Эссе «Менің таңдауым — ұстаздық»

Акжигитова.К.Н.

Менің  таңдауым — ұстаздық . Мектеп өмірі қызықты,  әрі қиын .

Себебі: мектептегі пәк сезімді ,алаңсыз  бала жүздер ешкімді бей-жай қалдырмайды .

Мен  балаларды өте жақсы көремін . Сондықтан да осы мамандықты таңдадым деп есептеймін. ,,Ұстаздық жол қиынырақ  басқадан  оңай емес тәрбиелеу жақсы адам » деп Ы. Алтынсарин айтпақшы оқушылармен жұмыс істеу қызықтырады .

Тәрбиеші өз мойынына үлкен жауапкершілік   ала отырып, болашақта әр оқушының өмірде өз орынын тауып ,саналы,тәрбиелі, рухани бай болса деп тілеймін.

Мектеп ұжымынан әрбір ұстаздың бойында болатын төзімділік, қарапайымдылық, тазалық , адамгершілік , еңбек  сүйгіштік сияқты жақсы қасиеттерді бойыма сіңірдім.«Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды»демекші,ұстаз мектептің жүрегі ,шәкірттердің қамқоршысы.

Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе , жетілген  тұлға соншалықты дәрежеде дамиды.Сондықтан қоғам дамуында білім маңызды мәселе болып табылады .«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеді » деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мұғалімдер алдына үлкен жауапкершілік жүктеді.Әрбір тұлға өміріне тәрбие мен таусылмас білім шуағын санасына ұялатқан ұстазын мәңгі жүрегінде сақтайды.

Тәрбиеші болу кез-келген адамның қолынан келмейді деп ойлаймын, себебі бұл қалау жүректің шешімімен үйлесін тапқан кезде қабылданады.

Өз сөзімді Ғ.Қайырбековтың өлең жолдарымен аяқтаймын:

Ұстаз болу -жүректің батырлығы,
Ұстаз болу — жүректің ақындығы.
Ұстаз болу — жүректің күн шуағы,
Ұстаз болу  -адамның ақындығы

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *