыссыз дыбысты көк  белгілейміз .

-Ғ дыбысынан келетін сөздер айту.

-Қане кім «аға»  сөзін қима әріптер арқылы тақтаға жазып береді?

Тәрбиеші тақтаға қысқа буындар жазып балаларға оқытады:

 

ҒА,ҒҰ, ҒЫ, ҒО,ҒӘ.

— Өте жақсы, сендер берілген тапсырманы жақсы орындадыңдар.

Ал енді  «Аспан әлеміне-« ұшуға рұқсат берілді. 1-10 ға дейін сандарды тура және кері санайық.  (музыка ойналады).
— Ғарышқа да келдік. Аспан әлемінің біздерге даярлаған құпия тапсырмалары бар.
І — тапсырма. «Кім епті?» дидактикалық ойын

Дауысты ,дауыссыз дыбыстарды үйіне орналастыр.

ІІ — тапсырма. «Кім тапқыр?»дидактикалық ойын

Мақсаты:Берілген дыбыстың орнын таба білуге машықтандыру.Ойын барысында балаларды зейінді болуға дағдыландыру.Түстерді тез айырып,жылдамдыққа ,тапқырлыққа баулу.Достық қарым –қатынасты тәрбиелеу.

Ойын шарты:Тәрбиеші берілген дыбыстың сөздің басыңда ,ортасыңда, соңында келетіндігін айтады. Балалар зейін қойып тыңдап,егер өтілген дыбыс сөздің басында болса, көк дөңгелек,ортасында болса,жасыл дөңгелек,соңында болса,сары түсті дөңгелекті жоғары көтереді. Суретке қарай отырып, Ғалым, торғай, Ғалия,жаңғақ,таға, Ғани, балға  сөздеріне дыбыстық талдау жасау
Сергіту сәті: 

 ІІІ — тапсырма.  «Сөйлемді толықтыр». дидактикалық ойын
-Өзімнің үлкен бауырым ……….Аға

-Құлағыма таққаным…………….Сырға

-Қап-қара құс………….Қарға

-Ат тұяғындағы …….Таға

-Көйлекте бар……………Жаға

-Қолыма кием ……………Қолғап

-Шегені қағатын…………Балға

— Өте жақсы, сұрақтарға дұрыс жауап бердіңдер.

ІV — тапсырма. Тіл ұстарту жаттығуы: Ға — ға — ға
Атқа тақты таға.
V — тапсырма.

ә) «Артығын тауып қорша» дидактикалық ойын .Берілген суретке қарап Ғдыбысы бар суретті қорша .

VІ — тапсырма. .
— Барлық тапсырманы жақсы орындадық, енді балабақшамызға қайтуға жиналайық. Қане бәріміз бірге санайық: 1-10тура және кері санаймыз . музыка қосу
— Балалар, сендердің білімдеріңнің арқасында, бүгінгі ғарышқа сапарымыз сәтті аяқталды. Сендерге көп — көп рахмет.

Оқу қызметін  қорытындылау.
— Балалар, бүгін біз қайда саяхатқа шықтық?
— Қандай дыбыспен таныстық?
— Ғ дыбысы қандай дыбыс екен?
— Ғ дыбысына сөз ойлаңдар.
Балаларды мадақтау.

 

 

 

 

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі:жұмбақ шешуді, сөз ойлап айтуды, қима әріптермен сөздер жазуды, жаңылтпаш жаттап алуды, сөздерді буынға бөлуді.

Игереді: буынға бөлуді оны сызба түрінде көрсетуді.

Меңгереді: «ғ» дыбысы бар сөздерге мысалдар келтіре білу, оқу кеспе әріптермен сөз құрастыру дағдыларын.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *