Ш.Құдайбердиев. «Адамның нашар мінезі»

Батыс Қазақстан Облысы Казталов ауданы  Қоныс ауылы

Батырова Анаргул Мырзахметовна

(Бастауыш сынып мұғалімі)

 

Сабақтың тақырыбы 

Ш.Құдайбердиев. « Адамның нашар мінезі »

Мақсаты 

Адам бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттердің пайдасы мен зиянын дұрыс тануына жол салу 

Күтілетін нәтижелер 

Сезіммен өлең өрген жыр пырағы Шәкәрім туралы және «Адамның нашар

мінезі » өлеңінің тақырыбы мен идеясы, көркемдік бейнесі жөнінде түсінік алады.(барлығы)

эстетикалық бағалау қабілеті қалыптасады,(көпшілігі)

 өмірмен байланыстырады, алған білімінің құндылығын анықтайды.(талантты және дарынды оқушылар) 


Керекті жабдықтар 

презентация, интерактивті тақта , Шәкәрім кітаптары. 

Оқытуда қолданылатын 

әдіс-тәсілдер 

Ой қозғау, «Қапшықтағы фасоль»әдісі ,сұрақ қою техникалары, видеоподкаст,топтық жұмыс, жеке жұмы, миға шабуыл, 1 сұрақ 5 идея қалыптастырушы, формативті бағалау түрлері. 

Сабақ барысы: 

Сабақ кезеңдері 

Уақыты

Мұғалім әрекеті 

Оқушы әрекеті 

Кіріспе 

6мин 

Ширату «Ұшақ» ойыны Ұшаққа әр оқушы өздерінің жаман, жақсы қасиеттерін жазып бір-біріне ұшырып, кім екенін анықтау.

І топ «Елгезектер»

ІІ топ «Ақылдылар »

Үй тапсырмасы: 

  • Балалар, сіздер өткен сабақта Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам адам болып » деп аталатын өлеңіне тоқталдыңыздар. Ал, енді сұрап көрейік. 

Үй тапсырмасын жұптық әдіспен жатқа оқу,тексеру,критерий арқылы жұпық бағалау. 

Оқушының аты-жөні: 


Өлеңді мәнерлеп оқуға қойылатын критерий 

  • Асықпай,сауатты оқу; 


  • Нақышына келтіріп оқу; 


  • Қатесіз айту; 


  • Дыбыс үндестігін дұрыс келтіру; 


  • Өлеңді мәнерлеп оқу. 


Бағасы: 


Жұбыңның үй тапсырмасына дайындығын критерий бағандарының тұсына құс тұмсығын қою арқылы белгілеп, бағасын қойып бер. 

Сәлемдеседі. Екі топқа бөлініп отырады. 
Диаогтық әдіс

Оқушылар жұппен тұрып,бір-біріне өлеңді мәнерлеп жатқа оқып береді,өзара критерий арқылы бағалайды.

Оқушыларға жұптық бағалауларын оқиды.

Жаппай бағалау парақтарын жинайды.

Негізгі бөлім

6 мин 

Миға шабуыл

1.Балалар парақшаларда берілген өлеңді оқып оның кімнің өлеңі екенін анықтаңыздар?

Бұл өлең естеріңізде бар ма?

— «Сен ғылымға »3 сынып

— « Жаз келер »3сынып

2. «1 сұрақ 5 идея» әдісі

Оқушыларға Шәкәрім туралы ресурс беріледі. Ол туралы берілген параққа жазады.

Шәкәрім Құдайбердиев 1858 жылы 11- шілдеде Семей облысы, Абай ауданында туған. Шәкәрім Орта жүз, Арғын руы, Тобықты. Ол төрт рет қажылыққа барып, «қажы» атанған. Қазақтың ұлы ақыны, жазушы, философ, тарихшы, аудармашы, сазгер. 

Ш.Құдайбердиев 1
2
3
4
5

Ә) Ой қозғау

Бейнеролик арқылы адамның мінезін көрсету.

— Фильмдегі кейіпкердің бойынан не байқадыңдар ?

— Мұны бір сөзбен қандай мінез дейміз?

— Сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбы: « Адамның нашар мінезі »деп аталады. 

Сергіту сәті.  Жалқаубек әні

1.Жүресінен отыру

2. Аяғын тізесіне біршама бүгіп отыру

3, Әдеттегі тұрған бағыты жым болып тұру

4. Қолын шынтағымен көтеру

5. Қолын жоғары көтеріп, алақанын соғып, аяқтың ұшымен тұру

 

 

Ой қозғайды

Бейнеролик көреді Тақырыпты жазады 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды



І тапсырма :Топпен мәнерлеп оқу

Ең үздік оқитын оқушыны таңдату;

Топтан жеке алға шығып мәнерлеп оқу. 
-Міне өлеңді нақышына келтіріп оқып,мағынасын түсінгенде оқушы осындай мәнерлеп оқу сайыстарында жүлделі орын ала алады екен. оқуымыз керек,соған дағдыланып,қалыптасуымыз керек.

«Кинометафора» әдісі

Видеоролик «Адам мінез құлқының денсаулығына әсері» 

ІІ тапсырма Топтық жұмыс

Енді адам бойындағы өзіңіз білетін өмірде көріп жүрген жағымды, жағымсыз қасиеттерді еске түсіріп жазайық. Өлең кімге арналған? Өлеңдегі негізгі ойды анықтайтын шумақты тап. Балалар, біз өзін- өзі тану сабағында «Данышпан ата» кеңестерін тыңдаған болатынбыз. Қане, еске түсірейік.
Ашу қысқан кезде өзіңді өзің ұстай біл.
Ашуланған кезде 1- ден 10- ға дейін іштей сана.
Жақсы нәрсе туралы ойла.
Өзіңді ұстамды, сабырлы адаммын деп есепте.
Басқа адамдарды ренжітетініңді ойла.
Соңынан өкінетініңді есіңе ал.
Ашуды ақылға жеңдір.

Жағымды:  Жағымсыз: 

Жағымды:  

Жағымсыз:

әдепті, ізетті, адал, сыпайы, инабатты, еңбекқор, алғыр  

өтірікші, дөрекі, ызақор, надандық, ашуланшақ, еріншек, жалқау 

 «Бэкроним» әдіс
 Ашу – дұшпан,ақыл-дос, 

Ақылыңа ақыл қос. 

Елгезек екі айтқызбайды. 

Жақсы балаға айтсаң — білер, 

Жаман балаға айтсаң — күлер.

мақал-мәтелдердің мағынасын ашу .

-Достарыңның ішінде осындай мінезді балдар болса оған қандай кеңес берер едің?

«Қапшықтағы  сұрақ » әдісі (Кері байланыс)

1.Қалай ойлайсыздар, нашар мінез деген не?

2.Ақылды адамдар қандай болады?

3. Өлең кімге арналған?

4. Шәкәрім қай жылы дүниеге келген?

5.Шәкәрімнің туған жері

6.Шәкәрім қай рудан,жүзден тараған?

7.Ызақор өлеңінің негізгі идеясы не?(Ашу ызасын ұстай алмайтын адам-ызақор.Ашу-ызаңды ұстай білу керек,егер ұстай алмасаң бір нәрсеге ұрынасың)

8.Еріншек өлеңінің негізгі идеясы ?(Жалқаулық,еріншектіктің түбі надандыққа соқтырады)

9.Адам бойын ыза кернегенде не болады екен ?

10.Ашуға берілген адам қайтеді?

11.Еріншектіктен не пайда болады?

Автор туралы айтады

Кластер толтырады

Жұппен жұмыс

Оқып береді 
Іштей оқу

Сөздік жұмысы

Топта мәнерлеп оқу

Ең үздік оқитын оқушыны таңдау

Топтан жеке алға шығып мәнерлеп критерийге сай оқу

Бірін-бірі «екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалайды.


Топпен жұмыс

Сұраққа-жауап береді

Жұптық 

Дәптермен жұмыс


5 мин 


— Қандай бала болуымыз керек?

Талапты     Талантты     Еңбекқор     Ақылды     Оқуда озат

Сабақ критерийлеріне сәйкес оқушылар өздерін ,мұғалім суммативті бағалайды.
Үйге тапсырма

Өлеңді мәнерлеп оқу, сыныптағы достарына мінездеме беру.

Рефлексия  «Аралдар  » 

Мақал-мәтелдің мазмұнын ашады

Өздеріне формативті баға береді.

Үй тапсырмасын жазып алады.

Рефлексия 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *