Электротехникалық тұрмыстық заттар.

 

«Құлыншақ»  тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы   

Өткізілген күні:  11 . 10. 2017

Білім беру саласы: Таным .Әлеуметтік орта . Қатынас

Бөлімі :  Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы:  Электротехникалық тұрмыстық заттар.

Мақсаты: тұрмыста кеңінен қолданатын элоктротехникалық заттар тоңазтқыш және шаңсорғыш туралы білімін кеңейту. Балалардың мінез – құлқында қарапайым әдеп ережелерін бекіту. Сыпайылық дағдыларын қалыптастыру.Заттарға ұқыпты,адамдар еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: электротехникалық заттардың суреттері,мазмұнды рөлді ойынға арналған шаңсорғыш пен тоңазтқыш және суреттер.

Қажетті құрал жабдықтар: Жұмыс дәптері , қарындаш,бірнеше бөлікке бөлінген электротехникалық заттардың суреттері , ыдыс-аяқ , жиһаз т,б. Тұрмысқа қажетті заттардың суреттері.

Алдын ала жасалатын жұмыс: тұрмыста қолданатын заттар туралы әңгіме жүргізу.

Әдіс-тәсілдері: сөздік , көрнекілік,ойын ,практикалық.

 

Әрекет кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

 

 

Тәрбиеші балаларын шаттық шеңберіне тұрғызады.

    Алдымыздан кезіккен

    Көп танысты көреміз

    Бәріне де ізетпен,

    Иіліп сәлем береміз.

Балалардан өткен оқу іс-әрекетінде не өткендігін сұрап өту. Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Күз мезгілі неше айдан тұрады атайықшы?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар шаттық шеңберін құрып ,өздеріне таныс өлең жолдарын айтады.

 

Өткен оқу іс-әрекетінде Ыдыс-аяқты өттік

 

-Күз

 

Үш айдан тұрады

Қыркүйек , Қазан,Қараша

 

 

 

 

 

 

 

Іздену-

ұйымдастырушы

 

 

Қонаққа ойыншық қонжық пен қоян (дауласып)келеді.Екеуі де балалармен амандасады , сонан соң өздерінің не үшін келгендерін айтады.

Қонжық:

-Кеше қоян досымды дүкенге жіберіп, үйге қажетті заттар алып кел десем, мына бір заттарды алып келіпті. « Бұл не?»,-десем , өзі білмейді.

Қоян:

-Мен білетінмін, бірақ та ұмытып қалдым. Мүмкін сендер көмектесіп жіберерсіңдер,-деп алып келген заттарын көрсетеді.

-Шаңсорғыш деген не? Оның бізге қажеті қанша?Ал тоңазтқыштың не пайдасы бар ?

 

-Ол сонда шаңды қалай сорады? Оның не сонда аузы бар ма? Ол шаңға қақалып қалмай ма?Шаңды сорғанда , Шаңды сорғанда , ол шаң қай жеріне жиналады?

 

Тәрбиеші шаңсорғыштың тазалықты сақтау үшін көмектесетіндігін,оның шаңды соратын арнайы түтігі(шланғасы)болатындығын,шаң ,қоқысты жинайтын дорбасы болатындығын , диван т.б заттарды тазартуға арналған бірнеше щеткасы бар екендігін және шаңсорғыштың алуан түрлі болатындығын айтып ақпарат береді.Суреттер немесе шаңсорғыштың өзін ашып,ішіндегі тетіктерін көрсетеді.  

 

Қонжық:

-Маған шаңсорғыштың керегі жоқ, қоқысты мен өзім-ақ жинап аламын, ол үшін мен сыпыртқыны пайдаланамын, ал шаңды сулы шөберекпен сүртіп ала саламын.

Тәрбиеші:

-Қонжық сен дұрыс айтасың ,сыпырғышпен сыпырыпта тазалауға болады.Балалар ойланып көріңдерші ,қайсысына уақыт көп кетеді.

Сыпырғышпен сыпырып, шаңын сүрткенге ме , әлде шаңсорғышпен тазалағанға ма?

-Оны қайдан білдіңдер?

-Ал енді тоңазтқыш туралы не білесіңдер?

-Тоңазтқышқа тағы да не салуға болады?

Қонжық:

-Менің үйімде тамақтарды қоятын шкаф бар. Маған тоңазтқыштыңда керегі жоқ екен.

 

 

Тәрбиеші:

-Не үшін тоңазтқышқа қоямыз?

-Тамақты неге шкафтың ішінде сақтамаймыз ?

-Қонжық,байқадың ба,тоңазтқыштың пайдасы бар екен.

 

Қонжық:

-Міне,керемет,сонда ол өз-өзінен тұрып сұп-суық бола ма? Әлде оның ішіне аяз кіріп алған ба?

 

Қонжық:

-Тоңазтқыштың ішіне тамақтарды салып,сосын оны тоқтан ажыратып тастаса да, тамақтар бұзылмай тұра бере ме?

 

Қонжық:

-Неліктен?

 

Тәрбиеші балаларға қосымша сұрақтар қоя отырып ,тоңазтқыш туралы қосымша ақпараттар беріп,олардың элоктротехникалық заттар деп аталатындығын және адам еңбегінің нәтижесі екендігін түсіндіреді.Шаңсорғыштың құрылысымен таныстыра отырып,тоққа қосып шаңды қалай соратындығын көрсетеді және балаларға шаңсорғышпен жұмыс істеу әлі ерте екендігін,үлкендердің көмегімен пайдалана қалған жағдайда қаупсіздік ережесін сақтау керектігін ескертеді .

 

Тәрбиеші баларды  екі орталыққа бөліп,бірнеше орталықтағы балаларға бірнеше бөлікке бөлінген электротехникалық заттарды суретін түсіне,көлеміне қарай құрастырады,екінші орталықтағы балаларға жалпы тұрмысқа қажетті заттардың суретін іріктеп алып жеке-жеке топтастыруды тапсырады .

 

               Сергіту сәті

         Ормандағы аюдың

         Құлпынайы көп екен

         Теріп-теріп аламыз

         Қалтамызға саламыз

 

 Қонжық пен қоян қоштасады балаларға рахетін айтады .

 

 

 

 

 

Қонжықпен қоянды көргенде балалар таңырқайды , қуанады.

 

Балалар қонжық пен қоянның әкелген заттарын кезек – кезек қарап , көріп шығады.

 

 

 

 

-Қонжық мынау шаңсорғыш қой .

— Ал мынау тоңазтқыш .

 

 

Шаңсорғышпен үйдің шаңын, қоқыстарды сорып тазалайды .

 

 

Балалар өздері білетін сұрақтарға жауап беруге тырысады. Балалар шаңсорғыштың ішін ашып, оның қандай бөліктерден тұратындығын көреді.

 

 

 

 

 

-Шаңсорғышпен үйді тазалағанда уақыт көп кетпейді.

-Сыпырғышпен үйді сыпырғанда көп уақыт кетеді.

 

 

-Үйді анамыз айтқан.

-Тоңастқыш үлкен , көбінесе ақ түсте болады.

-Тоңазтқыштың ішіне тамақтар қояды.

-Жемістер, көкөністер,т.б

-Тағамдар бұзылып кетпес үшін оларды тоңазтқышта сақтайды.

 

-Шкафтың іші суық емес,ал тоңазтқыштың іші суық.

 

-Жоқ , тоңазтқыштың ішіне аяз кіріп алған жоқ ,оны тоққа қоссаң ғана суытады,шаңсорғыш та тоқ арқылы жұмыс істейді.

 

Қаупсіздік ережесімен танысады.

 

 

 

 

Балалар электротехникалық заттарды үлекн адамдарсыз қолдануға болмайтынын түсінді.

Балалар мұқият тыңдап орындайды.

 

 

 

 

 

 

Балалар хормен айтып іс-қимыл арқылы орындайды.

 

 

Балаларда қоштасады

 

 

 

Рефлексті

коррекциялаушы

 

Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін ,көңіл күйлерін,немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.Бүгінгі жиыннан түйінді ойы немесе тақырыбы жайлы естеріне түсіреді. 

 

Балалармен ойын ойналады: «Менің үйімдегі заттар» Ойын шарты :бала үйіндегі тұрмысқа қажетті тұрмыстық заттарды,оның қызметі мен қажеттілігі туралы айту керек.

 

 

 

 

Жиыннан алған әсерлерін айта отырып,көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді.

Тапсырмаларды орындайды .

Балалар ойынды ойнайды.

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: тұрмыста кеңінен қолданатын электротехникалық заттар тоңазтқыш және          шаңшорғыш туралы,олардың да адам еңбегімен келетіндігі туралы.

Игереді: шаңсорғыш пен тоңазтқыш түрлерін,олардың қызметін,пайдаланылуын,қажеттілігін.

Меңгереді: заттарға ұқыпты қарауды,қауіпсіздік ережесін сақтауды.     

 

 

 

Дефектолог: Кульбаракова Айсулу Таубайкызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *