«Электроника әлеміне саяхат»

ШҚО Аягөз білім бөліміне қарасты «№3 Ақтоғай бала бақша-бөбекжайы» КМҚК Тәрбиеші:Молдаханова Арай Серікболовна
Білім беру саласы:Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметі:Жаратылыстану
Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы:«Электроника әлеміне саяхат»
Ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты:Электроника әлемі туралы түсінік қалыптастыру ,қауіпсіздік ережесімен таныстырып, пайдасы туралы білімдерін нығайту.
Сөздік жұмыс:теледидар, компьютер, телефон, пылесос-шаңсорғыш,
Көрнекілік құралдар:теледидар , компютер , телефон суреттері және құралдары, слайд.
Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, қимыл-қозғалыс ойындары.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Шаттық шеңбері:Сәлем саған Алтын күн!
Салем саған көк аспан!
Сәлем саған жер ана!
Сәлем саған достарым!

Әуен ойналады, балалар көздеріңді жұмып елестетеміз. Алғашқы көктем кундерінде ауа райлары жылып ,қар еріп құстар жылы жақтан орала бастады.қыздарымыз құлпырып мерекеге толы көңіл күйде болды ? Балалар көз алдымызға елестеттікпе? Мен қай жыл мезгілін сипаттадым?
— Көктем мезгілінде неше ай бар? Қандай,қандай?
— Көктем мезгілінде ауа райында қандай ерекшеліктер болады?(балалардың жауабы)
Жұмбақ
Ән салады чемодан
Ішінде тұр көп адам,
Естімейді сөзіңді,
Сөйлемейді сөзіңді.
Шешуі не екен, балалар? (Теледидар)

Жарайсыңдар,балалар бүгінгі оқу қызметіміз «Электроника әлеміне саяхат» деп аталады. Электроника әлемі құралдарына: теледидиар, компьютер, телефон, үтік, шаңсорғыш, мұздатқыш жатады.
Телефон – байланыс құралы. Алғашқы телефонды ойлап тапқан американдық ғалым.Белл, Александр Грейма 1876 жылы ойлап тапқан. Содан бастап адамдар оны байланыс құралы ретінде пайдаланып келеді.
Теледидар – балалар теледидардың пайдасы көп. Көптеген жаңалықтарды, киноларды, ертегілерді, концерттерді, теледидардан көреміз.теледидар көргенде біз теледидардан алыс отырып, қарауымыз қажет. Жақын отырып теледидар қарауға болмайды. Көзімізге зиян.

Ғажайып сәт .
Компьютер – ақпарат құралы. Компьютер арқылы алыстағы достарымызға хат , хабарлама жібере аламыз. Компьютердің адамға көмегі зор. Адамдар жұмыс орнында компьютерді көп қолданады. Кәне балалар бұл ұялы телефонның ерекшелігіне көз жетізейік кәне барлығымыз фотаға түсейік.
Жұмбақ
Жылдам барып қайтады ,
Не айтсам соны айтады,
Жатырқамайды ешкімді ,
Бекер деп кім айтады, ( Телефон )

Тамыр — тамыр тамаша,
Тұрған бойы аласа.
Дүниенің жүгін бітіреді ,
Адамға барып жанаса . ( Тігін машина )

Тоққа тисе мұрты ұзын,
Табанымен жазық
Киімдердің қыртысын ,
Береді тез жазып ( Үтік )

Міне ғажап балалар телефонның сыйқырлығы қандай керемет бізді суретке түсіріп , суретімізді тез шығарып берді . Кәне бәріміз суретімізді бір қарап шығайықшы балалар қандай әдемі болып отырсындар .
Балалар, бүгінгі ашық оқу ісәрекетінен бізге тапсырма бар екен кәне барлығымыз бірлесіп орындайықшы
— Балалар бұл не?
— Телефон
— Телефонның бір нәрсесі жетіспейтін сияқты. Ол не екен? Телефонның реттік сандары жетіспейтін сияқты,қане мында қандай сан жетіспейді,жапсырайық.
Ал келесі тапсырма бул балалар мына компютерге жан бітіріп қане әдемі көктем бейнесін суреттейік .
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар Жел соғады гу гу
Алдымнан жел еседі Жаңбыр жауады тырс тырс
Кіп кішкентай ағаштар Жаңбыр басылады
Біп биік боп өседі Күн ашылады
Ойынымыз « Электроника» дукені
Балалар осы электроника заттарды алғыларың келема ендеше бұл
Электроника әлемінің бізге дайындаған тапсырмас бар екен . Мына себеттегі киімдерді таза және кір екенін ажыратып кір киімді машинкаға салып таза киімді кір жайғышка жаямыз .
Қорытынды:- Адамдар бір-бірімен қандай құрал арқылы хабарласады?
— Жаңалықтарды,ақпараттарды адамдар қайдан алады?
— Маңызды ақпаратты қай құрал арқылы тез жеткізуге болады?

Үйге тапсырма Электроника заттары туралы такпактар жаттап келу

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *