Ғажайыптар әлемі

Ибадилдаева Айман

Мақсаты: Балаларды күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру. Балалардың талабын арттыра отырып, көкөністер мен жемістерді ажыратып білуге білімдерін дамыту.Мүсіндеу әдістерін пысықтау қол қимылын дамыту. Ермексаздың түсіне қарай еркін қолдану арқылы көкөніс-жемістердің мүсінін жасауды үйрету.
Өтілетін күні: 02.02 2018ж
Көрнекілігі: Күзгі бақ көрінісі. Күз және жеміс-көкөніс суреттері.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, таныстыру, сұрақ -жауап

Оқу әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мотивациялық қозғаушы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Іздену- ұйымдастырушы
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексивті коррекциялау

Балалар, бізде бүгін ерекше күн.

— Біздің оқу іс-әрекетті көруге көптеген қонақтар келді. Келген қонақтарға сәлемімізді жолдайық:

 

Ия балалар, әрбір арайлап атқан таңымызға, келген жаңа күнімізге қуанайық.

Онда барлығымыз бірге келген қонақтарға қуанышымызды білдірейік.

-деп оқу іс-әрекетімізді бастайық.

Бүгін аптаның нешінші күні?

Жылдың қай мезгілі?

Күз мезгілінде неше ай бар?

Айларын атаңдар.

Күз мезгілі екенін қалай білеміз?
-Дұрыс айттыңдар.

-Балалар, біз күз мезгілі туралы тақпақ білеміз бе?

Қанекей кім айтады?

Ғажайып сәт:

Көңілді әуенмен, күз кіреді.
Сары жібек көйлегімді

желбіретіп,

Жапырағын ағаштың

селбіретіп.

Тойға бөлеп елімді

«Күз» боп келдім

Нұр тамшысын аспанның

мөлдіретіп.

Балалар, біз де күзге тақпақ айтып берейік.
-Рахмет балалар!

— Мен сендерге ойын алып келдім.

— Жарайсыңдар балалар!

Дәмін татып қай жеміс екенін тез және тура таптыңдар.

 

Сергіту жаттығуы.

Ойын: «Ғажайып қоржын».

мақсаты: қоржыннан алған жеміс-көкөністерді атау.

Алма – домалақ, түсі қызыл, сары, жасыл, дәмі тәтті.

Қияр – сопақша, түсі жасыл.

Сәбіз – түсі қызыл-сары, өте дәмді.

Анар – домалақ, дәмі қышқыл-тәтті.

Барлық көкөніс пен жемістер дәруменге бай.

Алма мен қиярдың мүсінін жасалу тәсілін балаларға көрсетіп,оларды екі орталыққа бөлу:

I – Жемістер орталығы.

мақсаты: алманың мүсінін алақан арасында ермексаздан жасау.
II – Көкөністер орталығы.

мақсаты: қиярдың мүсінін алақан арасында ермексаздан жасау.

Қонаққа кім келді?

Қандай жеміс пен көкөністің мүсінін жасадық?

Ұйымдастырылған оқу іс-ірекетінберілген тақырыпта сұрақ-жауап арқылы қортындылау, балаларды мақтау.

Күннің көзі ашылды,

Көкке шуақ шашылды.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Ал қанекей бәріміз!

Сәлем дейік үлкенге

Сәлеметсіздер ме Апайлар!!!
Бізбен бірге бар әлем

Қуанады балаша.

Қуанышқа бөленген

Өмір қандай тамаша!

Балалар сұрақтарға толық және нақты жауап береді.
Ағаштардан сары, қызыл, қоңыр жапырақтар ұшып жерге түседі.

Ауа-райы суық болады. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.Жылы киінеміз

 

Ел егінді жинайды,

Қырманға дән сыймайды.

Біздің дала бай дала,

Алтын астық айнала.
Аружан:

Түсіп жатыр аулада

Ағаштардан жапырақ.

Алтын күзім келді ма?

Сарғайыпты жапырақ.

Жемісті мол теретін

«Күз» дос екен біздермен

Бәрін тауып беретін,

Жомарт екен «Күз» деген!

Ойын: «Дәміне қарай тап!»

Орнымыздан тұрамыз,

Бау-бақшаға барамыз.

Алма теріп аламыз,

Жүзім теріп аламыз.

Сәбіз, қияр тереміз,

Бәрін себетке саламыз,

Тобымызға келеміз,

Қолымызды жуамыз.

Орнымызды табамыз.

Балалар сергіту сәтін іс-қимылмен жасайды.

Алма,қияр,сәбіз, анар.

«Шебер қолдар» тақырыбында балалардың жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастыру.

Күз келді!

Алма, қияр.

Балалар өзінің іс-әрекетін әңгімелейді, мүсіндеген жұмысына баға береді.

Күтілетін нәтижелер:

Түсінуі керек: Күз мезгілінде барлық жеміс, көкөністер пісіп, жиын-терім

болатынын түсіне білді.

Жасай алады: Балалар өз бетімен іс-әрекет жасап, алма мен қиярдың

мүсінін жасауды меңгере білді.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *