эссе

Менің педагогикалық ұстанымым
Молдаспанова Айдынгүл Болатжанқызы
Тамос Эдьюкейшн физика-математикалық
мектептің,бастауыш сынып мұғалімі
Мен бақытты адаммын ба? Бақытыма қол жеткізе алдым ба? деген сұрақ қоям.Менің тамаша,ақылды ұлдарым бар,сүйікті жұмысым бар.Жұмысым –мектеп.Мектеп-менің өмірім.Мектепсіз мен өмірімді көз алдыма елестете де алмаймын.
Ұстаздақ жүрегімен сезінген адамға ұстаз – киелі мамандық.Жердің жүзін мекендеген халықтардың көбісі ерте кезден-ақ жеті санын да киелі,қасиетті деген екен. Соған орай мен өз педагогикалық философиямды осы жеті санымен байланыстырғым келеді.
1.Білім
Әр мамандықтың қызығы мен қиындығы қатар жүреді. Мұғалімнің жұмысы күрделі екендігі баршаға аян.Бүгінгі сабақты өткізген соң,ертеңгі сабаққа тың ой,идея,өзгеше әдіс-тәсілмен келу керек.Қазіргі ақпараттық технологияның,компьютердің үлкен орын алып тұрған уақытта мұғалім жұмысынан да үлкен ізденісті талап етеді.
2.Өз мамандығым жайлы ойлана отырып, мен өзімнің педагогикалық жұмысымның мәнін аша алатын сөздер іздедім: педагог тәуліктің 24 сағатында педагог болуы тиіс, себебі ол — өмірдің мәні. Бір күнде тек 5 сабақ қана мұғалім болып, одан кейін мұғалім бетпердесін лақтырып тастап, босаңсуға болмайды.
3.Педагог тұлғасы тәрбие беру құралы болуы керек. Педагог оқушылар алдында өзін-өзі жетілдіре білуі керек. «Ақша жоғалтсаң – ештеңеңді жоғалтпайсың, уақытыңды жоғалтсаң – көп нәрсеңді жоғалтасың, досыңды жоғалтсаң – көп нәрсеңді жоғалтасың, өзіңді жоғалтсаң — бәрін жоғалтасың» деп неміс мақалы дұрыс айтылған. Осыған орай, менің өмірлік қағидам – ешқашан өз қадір-қасиетімді жоғалтпау, әрқашан тек шыншыл, адал, өз ісіне берілген тұлға болып қалу».
4. Мұғалім нәзік психолог болу қажет. Қарым-қатынас принциптерін дұрыс сақтай білу, үнемі жылы шырай таныту, үнемі мадақтап отыру, ынтымақтастықты ұстану.
5. Мұғалім-тәрбиеші. Адамзат тарихында Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр Әл-Фарабидің «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, өміріне апат әкеледі»деген екен.
6. Оқу мен тәрбиелеу үрдісінің бірлігі қажет.
Бұл, орайда, оқушыларды біліммен қатар өнегелі адам болып өсіруге тәрбиелеу. Осы негізде нәтижені шеше алатын балалар өз пікірін, өз шешімін, өз сезімдерін батыл айтуға үйренеді. Оқушыға шамадан тыс ұрсу, қаталдық көрсету, зеку, тіпті жазалау атымен болмау керек. Мұның бәрі балалардың еркін адамзат болып қалыптасуын тежейтін құбылыстар.
7. Мұғалім – білімпаз. Заңғар жазушымыз Мұхтар Әуезов ˮ̋̋Халықты халықпен адамды адаммен тенестіретін — білім ˮ деп атап көрсеткендей, мемлекетіміздің егемендігі мен гүлденуі баянды болуы үшін
мектептің философилық тамыры тереңдеген, міндеттер жиынтығы молайған тұсында заман талабына сай ұстаздар да өте білімді, өз пәнінің шебері болуы қажет деп санаймын.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *