ШЫН ДОС БОЛУ

     ШҚО,Семей қаласы «№32 ЖОББМ»КММ

     Малбагарова Айгуль Сыдыковна : бастауыш сынып мұғалімі

     Тақырыбы: Шын дос болу бақыт

Мақсаты: оқушылардың арасындағы жағымды қарым – қатынас орнату, бір – бірін сыйлауға , адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету, коммуникативтілікті дамыту. Достықтың адам өміріндегі өзіндік ерекшеліктерін ұғындыру арқылы, оқушылардың достық қасиеттерін ұштастыру.

 

Көрнекілігі: тақырып , слайд, нақыл сөздер, шарлар

Барысы:Дүниедегі ең қымбат, ең асыл, ең таза сезім достық емес пе? Бір-біріңді көзқарасыңнан түсініп, сөздеріңді айтқызбай ұғатын, нағыз, шынайы достыққа дүниеде ешбір сезім жетпесе керек.Ал, сол нағыз достықты, нағыз досты табу әр адамның арманы. Тапқан адам, әрине, бақытты адам екен. Ендеше , бүгінгі «Шын дос болу бақыт» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Шаттық шеңбері. Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық

«Досыммен бірге»-Бір-бірімізге қарап күлімсірейміз.

-Достасуға бел буған тұрған адамның бет- әлпетін, түр сипатын саламыз

-Жауласуға бел буған адамның бет –әлпеті қандай болады, соны саламыз.

Енді бір-бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық. /үш шапалақ жасаймыз/Өмірге деген көзқарасы ортақ, дүниетанымы деңгейлес, әрі бір-бірін оңай түсінетін жандар бір-бірімен дос бола алады. Ал оның сақтаушысы адалдық пен шынайылық. Дос деген сенің басыңдағы кез келген жағдайды басқалардан артық түсінетін, яғни өзің сезгендей сезе алатын сенің екінші сыңарың. Менің түсінігімдегі достың жолдастан айырмашылығы – жолдасыңды қатты сыйлайсың, ал досқа сондайлық ілтипат танытып, құрмет көретудің қажеті жоқ. Өйткені досыңды өзіңдей көретін болған соң «өзіңнің» көңіліңді өзің аулап керек емес. Себебі ол бәрін түсінеді, бәрін де біледі. Сондықтан, кез келген істі оған міндеттей аласың немесе оның саған сеніп тапсырған ісін өзіңнің қара басыңның қамындай атқарасың. Сондай-ақ, жолдасыңа өтініш айту үшін «ол мұны қалай қабылдауы мүмкін» деп ойлануың керек болады кейде. Немесе «Қойшы, бәлкім түсінбей қалар» деп райыңнан қайтасың. Ал дос сенің жүз пайыз сеніміңдегі адам. Қалай айтсаң да жарасады.

Хор: Дос туралы жыр

әні С.Бәйтерековтікі

сөзі Т.Молдағалиевтікі

Мұғалім: «Адамдар бір-біріне адал,қалтқысыз сеніп,ортақ көзқараста болса ғана достықтары берік болады.Достық-өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың,рухани жақындықтың белгісі.”

Достық қалай сезіледі?  Достық ұстаған кезде қандай болады олайсыңдар?

Дәмі қандай?  Қандай ауа райын достыққа теңеуге болады?

Қолдардың достасуы мүмкін бе?    Біздің қолдарымыз қандай болады? (мейірімді, ашулы)

« Достың қолы, достың демеуі » /достың көмегі/  Достық деген сөзді қандай жануармен байланыстыруға болады?

-Достықты қандай бояулармен бейнелер едің?  Достық дегенді қалай бейнелер едің?

(Жауапты сурет арқылы бер. Әр бір оқушы өзі салған сурет бойынша түсіндіреді және түрлі түсті бояулар берілген)   1— жауап:Адамдар арасындағы байланыс 2-жауап: Достықты шеңберге теңедім

 

 

 

3-жауап: Жүрек 4-жауап : Гүл

 

Мұғалім: Достық – деген таусылмайтын қазына
Көктемде де солып қалар гүл емес
Қарамайды ол сыйдың көп пен азына
Нағыз достар тіпті сый да тілемес
Халықтың қара сөздерінің қара жолдай арналы бір тақырыбы достық, жолдастық. Шын досың сырттан әр ісіңе тілектес болып жүреді. Қиын қыстау күндерде сенімді ақтар дос бар да, дос қадіріне жетіп, достықты кіршіксіз сақтай алу бар.Адал дос мінін айтқанға арланбай ақылмен тыңдап, өз мінезінің қисығын жөндейді. Сондықтан достарың айтқан сын сөзді дұрыс қабылдай білу керек.

Аманжол Нұртуған: М.Мақатаев «Дос болам десең…»

Дос болам десең,
Досымды сыйла, қымбаттым!
Досыңа сонда,
Досыммен ғана қымбатпын.
Дос болам десең,
Мендегі доспен достасқын,
Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын.
Достарың көп пе?
Апырау неткен жақсы едің?
Досым аз менің…
Досым-ау менің, тапшы емін?
Достарыңменен достастыр мені, асылым,
Достастыр мені?
Болайын құлың нақ сенің!
Мұғалім: Не жетеді ғазиз досқа расында,
Қуансаң да, қайғырсаң да қасыңда   Қиналады, сен қиналсаң болғаны
Ұйықтамасаң, ұйықтамайды ол – дағы Адам үшін ата – анадан кейінгі ең жақыны — жақсы дос. Адам ес білгеннен бастап өзің түсінетін, жанына серік болатын айнымас дос іздейтіні анық. Достық адам өмірінің тірегі.  Екі дос / аудио тыңдау/

Ертеде ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде  қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.Бірде әскерлер бір өзеннің бойында қос тігіп дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасапты. Малды айдап, мүліктерін тиеп кетіпті. Қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасына апаруын өтінеді. Алып келген соң ол жаудың қолбасына:Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады, — дейді.

—          Ол не? – дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.

—          Маған сенің көздерің керек? – дейді қолбасы, — екі көзіңді ойып аламын.

—          Ол да болсын, көзімді ал да, досымды тезірек босат, — дейді.

Жігіт бұл сыннан сүрінбей өтеді.

Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады.Мұны көрген жаудың қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады.» деп түйеді. Сөйтіп өз әскерлеріне шегінуге бұйрық беріпті.

Адал достық дегенде нені түсінесіңдер?

Аңыз- әңгімедегі жауынгерлердің достығы адал достыққа жата ма? Неліктен?

Сендердің де адал достарың бар ма?

Олардың адалдығын қай іс-әрекеттерінен байқадыңдар?

Мұғалім: Адал дос дегеніміз-өтірік айтпайтын,шындықты жақтайтын,досын ешқашанда ұятқа қалдырмайтын,барлық уақытта қандай жағдай болмасын қол ұшын беріп көқмектесетін,қашан да қасынан табылатын,барын бөлісетін нағыз жолдасӘділжанов Есімжан: Бір досым бар..
Бір досым бар есімімді мақтаған,
Бір досым бар дос болса жат маған.
Бір досым бар көтеретін көңілімді,
Соны көрсең қуаныштан шаттанам. Мұғалім:Буат-буат ақшаң болғанмен бақытыңды бөлісер бір досың болмаса тірлігіңнің мазмұнды бола қоюы қиын. Қазақ халқы үшін «дос” киелі ұғым. Бұл – кезінде батыр бабаларымыздың досы үшін жанын пида етуге дейін барғандығымен-ақ айқындалып тұр. Бұл мақал осыдан шықса керек: «Ақылы көпті жау алмас, досы көпті жау алмас” . Бүгінгі таңда достықтың құны базардағы бағадай қымбатпа, әлде арзан ба? Жалпы дос деген ұғымды сенімділігіне қарай үш түрге бөліп қарауға болады.

Бірінші, жан дос. Қуанышта да, қиыншылықта да қасыңнан табылар сенімді серігің. Жан дос қайғыңды да тең бөлісе алады.Екінші, жалған дос/амал дос/. Әрқашан қасыңда. Бірақ қиыншылықта емес. Қара басының қамын үшін, қарнының тойғанын ойлайтындар. Яғни пайдакүнем.Үшінші, виртуалды дос. Бұған сенуге де сенбеуге де болмайды. Қазіргі тілмен айтар болсақ агенттегі дос. Бірі таныс, бірі жат. Бірі ашық, бірі жұмбақ. Бір қызығы, кейде интернет арқылы танысып бақытты өмір кешіп жатқандарды да кездестіріп қаласың.Дос биікке жетелейтін, қуанышыңа ортақ, қиындықта демеу болатын жан. «Жігітті досына қарап таны! — деген қазақ пәлсапасы өте орынды айтылған. Бұл ұғым аласармасын десек әрбір адам дос тұрғысынан да адал міндет атқарғаны абзал. Сонда ғана достықтың құны жоғары болмақ.

Ән: Асан Пердешов « Достар»Орындайтын: Әділжанов Есімжан, Аманжол Нұртуған

Достықты сыйлаған достарын қимаған

Қуанған сәттерде достарын жинаған

Іс түссе басыңа досыңнан жасырма

Адал дос қалады қондырып қасыңда

Қайырмасы:

Сырғып өмір өзен орында тұрмайды

Жастық шақ өтеді бір күн қол бұлғайды

Сыйластық алады достар әлемінде

Достық пен ынтымақ болсын бар елінде

Онда құрбым менің әлсіз болғаным

Осы әнді достарым

  1. Бірге ойнап бірге жүрген достарым ай

Жалындаған жастық шағым

Талай күнді бірге откізген өздеріңмен

Кайдасыңдар жан достарым

К-сы К-сы К-сы

Мұғалім:

Ү. «Сөйлемді аяқта» тренингі /жұппен жұмыс/

Екі жұпқа сөйлемдер беремін. Топтағы әрбір оқушы сөйлемнің жалғасын табу керек.

А) Әрбір адамға дос керек. Өйткені …

Ә) Сыйластық бар жерде …
Б) Менің сыныптастарыма немесе досыма тілегім…
Ал, енді балалар, достыққа қарама-қайшы сезім –ол дұшпандық, сатқындық.

Әрине досы үшін жанын қиярға дайын, адал ниет, ақ көңіл адам жоқ деп айтуға болмайды. Бірақ шын дос табу қандай қиын болса, мәңгілік дос болып қалу одан да қиын.

Мұғалім: «Балалық шаққа саяхат».

Дос дегеніміз кім? Ол қандай болуы керек?

Достық жасқа байланысты ма? Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма?

Осы достық деген сөзді кім, қалай түсінеді екен. Сол туралы ұстаздарымызбен сыр бөліскен болатынбыз. Соны тамашаласақ. /бейнеролик/

VІ. Тыныштық сәті:/музыка ойнап тұрады/

«Керемет бақ» арт – терапия, релаксация.

Өзімізді ыңғайлы, қалыпты ұстап көзімізді жұмамыз. Аяғымызды, денемізді толықтай бос ұстаймыз. Үш рет терең дем аламыз. Енді көз алдыңызға әдемі гүлдерге толы, әсем керемет бақтың ішінде жүрміз деп елестетіңіз. Сіздің алдыңызда иісі мұрынды жаратын жұпар иісті, әдемі жүздеген, мыңдаған гүлдер өсіп тұр. Кенеттен бетіңізге самал жел соққандай болды. Жүріп келе жатып сізді алыстан көз тартып шақырғанда болып тұрған гүл өзіңіздің жаныңызға жақын. Сол гүлді қолыңызға алып иіскеп, гүлге аялап қарап тұрдыңыз. Сол гүлді сіз өзіңіздің жақын адамыңызға немесе досыңызға тарту еттіңіз. Досыңызда осы гүл сияқты өте әдемі. (Транстан шығып өз әлемімізге ораламыз)

Б) Ойын: «Сиқырлы орындық».

Мақсаты: адамның тек қана жақсы қасиеттерін танып білу,адамға деген қызығушылығын арттыру
Ә) Ортадағы орындыққа бір оқушы отырады. Қалғандары сол оқушының ұнамды жақтарын айтып жүрекшелер сыйлау.

Жағдаяттар шешу.

Тақтада шарлар ілулі Сол шарларды көздеп шарлардағы сұраққа жауап беру.

*Саған досың өкпелі.Неге екенін білмейсің.2күн болды сені көрсе қашқақтайды.Сен не істейсің«ДОСтық күншуағын құрастырайық.
Әр түрлі түсті қағазға берілген тапсырмаларды орындаймыз.

Адал дос болу үшін басқа оқушыларға  талап қояды.

Адал дос болғаның дұрыс.

Досыңды алдамай, оған адал бол

Адал дос болуда шыдамдылық танытқаның жөн.

Досыңа берік болуға тырыс.

Досыңды қорлама, қиын кездерде бір-біріңе көмектесіңдер

Адал дос болу үшін басқа оқушыларға ақылдарын айтады.

Менің ақылым-досыңа адал болсаң мақсатыңа жетерсің

Менің ақылым-досыңа жасаған жақсылығыңды міндет етпе

Менің ақылым-әрқашан да досыңа сыйлы бол

Менің ақылым-досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл

Адал дос болу үшін барлық оқушыларға өз ойларын айтады.

Менің ойым- нағыз адал дос болып қалыптасу.

Менің ойым-досыңның ісіне жауапкершілікпен қарау.

Менің ойым-өзімді,досымды сыйлау.

Менің ойым досымның кемшілігін кешіре білу

Адал достық күншуағын құрастырдық. Барлық достар бір-біріне адал болсын!

Қорытындылау.

Мұғалім:

Ертеде бір ақылды қария болыпты.Бір күні ақылды қарияға бір жігіт келіп:

-Ақсақал,мен қандай жігітпін? Сынаңызшы,-депті.Қарт жігітке:

-Жолдасыңды көрсет,сонан соң айтамын,-депті. Жігіт жолдасын қартқа жіберіпті.Қарт жігіттің жолдасымен ұзақ сөйлесіп,ақырында жігіттің өзін шақырыпты.Жігіт келген соң,қарт:

-Шырағым,жаман жігіт емессің,-депті.

-Қалайша олай дейсіз? Мені бұрын көрген жоқсыз ғой?-депті жігіт.Қарт күліп:

-”Жігітті жолдасына қарап бағала”  дейді халық,-депті.

Айнымас досы бар адам –ең бақытты адам.Досы уәдесіне берік болса,досымен бірге болса,қолынан келген көмегін аямаса,жабырқағанда қасынан табылса,ол әрине айнымас дос.Ондай досы бар адамның бақытты болмауы да мүмкін емес.Саған досың өкпелі.Неге екенін білмейсің.2күн болды сені көрсе қашқақтайды.Сен не істейсің?Досың сенің жақсы көретін киіміңді күйдіріп алды Қандай шешім қабылдар едің

  1. «Кемшіліксіз…. іздеген адам….қалады».
    «Дұшпан…. айтады, дос…. айтады».
    3. «Жаңылмайтын… жоқ, сүрінбейтін тұяқ…….».
    4. «…. жаңасы жақсы,… көнесі жақсы.».
    5. «………. ақшаң болғанша, көп досың…».
    6. «Досы көппен….,
    Досы жоқпен…».
    7. «Досы…, өзі де жақсы».
    8. «…. басқа қарайды,
    … аяққа қарайды».
    9. «Ақылсыз…. ақылды дұшпан….».
    10. « Досың мың….,
    … біреу болса да көп».
    11. «… адам тамыры жоқ… тең»
    12. «… дос болсаң,
    Сасқанда ақылың айтар.
    … дос болсаң,
    Топ ішінде бетің қайтар».   Жауа птары
    1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады».
    2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.
    3. «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ».4. «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы».5. « Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын».6. «Досы жоқпен сырлас,
    Досы көппен сыйлас».7. «Досы жақсының — өзі де жақсы».8. «Дос басқа қарайды,
    Дұшпан аяққа қарайды».9. «Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық»
    11. «Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең»
    12. «Білімдімен дос болсаң,
    Сасқанда ақылың айтар.
    Білімсізбен дос болсаң,

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *