«Ш» дыбысы және әрпі

Мақсаты:

Білімділік: Балаларды «Ш» дыбысымен, әріп таңбасымен дыбыс артикуляциясымен таныстыру, балалардың «ш» дыбысы бар сөздерді ойлап табуына назар аудару.

Дамытушылық: Балаларды «Ш» дыбысын буында, сөзде, сөйлемде дұрыс айтуға машықтандыру, байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Тәрбиелік: Балаларды «Ш» дыбысын дұрыс айтуға, қуыршаққа көмектесе отырып, аяушылық, қамқорлық қасиеттеріне баулу.

Көрнекілік құралдар: Слайд, кеспе әріптер, Ш дыбысы бар суреттер.

Шаттық шеңбері:

Күніміз ашық болсын!

Суымыз тұңық болсын!

Ауамыз таза болсын!

Еліміз тыныш болсын!

Бәріміз бақытты болайық,

Бәріміз де дос болайық!

Қайырлы күн балалар!

-Балалар, бүгін бізге апайлар қонаққа келіп отыр амандасып алайық.

— Қазір жылдың қай мезгілі?

— Қыс мезгілінде неше ай бар?

— Бір аптада неше күн бар?

— Дыбыс деген не? (Естиміз, айтамыз)

— Дыбыс нешеге бөлінеді? (Дыбыс екіге бөлінеді)

— Қандай? (дауысты, дауыссыз)

— Дауысты дыбыстар қалай айтылады (созылып)

— Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады (қысқа)

— Әріп деген не? (жазамыз, көреміз)

— Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

 

— Балалар біз мультфильмдер көреміз бе?

— Қандай мультфильмдер білеміз?

— Мынау қандай мульфильм, қалай аталады?

— «Алға Диего» (видеороликтен мультфильм көрсету)

— Алға Диего!

— Сәлем достар! Менімен саяхатқа шыққыларың келе ме?

— Иә

— Олай болса менің бір шартым бар. Сіздерге тапсырмалар берем, егер сол тапсырманы дұрыс орындасаңдар, саяхатқа бірге шығамыз. Келісесіңдер ме?

— Иә.

Диего: Жарайсыңдар достар! Сендерге ризамын ендеше саяхатымызды бастайық.

— Саяхатымызды бастаймыз.

1-ші тапсырма: Ойын: «Көп ойла, тез ойла»

Шарты: У дыбысына байланысты сөздер тауып айту.

Уық, уыз, тауық, ұлу,аққу,т.б.

Жаңа сабақ.

Кішкентай маймылға тал басынан банан алып беруге көмектесу.

— Ол үшін бізге не қажет?

— Талға шығу үшін әрине баспалдақ керек.

— Ол үшін мына тапсырманы орындау керек.

2-ші тапсырма:

Жұмбақ шешу:

Қыста үйге кірмейді

Көктем шықса жүрмейді (Шана)

— Шана деген сөздің басында қандай дыбыс естіліп тұр?

— Дұрыс айтасыңдар, бүгін біз осы «Ш» дыбысымен танысамыз

— Қане бәріміз айтып көрейікші. ШШШ

— Ал енді ААА дыбысын қайталайық

— ААА дыбысымен салыстырайық. Ш дыбысын а дыбысы сияқты еш кедергісіз айта аламыз ба?

 

— Себебі тіл, тіс, бөгет жасайды осындай кедергімен айтылатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз, оларды көк түсті текшемен белгілейміз,

— Ш дыбысы қандай дыбыс?

— Дауыссыз дыбысты қандай текшемен белгілейміз?

— Құстарға балапанын жыланнан құтқаруға көмектесу.

3 -ші тапсырма: «Кім шапшан»

Шарты: Суреттен Ш әрпінен басталатын сөздерді атап, буынға бөлеміз.

4 -ші тапсырма: Жыланның тапсырмасы:

Сергіту сәті:

Қане, қанат жазайық,

Қарлығаш болып ұшайық.

Ұшып — ұшып алайық,

Қане, қайта қонайық.

5-ші тапсырма « Кім жылдам, тез тап».

Мақсаты: балалар тақтадан көру арқылы тірек сызба бойынша қатесіз буындарды оқыту, есте сақтау

Ш- А, ША,ША, А-ША АША,АША

Ш-А, ША-НА, АЛ-ША, ША-ШУ

6-ші тапсырма: Қоянды судан құтқару.

— Ол үшін бізге не қажет?

— Әрине, дельфин қажет.

— Дельфиннің тапсырмасын орындайық.

Буынұйқас

Ша-ша-ша

Қысы- жазы бір түсте шырша.

Шу-шу-шу

Тойдағы шашу

Шы-шы-шы

Әкем менің аңшы

 

7-ші тапсырма: — Аюға бал жинауға көмектесу.

-Аралардың тапсырмасы:

Дидактикалық ойын: «Сиқырлы буын»

Шарты: Балалар дыбыстарға дыбыстық талдау жасау

ША-НА . Екі буынан тұрады, төрт дыбыс бар.

Ш- дауыссыз, А- дауысты, Н- дауыссыз, А- дауысты

Дәптермен жұмыс:

Дәптерімізді ашайық

Салақтықтан қашайық

Қолға қалам алайық

Көркем етіп жазайық

-Ш дыбысын ауаға жазу. Дәптерлерінен Ш дыбысының баспа түрін жазу.

Диего: Жарайсыңдар, достар, мен сендерге ризамын. Барлығыңа Қадыр Мырза Әлінің өлең жолдарын айтып берулеріңізді өтінемін

Мен кәдімгі шалғымын,

Қыстай біраз қалғыдым.

Мені көрсе шілдеде,

Жапырылар шалғының.

Қортындылау:

— Біз қандай дыбыспен таныстық?

— Ш дыбысы қандай дыбыс?

-Ш дыбысына байланысты қандай сөздерді үйрендік?

Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: Ш дыбысының ерешеліктерімен толық танысты.

Түсінігі: Ш дыбысы бар сөздерді буынға бөле білді.

Көрсете білу: Шана сөзін дыбыстық талдау жасауды меңгерді.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *