Эссе тақырыбы: «Алаш қозғалысына 100 жыл»

Тасымбекова Майя Жумагаликызы

 «Ұлы тұлғаларын білмейінше бірде-бір дәуірді дұрыстап тану мүмкін емес. Адам тарихының айнасынан біз тарих көшінің жүрісін ғана аңдап қоймаймыз, оның рухын, тынысын сезінеміз. Алаштың басты мақсаты қазақ қоғамын бірте-бірте өзгертіп, заманға бейімдеу еді. Алаш орыстары бізге мемлекеттік идеясын ту етіп көтеруді табыстап кетті.Тарихтың қай кезеңінде болсын,олар өз ұлтының бетке ұстар мақтанышы болып келген.»

Н.Ә.Назарбаев

«Алаш»-осы төрт ақ әріптен құралған мазмұны терең елеулі сөз былай қарасаң айтуға оңай. Алайда осы сөздің астарында, қисапсыз қасіреттер, ұлты үшін құрбан болған қазақ зиялыларының қиын тағдырлары, қазақ халқының тарихы жатыр.

Ия «Алаш» сөзі-киелі ұғым.

Алаш-Қазақстанның «Мәңгілік ел» ел мұратын саясат пен руханият тұрғысынан айқындаған, айшықтаған кезең атауы.

Алаш – Қазақ елінің мемлекет құру тәжірибесі мен мемлекетшілік мүддесінің үзілмеген арқауы.

Алаш –Тәуелсіздік жылдары Қазақстан Республикасының батыл да бастамашыл білік пен парасат, білім мен жауапкершілік тарихына қараған айнасы.

Алаш XX ғасырдағы қазақ халқының ұраны. XXғасыр өте қиын кезең еді. Қазақ зиялылары XX ғасырдың табалдырығында тұрып-ақ туған халқының басына кигізілген бодандық ноқтасының уақыт өткен сайын тарылып бара жатқанын жан дүниесімен сезініп, қайткенде де одан құтылуға болады деген сұрақ іздеді.Сайып келгенде олар ұлттық болмысқа негізделген халықтың руханият пен өмір сүру саласының ғасырлар бойғы қалыптасып, сыннан өткен түрлерінің бодандық шылауынан соң бірте-бірте әлсіреп, жойыларын жақсы білді.Оған жетпеудің жолы немесе қазақтың ұлт, халық ретінде аман қалуы үшін міндетті түрде рух биіктігі керек.Ұлттық рух ұлттық сананы оятады, қажымас қайрат пен асқақ зияткерлікті білдіреді. Ал осылардың бәрін ұйыстырып, ұйымдастыратын белгілі бір құрылым қажет еді. Міне, осындай өмір қажеттілігіне орай, қоғамдық, тарихи қажеттіліктер негізіне Алашорда қозғалысы, Алашорда партиясы, сәл кейінірек Алашорда үкіметі дүниеге келді.

Алаш қозғалысы тарихын бірнеше кезеңдерге бөліп қарасам:

1.1917жыл большевиктік қызыл терор жылдарындағы алаш қозғалыстары жылдары.

2.1925-1933 жылдары Алаштықтарға қарсы Голощекиндік репрессия басталған жыл.

  1. 1933жылдан кейін үлкен террор жылдардағы алаш қозғалысының қайраткерлері үлкен репрессияға ұшыраған жылдары.

1917 жылға тоқталсақ бұл жыл қазақ қоғамында аса күрделі саяси әлеуметтік жағдайды қазақ халқы басынан кешірген жыл. Міне осындай жағдайда қозғалыстың басында ұлтымыздың қайраткерлері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, М.Шоқай, М.Тынышбаев, Ж.Ақбаев, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов сияқты алдыңғы қатарлы қазақ зиялылары болды.Олар Ресейдің Санк-Петербург, Мәскеу сияқты орталық қалаларында оқыған, өз заманына сәйкес жоғары білім алған, озық ойлы қайраткерлер еді.Олар өздерінің білім деңгейі мен саяси белсенділігі, ұлтшылдық қуаты мен халықшыл қасиеті, рухани парасаттылығы мен азаматтық пайымдылығы жағынан Қазақстандағы кеңес өкіметін құрушылардан әлдеқайда алда болды.Ұлттық автономия жариялаудан басқа жол жоқ, саяси тұрақсыздық жағдайында тек біртұтас ұлттық мемлекеттік құрылым ғана қазақ елін азаптан құтқарып, бостандық жолына алып-шығамыз деген тұжырымға келді.

Осы кезеңде Ә.Бөкейханов бастаған бүкіл алаш зиялылары жиналып Алаш партиясын құрған болатын.Орынборда бүкіл халықтық I съезд өткізіліп,онда Алаш партиясының 10 жобасын талқылап мемлекеттік деңгейді мемлекеттің тілін, дінін,жер мәселесі яғни бір сөзбен айтқанда қазақ халқының ұлттық мәдениетін әлемдік деңгейге көтеру жоспарланды. Олар қасық қандары қалғанша ұлттық тәуелсіздік жолында, адами жолында сол үшін бастарын тасқа да, тауға да соқты. Осы бір кері заманда елім деген қазақ зиялыларының әр қайсысының жүрегінің төрінде ат басындай жер байлаулы еді. Атақты С. Датұлымен басталып К.Қасымұлының ұлы бұлғағымен саябырсыған қазақтың үш жүзден астам ұлт-азаттық көтерілісі, Ресейден ағылып келіп жатқан қарашекпінділердің тасқынын тоқтата алмаған болатын. Қазақтың ең шұрайлы 45 млн десятина жеріне 1,5 млн орыс шаруаларының қоныстануы халық наразылығын одан сайын күшейтіп жіберді. Сондықтан қазақ зиялыларын шықсақ бір төбеде,өлсек бір шұңқырда болайық деп серт болуға итермелеген бір һәм бірінші мәселе осы еді.Ұлтымыздың белгілі қамқорлары Әлихан, Ахмет, Міржақыптардан басқа да, мысалы, Ғалиахмет Арынғазиев,Воронежде оқып жүргенде ұсталып айдалған Сахыпкерей Арғыншиев, елге үндеу таратқаны үшін айдалған Сүйінішқали Айшуақов және патшаның қуғынында болған адамдар да болды. Бұлардың бастарын біріктірген партия жоқ еді,әрқайсысы өз бетінше әрекет жасап жүрді.Сондай ауыр жағдайда қазақтың жоғын жоқтап патша үкіметіне қарсы бас көтерген қазақ азаматтарының іс-әрекеттерін ұлт азаттығы үшін күрес деп қарамағанда, не дейміз? Кейбіреулер:олар халықты соңына ерте алмады дер. Басым көпшілігі сауатсыз, қараңғыда бұйығып жаткан ел бұларға бірден қайдан ере қойсын? Соның үшінде Ахаң ұйықтап жатқан елді оятар ма екен деп ызыңдатып «Масасын» ұшырды. Міржақып «Оян қазақ !» деп ұран салды. Сұлтанмахмүт  Торайғыров қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуға тырысты.Әлихан Бөкейханов орыс газеттеріне қазақ жерін қалай болса солай тартып алып жатқан, қазақтарды шоқындыруды көздеген патша саясатына қарсы мақалалар жазды. Алаш қозғалысы жетекшілерінің ішінде тұңғыш ұлттық «Алашорда» Үкіметінің басшысы Әлихан Бөкейханның орны бөлек.Ол өз заманының өзекті де өткір сұрақтарына жауап беріп, ұлтының тағдыры тығырыққа тірелгенде,содан шығар жолды сілтей алды. Ғұлама ғалым патша өкіметі құлап, Ақпан революциясы жеңгеннен кейін-ақ «Біздің ұранымыз — демократиялық республика» деп ашық айтып, парламенттік демократияны дамытудың үлкен нәтиже беретініне сеніммен қарады. Ол қазақтың ұлттық ерекшеліктерін сақтай және сана-сезімін оята отырып, Ресей мен Еуропаны озық мәдениетіне жеткізу қазақ қоғамын ортағасырлық әлеуметтік- экономикалық мешеуліктен алып шығатын батыстың буржуазиялық қатынас жолын қолдады. Міне, биыл қазақ халқының сан мың жылдар бойы армандаған қол жетпес бақыты — тәуелсіздік туының көгімізде желбіреп тұрғанына жиырма бес жылдан астам уақыт өтсе, Алаш қозғалысына 100 жыл толып отыр. Қазақ елі өз тәуелсіздігінің арайлы ақ таңын жиырма бесінші жыл қарсы алған болатын.Әрине ширек ғасыр, дегенмен аз уақыт болса да біздің бағындырған белестеріміз бен орындаған арман мақсаттарымыз әлем таңғалардай. Біз үшін ата-бабаларымыздың жанымен келген киелі тәуелсіздік мерекесі айтулы күн. Әрине бұл айтулы күн оңайлықпен келген жоқ.  Өткен ғасырдың басында жеке ел, мемлекет боламыз деген Алаш зиялылары аңсаған армандарына жете алмай арманда кетті. Алаш зиялылары тұңғыш ұлттық идея көтеріп, тұңғыш партия, үкімет құрып мемлекеттіліктің алғы шартын жасап кетті. А.Байтұрсынов – қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсаған адам. Осы талапты жүзеге асыру үшін А.Байтұрсынов қазақша сауат ашатын тұңғыш әліппе құралын жазды. Ол «Оқу құралы» деген атпен тұңғыш рет 1912 жылы Орынборда шығарылса, 1925 жылы Орынборда 7 рет қайта басылады.

Ал 1926 жылы «Әліппенің» жаңатүрінжазыпұсынады, бұлсуреттерменберілгеноқулық. 1926 жылыҚызылорда Ташкент баспаларыбірігіпшығарған. ҚазақтілінталдаптанудаА.Байтұрсыновтыңеңбегінжәнебіртұрғыданерекшебағалаукерек. А.Байтұрсыновтіл мен әдебиетқанаемес, этнография, тарихмәселелерімен де шұғылданғанынайтукерек.

Ахмет Байтұрсынов XX ғасырдың 20 жылдарында Қазақстанның оқу-ағарту комиссары, Алаш қозғалысының мүшесі, ғылым, әдебиет, өнер салаларында шығармашылық жұмыспен шұғылданды. А.Байтұрсынұлы «Ғылыми және практикалық білімнің жиынтығын бойына сіңірген халық қана айбарлы да бай болады» деп санады. Ғасыр басында Алаш ардақтылары Қазақ АССР-ның Қазақ-Қырғыз Білім Комиссиясында жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде, халқын мәдениетке сүйреуде жан аямастан қызмет етті. Білім Комиссиясы жұмысына Мағжан Жұмабайұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлы, Сұлтанбек Қожанұлы, Жаһанша Досмұхамедұлы, Нәзір Төреқұлұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, Иса Тоқтыбайұлы, Санжар Асфендиярұлы, Халел Досмұхамедұлы т.б. қатысты. Алаш ордасы партиясы қазақ халқынаXX ғасыр басында Алаш қайраткерлері көтерген тіл мәселелесі бүгінгі XXI ғасырдың да ең өзек жарды мәселесі болып отыр.

М.Әлімбаев:«Туған жерді сүю – парыз, сүю үшін білу парыз» — десе, ана тілімізді бәріміз де сүюге, қастерлеуге тиіспіз

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *