Экожүйелер

Адырбекова Алима  Кумисхановна

 

Қысқамерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Экожүйелер

№1-сабақ.

Бөлім: 6.4А Экология және тұрақты даму
Педагогтің аты-жөні: Адырбекова Алима
Күні: 12.03.22
Сыныбы:6 А Қатысушылар саны:                   Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы: Экожүйелер
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты 6.6.1.1 экожүйе құрамдас бөліктерінің өзара байланысын график түрінде көрсету және түсінду
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар үшін:

Білім алушылар экожүйе мен биоценозды оқып үйренеді және ажырата алады.

Құндылықтарға баулу:  «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке  деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты Педагогтің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Ресурстар
Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді.  Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Оқулық, жұмыс дәптерлері

ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе

 

 (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты  байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.

 

 

 

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1. Экожүйе қандай компоненттерден тұрады?

 

2. Экожүйе компоненттері бір-бірімен қалай байланысқан?

 

Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен  ынталандыру.
Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

26 мин.

№1-тапсырма:

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Тірек сөздерді дәптерлеріне жазып алады.

Суретпен жұмыс. Суретте қайсысын экожүйе деп атауға болады? Ал қайсысы экожүйеге жатпайды? Неліктен? Түсіндіреді.

Дескриптор:              Жалпы — 3 балл.

-Суретпен жұмыс жасайды;

-Тапсырманы түсіндіреді.

 

6-сынып оқулығы, жұмыс дәптері
№2-тапсырма:

Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

Биоценоз және экотон ұғымына сипаттама береді.

Дескриптор:              Жалпы – 4 балл.

-тапсырмаларды сипаттайды және ерекшеліктерін ажыратады.

-мысалдар келтіреді және талдайды

 

6-сынып оқулығы, жұмыс дәптері
№3-тапсырма:

Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

Суреттегі экожүйеге атау береді. «Биоценоз», «экотоп» бағандарына экожүйенің компоненттерін жазады.

 

Дескриптор:              Жалпы — 3 балл.

-сұлбамен жұмыс жасайды

— бағандарға бөліп жазады.

6-сынып оқулығы, жұмыс дәптері
Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Еркін микрофон»  әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

 

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

 

Мұғалім оқушыларды  «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? Бағалау.  Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау  
«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».

 

Саралау тапсырмаларды  іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

 «Мадақтау сөз» әдісі.

1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

 
Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені  анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *