Ш дыбысы мен әрпі

«№7 ЖОББМ» КММ-нің мектепалды даярлық сынып мұғалімі Ыбрай Ж

ҰОҚтақырыбы:Ш дыбысы мен әрпі
ҰОҚ  мақсаты: 1. Білімділік: Осы кезге дейінгі өтілген әріптерді қайталау. Ш дыбысы және әрпімен таныстыру, түсіндіру.«Ш» дыбысын таныту. Құрамында жаңа дыбысы бар сөздерді дұрыс оқуға үйрету. Ш дыбысының айтылу артикуляциясымен таныстыру.
2. Тәрбиелік: Ұжымдық жұмысқа үйрету, әдептілік пен ұқыптылыққа баулу.
3. Дамытушылық: Есте сақтау қабілеттерін дамыту. Алғырлыққа тәрбиелеу.
ҰОҚ  көрнекілігі: Кеспе қалта, кеспе әріп, кеспе буындар, суреттер, дидактикалық материалдар, «Ойын — саяхат» схемасы, суретті таблица, жұмбақтар мен жаңылтпаштар.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, қайталату.
ҰОҚ  мазмұны:
Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. ҰОҚ  зейіндерін аудару.

Үй тапсырмасын қайталау:

Осы уақытқа дейінгі өтілген әріптерді естеріне түсіру.
Миға шабуыл арқылы, жаңа оқу — іс әрекетіне көшу.

Видео сабақ көрсету.

Балаларға шар сөзін бірнеше рет қайталату арқылы жаңа дыбыспен таныстыру.
— Шар сөзінің басында қандай дыбыс естілуде?
— Ш дыбысы естіліп тұрғанын балалар айтады.
— Ш дыбысы қалай айтылуда?
— Кедергіге ұшырап, қысқа айтылып тұр.
— Ш дыбысы қандай дыбыс болады және оны қандай текшемен белгілейміз?
— Ш дыбысы дауыссыз дыбыс, көк текшемен белгілейміз.
Ш дыбысы кездесетін сөздер ойлата, айтқызу.
— Шар, шана, ағаш, көше. т. б.
— Ш әрпін ауада жазу, Таспа түрінде «Ш ш» әрпін жазғызу.
Сергіту сәті.

Один, два, три, четыре, пять — топаем ногами,

Один, два, три, четыре, пять — хлопаем руками,

Один, два, три, четыре, пять — занимаемся опять.

Топтастыру әдісі.
Дәптермен жұмыс:


Дыбыстық, буындық талдау орындау.

Тіл ұстарту

Шананың да, шардың да,

Мен тұрамын алдында.

Менен ғана басталар

Шұғыла да, шалғын да.
Жаңа сабақты қорытындылау.

Суреттермен дыбыстық жұмыс,  сөздерді буынға бөлу.

Сабақты қорытындылау:

  1. Бүгін қандай дыбыс және әріппен таныстық?
    2. Топтық жұмыс ұнады ма?
    3. Қай топ мықты болды?.
    Белсенділік танытқан балаларды жұлдызшамен бағалау.

 

ША-ШУ, ША-НА, АР-ША, ША-ЛА, ША-РА

Әріпті  есте қалу мақсатында дауыссы дыбыс түсімен көк түспен бояту.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *