Ы.Алтынсарин «Атымтай Жомарт».  Жомарттық пен сараңдық

Сабақтың тақырыбы:   Ы.Алтынсарин «Атымтай Жомарт».  Жомарттық пен сараңдық
СЫНЫП:  5 Қатысқан оқушылар  саны: Қатыспаған оқушылар саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаттары әдеби  шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен  қарама-қарсы  суреттеулерді табу.(5.А/И1)
Сабақ  нәтижесі:

 

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды.  Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау  критерийі Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында  тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Тілдік  құзіреттілік Әдеби шығармалар
Құндылықтарға баулу Зайырлы қоғам мен жоғары руханият. «Атымтай Жомарт» әңгімесінің айтар негізгі түйінді ойы арқылы еңбекке деген құрмет, өмір бойы білім алу құндылықтарына, рухани өрлеуге баулу
Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік. Рефлексия. «Алты қалпақ» әдісі
Пәнаралық байланыс Музыка, еңбекке баулу
Алдыңғы оқу Ы.Алтынсарин «Атымтай жомарт». Жомарттық – қайырымдылық тамшысы
Сабақтың жоспары
Жоспарланған

уақыт

Мұғалім іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Басталуы

 

1.«Сәлемдесу» сергіту сәті. Білім алушылар орындарынан тұрып, көршісінің аттас саусақтарына кезек-кезек тигізеді, бас бармақтан бастайды:

-Мен саған тілеймін(бас бармағын тигізеді)

-Бақыт(сұқ саусағын тигізеді)

-Денсаулық(ортаңғы)

-Барлығында(атаусыз саусақ)

-Барлық жерде(шынашақ)

-Сәлем!(алақанын бір-біріне тигізеді)

Өткен сабақты пысықтау мақсатында оқушылар бір-біріне сұрақтар қойғызамын

Ы.Алтынсарин «Атымтай жомарт». Жомарттық – қайырымдылық тамшысы

«Ой шақыру» әдісі

Әңгіме қандай шығарма?

(Әңгіме –оқиғаны баяндауға негізделген қара сөзбен жазылған көркем шығарма.)

«Жомарт» сөзін қалай түсінеміз?

Жомарт адамның бойында қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсыздар?

1-слайд

Ы.Алтынсарин шығармаларынан  адами қасиеттерді атап кетейік

 

 

 

 2-слайд.

Оқушыларға  бүгінгі сабақ мақсатын таныстырамын.

Мақсаты: әдеби  шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен  қарама-қарсы  суреттеулерді табу

Құндылығы : Зайырлы қоғам мен жоғары руханият. «Атымтай Жомарт» әңгімесінің айтар негізгі түйінді ойы арқылы еңбекке деген құрмет, өмір бойы білім алу құндылықтарына, рухани өрлеуге баулу

Оқушыларын топқа бөлемін.

І топ. Жомарт

ІІ топ. Мейірім

Оқушылар бір-бірімен сәлемдеседі.

 

 

 

Үй тапсырмасын пысықтау мақсатында оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар Ы.Алтынсарин шығармаларынан  адами қасиеттерді атайды.

 

 

 

Оқушылар сабақтың мақсаты мен құндылығы танысады

 

 

 

 

 

Оқушылар топқа бөлінеді

«Жомарт», «Мейірім» тобы

Сабақтың басы

 

 

 

 

 

Ойлау дағдысының деңгейі: Білу.Түсіну

Бағалау критерийі:

Шығарма мазмұнын түсінеді

Тұжырым жасайды

Тапсырма. «Уақыт тізбегі» әдісі.

«Жомарт» тобына

«Атымтай Жомарт әңгімесінің мазмұнын талдай отырып, оқиғаларды рет-ретімен сызбаға орналастырып жазыңыз.

Дескриптор:

1. Әдеби шығарманың мазмұнын түсінеді.

2. Шығармадағы оқиғалар тізбегін сызбаға түсіреді.

Кері байланыс: ауызша жүргіземін. Қолданатын сөздер: «Жарайсың!», «Керемет!», «Әлі де ойлан!»

«Мейірім» тобына

Жұптық жұмыс. «Ойлан, зерделе» әдісі

Білім алушы әрекеті: Берілген сөздің мағынасын түсіне отырып, жомарттық пен сараңдық сөзі қатысқан мақал-мәтел тауып, кестені толтырады..

Ойлау дағдысының деңгейі: Қолдану

Бағалау критерийі: Жомарттық пен сараңдық сөзінің мағынасын ашады.

Тапсырма. Жомарттық және сараңдық сөзінің мағынасын анықтап, осы сөздер қатысқан мақал-мәтел тауып, кестені толтырыңыз.

Сөз Мағынасы Мақал-мәтел
Жомарт

тық

Сараңдық

Дескриптор:

1 «Жомарттық» сөзінің мағынасын ашады.

2. «Сараңдық» сөзінің мағынасын ашады.

3. Мақал-мәтелді тауып жазады.

4. Кестені толтырады.

Кері байланыс: ауызша жүргіземін. Қолданатын мадақтау сөздері: «Дәл таптыңыз!», «Орынды айтылған!», «Жарайсың!»

 

 

 

 

«Атымтай Жомарт әңгімесінің мазмұнын талдай отырып, оқиғаларды рет-ретімен сызбаға орналастырып жазады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жомарттық және сараңдық сөзінің мағынасын анықтап, осы сөздер қатысқан мақал-мәтел тауып, кестені толтырады

 

Ортасы

 

 

 

 

 

 

Ойлау дағдысының деңгейі: Талдау

Бағалау критерийі: Әдеби шығармадағы Атымтай Жомарттың екі пікірін салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді, жомарттық пен сараңдықты мәтіннен табады.

Тапсырма. Әдеби шығармадағы Атымтай Жомарттың айтқан пікірлерін оқи отырып, өзіндік жеке пікірлеріңді дәлел келтіре отырып, тұжырым жасаңдар. Жұмыстың рөлдік ойын арқылы көрсетіп, қорытындылаңыз.

І топ. Жомарт тобы

Рөлдік ойын көрсетеді.

Дескриптор:

1 . Шығармадағы Атымтай Жомарттың екі пікірін салыстырады,

2. Рөлдік ойынды көрсетеді.

Кері байланыс: ауызша жүргіземін. Қолданатын мадақтау сөздер: «Тамаша!», «Жарайсың!», «Құнды пікір!», «Жақсы!»

Ойлау дағдысының деңгейі: Жинақтау

Бағалау критерийі: Әдеби шығармадағы Атымтай Жомарттың екі пікірін салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді, жомарттық пен сараңдықты мәтіннен табады.

II топ. «Мейірім» тобы

Тапсырма: Жомарт адам мен сараң адамның бейнесін салыстырыңыз. Ұқсастығы мен айырмашылығын тауып, «Веен диаграммасына» салыңыз.

Дескриптор:

1 . Жомарт адам мен сараң адамның бейнесін салыстырады,

2. Адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді ажыратады.

3. Ұқсастығы мен айырмашылығын табады.

4Диаграмманы толтырады.

Кері байланыс: «Өте жақсы жазылған», «Дұрыс таптың!», «Орынды айттың!», «Интерактивті тақтада орындағын жұмысыңыз үздік болды!», «Шебер орындадыңыз!»

 

Оқушылар әдеби шығармадағы Атымтай Жомарттың айтқан пікірлерін оқи отырып, өзіндік жеке пікірлеріңді дәлел келтіре отырып, тұжырым жасайды.

 

 

 

Оқушылар жомарт адам мен сараң адамның бейнесін салыстырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұқсастығы мен айырмашылығын тауып, «Веен диаграммасына» салады.

 

Сергіту сәті

 

«Айгөлек» биі Видеожазба арқылы сергіту сәтін жасайды.
Аяқталуы

Сабақты соңы

 

Ойлау дағдысының деңгейі: Бағалау

Бағалау критерийі: Кейіпкерді шынайы өмірмен салыстырып,бағалайды.

Тапсырма:

1.Жомарттық әлемді өзгерте ме?

2.Қазіргі қоғамда Атымтай Жомарт кездесе ме?

 3.Кейіпкердің орнында болсаң, сен не істер едің? «Егер мен бай болсам….» ойды жалғастырып айтыңыз.

Дескриптор:

1 . Сыни тұрғыдан ойланып, шығарманың құндылығын анықтайды.

2. Өмірден мысал келтіріп,өз ойын дәлелдейді.

Кері байланыс: ауызша жүргіземін. Қолданатын мадақтау сөздері: «Ұтымды жауап», «Өте жақсы!», «Құнды пікір айттыңыз»»

 

Оқушылар кейіпкерді шынайы өмірмен байланыстырады.

 

 

 

 

Бағалау

 

 

Кері байланыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қалыптастырушы бағалау.

Оқушыларды өзін-өзі бағалау ағашына бағалатамын

Кері байланыс «Алты қалпақ»
Ақ қалпақ — сабақта не білдің?
Жасыл — Неге қол жеткіздің?
— Не білгің келеді?
Қызыл қалпақ — Бүгінгі сабақ сенде қандай эмоция туғызды?
Қара қалпақ — Сабақта қандай қиындыққа кездестің?
Көк қалпақ — Не істеуге болады? Идеяларың бар ма?
Сары — Бүгінгі кейіпкердің қайсысы ұнады, несімен ұнады?

«Аяқталмаған сөйлем» әдісі

Оқушы әрекеті: Оқушы өздеріне жақын сөйлемді таңдайды. Айтылған ойды жалғастырады. Оқушы «Мұғалімге жеделхат» тақтасына оқушылар стикер жапсырады.

-Бүгінгі сабақта мен … түсіндім, … білдім, … көзімді жеткіздім.

-Мен өзімді … мақтар едім.

-Маған ерекше ұнағаны …

— Сабақтан соң маған … келді.

— Бүгін маған .. … … сәті түсті.

— Қызықты болғаны ….

— ….. қиындық тудырды.

— Менің түсінгенім …

-Енді мен …. аламын.

Білім алушылар өз – өзіне есеп беріп, қажеттілігін,өзіндік көзқарасын қалыптастыру үшін және де өз – өзіне баға бере алу үшін«Аяқталмаған сөйлем» әдісін тиімді қолданамын.»

Оқушылар өзін-өзі бағалау ағашына бағалайды.

 

 

«Алты қалпақ» әдісі б/ша кері байланыс жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар  өздеріне жақын сөйлемді таңдайды. Айтылған ойды жалғастырады.

 

Оқушылар  «Мұғалімге жеделхат» тақтасына стикер жапсырады

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша ақпарат
Саралау – Саралап оқытуды ұйымдастыруда тұлғааралық жеке қабілеттерін ескере отырып құруды басты назарда ұстанамын. Себебі әдебиет сабағында қолданатын саралау тапсырмалары — білім алушының жеке тұлғасының дамып, қалыптасуын көздейтін бірден-бір таптырмас дидактикалық үдеріс. Білім алушының тұлғалық қасиеттері мен қабілеттерін әдебиет пәнін оқыту арқылы шешу мақсатымен сабақта «Уақыт тізбегі», «Ойлау дағдысының деңгейі»,«Веен диаграммасы» ,«Алты қалпақ»,«Мұғалімге жеделхат»,«Рөлдік ойын» әдістерін ұтымды қолданамын. Бұл әдісті қолдану барысында білім алушыларға мынадай саралау тапсырмаларын ұсынамын: топтық жұмыс барысында қабілетіне қарай постер қорғау, рөлдік ойын көрсету,пікірталас жүргізу; қызығушылығына қарай: мәтін мазмұнына сурет салу, мәтін бойынша қиын сұрақтар құрастыру, әдеби шығарма, оның авторы туралы зерттеу, әңгімені әдеби тілге жақын етіп баяндау, шығармадағы көтерілген мәселені қазіргі заманмен байланыстыру.. Білім алушылар өздерінің қызығушылығына орай және жеке қабілеттерін дамыта отырып, шығарма мазмұнына анализ жасай алады, анықтайды, салыстырады, тілдік мақсатты көздей отырып мәтіндегі сөздер мен тіркес сөздердің мәнін аша алады, әдеби шығарманың құндылығын ұғынып, өзіндік бағасын береді, шығармада көтерілген мәселені шынайы өмірмен байланыстырып,құнды пікір айта алады. Ең бастысы білім алушы мұғалім ұйымдастырған саралау тапсырмаларын қызығушылықпен орындай отырып, мұғалім тарапынан жеке тұлға ретінде қалыптасуына қолдау таба алады. Бағалау — Білім алушының білімін бағамдау мақсатында бірнеше әдіс-тәсілдерді қолданамын. Білім алушының өтілетін тақырып бойынша не білетінін еске түсіріп, ой жүгіртіп, әрі оқушының білімін бағдарлаймын. Сабақ басында «Ой шақыру» әдісін ұтымды қолданамын. Сабақ бастамас бұрын білім алушының назарын шоғырландыру үшін бұл әдіс тиімді болады. «Уақыт тізбегі» әдісі білім алушыда жазылым дағдысы қалыптасуын жүзеге асырып, графикалық органайзерді пайдаланып, яғни кестені толтырады. Кері байланысты ауызша жүргіземін. Қолданатын мадақтау сөздері: «Жарайсың!», «Керемет!», «Әлі де ойлан!»

Смайлик арқылы бағалау жүзеге асады.

 

Тілдік мақсатты жүзеге асыру мақсатында  тақырыпқа қатысты сөз тіркестері мен сөздердің мәнін ашу және мәтіндегі детальді бөліктеріне назар аудара отырып, білім алушының жазылым дағдысын қалыптастырамын

.Кері байланысты ауызша жүргіземін. Қолданатын мадақтау сөздері: «Дәл таптыңыз!», «Орынды айтылған!», «Жарайсың!» «Бас бармақ»әдісі арқылы бағалау жүреді.

Басбармақ жоғарыға қарай – өте жақсы. Басбармақ көлденең – жақсы. Басбармақ төмен қарай-

Орташа.

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

Әдеби шығармадағы кейіпкердің пікірі арқылы, оқушыларға сұрақтарды талдату арқылы еңбекке деген құрметті қалыптастырамын, еңбекке баулу пәнімен байланыстырамын. Шығармадағы кейіпкер пікірін талдау арқылы еңбекке деген құрметке баулимын. Шығармадағы жомарттық пен сараңдықты салыстыру арқылы анализ жасай отырып, адамгершілік,ізгі құндылықтарға ынталандырып, өзін-өзі тану пәнімен байланысты шебер қолданамын.Кейіпкер бойындағы ізгі қасиеттерді саралай отырып, оқушының өн бойына топтастырдым. Өзін-өзі тәрбиелеуге жетелеймін. «Қос диаграмма» әдісін қолдану арқылы білім алушыларға графикалық органайзерлерді интерактивті тақтада орындатамын, білім алушының АКТ-ны қолдану шеберлігін арттырамын.

«Сәлемдесу» сергіту сәтінде саусақтарын түйістіріп жаттығу жасау арқылы денсаулығын нығайтады,әрі жаттығу жасау барысында қауіпсіздік ережесін басты назарға қоямын

· · ·
Рефлексия

5-сыныптың қазақ әдебиеті пәнінен «Ы.Алтынсариннің «Атымтай Жомарт» әңгімесі. Жомарттық пен сараңдық» тақырыбына ықшамсабақты жоспарлағанда «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша жаңартылған білім мазмұны курсынан алған біліміме сүйеніп құрамын. Ең алдымен «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын білім алушының бойына сіңіре отырып, пән бойынша функционалдық сауаттылығын арттыруды көздеймін.

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша жаңартылған оқу бағдарламасының мақсаты оқушыларды шығармашылық ойлауға бағыттау, өз ойын еркін жеткізуіне және жаза білуіне қолдау көрсету, дәлелдер келтіру, салыстыру және талдау, бағалау дағдыларын қалыптастыру. Қазақ әдебиеті ой-өрісі дамыған, әдеби тіл мен әдеби формалар арқылы өз ойын еркін жеткізе алатын, күрделі мәселелерді шеше алатын өмірге бейім тұлғаны тәрбиелейді. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идясының құндылықтарын жас ұрпақ бойына сіңіруде «Қазақ әдебиеті» пәнінің рөлі зор.

«Аяқталмаған сөйлем» әдістерін ашық сабағыма енгізіп, ұтымды қолдандым. Ашық сабақты жоспарлауда тренер мен әріптестермен кері байланыстың көмегі мол болды.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *