Эссе. Менің педагогикалық ұстанымым.

“Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға” демекші әр ұстаз білген білімін шыңдай отырып,алдына келген әр шәкіртіне білім нәрімен сусындатады.Ұстаз  деген ұлы тұлғадан шәкірт білім нәрімен сусындап ғана қоймай,адами қасиеттерді сіңіреді, тәлім-тәрбие алады ,тұлға болып қалыптасады.

  Ұстаз…   Жай ғана қарапайым сөз.. Бірақ осы сөздің астарында үлкен мән-мағына жатыр, себебі әрбір адмның жүрегінен орын алады,әрбір адамның өмірлік ұстанымы қалыптасады.

 Мен — осы қызығы мен қиындығы қатар жүретін,қасиетті де абыройлы маман иесі болып үлес қосып жүргенімді мақтан етемін.

“Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз  үйренміз “, — деп Сенека айтқандай, студенттерге үйрете отырып,өзіміз олармен бірге үйреніп,заман талабына сай,студенттердің ой-пікірімен бөлісе отырып,тың идеялар өмірге келеді. Жастар —  ел болашағы. Олардың жаңа технология заманында оқ бойы озық тұруы әрине, ұстаздың мерейін өсіреді. Ұстаздан шәкірт озар демекші, әр ұстаз өзінің шәкіртін биік белестерден көргенін  мақтанады. Себебі ол ұсатаздың еңбегінің бағаланғаны деп білемін.

  Менің педагогикалық  ұстанымым — студенттерге білім бере отырып,оларды өз мамандығына қарай жаңа технологиямен дамыта отырып,ел болашағын ойлайтын,өз ісінің білікті маманы ретінде тәрбиелеуге өз үлесімді қосу

  Мұғалім студентпен дос бола білуі,түсінісе білуі және түсінгісі келуі керек.Мен студенттің ескертуімен. қадағалауымен емес,өз түйсігімен түсіне отырып. әркет етсе екен деп ой түйдім.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *