Шебердің қолы ортақ

Ізбасова Әсем Қалыбайқызы

Мақсаты:Жарысу арқылы оқушылардың бәсекелесу қабілеттерін дамыту, жылдам шешім қабылдауға, ойларын жинақтап, қорытынды жасауға, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Білімділік мақсаты: Алған білімдерін практикамен байланыстырып, ойларын тұжырымдай білуге, үнемділікке, біткен іске талдау жасай білуге, ойлампаздыққа үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Өнер туындыларын эстетикалық талғам — мен қабылдау қабілеттіліктерін, өнерге қызығушылықтарын, шығармашылық белсенділіктерін арттырып, бұйым жасау түрлеріндегі іс — әрекетке білімі мен шеберліктерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Бұйымның тиімділігі мен қажеттілігін түсініп топтаса отырып эстетикалық шығармашылықпен жұмыс істеу, кезінде уақытты тиімді пайдаланып, жинақтылыққа, төзімділікке, икемділікке тәрбиелеу.
Түрі: Дәстүрден тыс сайыс сабақ.
Әдісі: Сайыс сабақ.

Көрнекілігі: плакаттар, шарлар, слайд
Барысы:

Бүгінгі  6 сыныптың оқушылары арасындағы «шебердің қолы ортақ»  сайысы. Сайыс 8  кезеңнен тұрады.

Сайыс кезеңдері:

1 — кезең. Топтың аты, эмблема.
2 — кезең. Оюшылар оюояды.
3 — кезең. Мақал – мәтел жарысы.
4 — кезең. Қол өнер

5 — кезең. Ұлттық қолөнерге байланысты, қоржыннан 4 топ  сұрақтан алып жауап береді.
6 — кезең. Сөз беріп, сол әріптердің ішіненбірнеше сөз құрау.

7-кезең. Сән көрсету.
8 — кезең. Ас әзірлеу.
«… Адам кез келген жұмысқа жарамды бола бермейді… Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса, білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, сондай рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады».
Әл — Фараби
«Жастық шаққа өнер тән, өнерлінің ісі сән».
«Еңбек үйренемін десең жерікпе».
«Баппен бастап, талғаммен аяқта».
Жүргізуші:
Уа, халқым аманбысың, армысың,
Көңілі көктем арулары бармысың.
Мерекеге сән беретін аруларды
Мына отырған көрерменім қолдасын.
Болады қыздың аты затына сай.
Ниет етсең болуға өнерге бай.
Артық емес, үйрен де жирен деген,
Бос қалып бұл өмірде жүрмеші жай.
Туған халқым өнерің ұрпаққа үлгі,
Көңілі көктем, әрқашан жаны ізгі.
Салт — дәстүр мирас болып бізге жеткен,
Асқан өнер жасампаз қалған мәңгі.

Бүгінгі 6 сыныптың сайысқа қатынасушы оқушыларын ортаға шақырамыз. Олай болса сайыс кезеңдерімен таныс болыңыздар. Сайыс 8 кезеңнен тұрады.

1.Сайыстың бағдарламасымен таныстыру.
Таныстыру

  1. Оюшылар ою ояды кезеңі
  2. Мақал – мәтел жалғасын табу кезеңі
  3. Қол өнер көрету
  4. Сұрақ-жауап
  5. Сөз құрау (берілген сөздің ішінен)
  6. Сән көрсету
  7. Ас әзірлеу

Халқымыз «Шебердің қолы ортақ» деген, он саусағынан өнері тамған  тобтарымыздың  өнерін көрейік.

Топ  басшылары топтарын таныстыру.

Жүргізуші:
2.Түрін – ай текеметтің! Асыл қандай!
Үңілдім үнсіз ғана басымды алмай.
«Келе ғой қошақаным өзіме!» деп,
Әжем кеп сипағандай шашымды жай.
Күйімді кешсеңдер — ау сол беттегі,
Тұрғандай ана — көңілі тербеп мені,
Жан бітіп жайраңдады жан — жағымнан
Қазақтың қошқар мүйіз өрнектері.
«Ою ойғанның ойы ұтқыр». 4 топтың қыздары оюояды. (2 минут).
3. Салт – дәстүрге байланысты мақал – мәтел жарысы. ( 5 минут).

  1. Гүл өсірсең терлеп – мұның аты еңбек,
    Кесте тіксең зерлеп – мұның аты еңбек,
    2. Сабағыңа жөндеп, әзірлесең еңбек,
    Қиындықтың бәрін еңбек қана жеңбек.

3.Еңбегі аздың өнбегі аз.

  1. Ұстаның бізі сүйкімді, жақсының сөзі сүйкімді
  2. Шебердің инесіде алтын, соққан күймесі де алтын
  3. Шеберді саусағы асырайды.
  4. Еңбексіз өмір жоқ, ауырсыз жеңіл жоқ
  5. Еңбексіз өмір – сөнген көмір.
  6. Қазақ халқында «Өнерлінің қолы алтын» деген сөз бар,
    4 топтың оқушылары қол өнер бұйымдарын көрсету, таныстыру. ( 7 минут).
    5. Ұлттық қолөнерге, салт – дәстүрге байланысты сұрақтар сайысы.

    1. Қазақ қыздарының бас киімі. ( Сәукеле )
    2. Киізден сырып, оюлап жасалған төсеніш. ( Сырмақ )
    3. Іс тіккенде саусаққа киетін құрал. ( Оймақ )
    4. Ең көне ою. ( Қошқар мүйіз )
    5. Жеңсіз жеңіл киім. ( Камзол )
    6. Кестеге арналған матаның аты. ( Шыт )
    7. Сәндік үшін төсектің тұсына ұстайтың үй жиһаздарының бірі. ( Түскиіз )
    8. Кестеге арналған ине қандай болу керек? ( Жіңішке және қысқа )
    6. Дастарқан деген сөздің ішінен, бірнеше сөз құрау. (1 минут )
  7. Сән шеруі. 4 топтың оқушылары қалдық бұйымдардан сән шеруін көрсету.
    8. Жақсы ісі шығарар адам атын,
    Танытқандай мөр қасқаны маңдайымнан.
    Тәтті қолмен жасалған дәмді астың,
    Дәмі кетпес талай уақыт таңдайымнан.
    «Ас адамның арқауы» — қыздардың ас әзірлеу уақыттары келді. Ортаға аспазшы  қыздарды шақырамыз. ( 7 минут)

Сайысымызды қортындылай келе әділқазы алқаларына сөз береміз.
Әділқазылар алқасы, екі топтың бағасын қорытындылап, жеңген топқа марапаттау қағазын табыс етеді.
Жүргізуші:
Қолөнері халқымның өрістесін,
Әрқашан Алла берсін берекесін.
Осымен жыр кестесін аяқтаймын,
Өнерлі жастарымыз өсіп өнсін.
Қорытынды бөлім: Әділқазылар алқасы 4 топтың жұмыстарын бағалап, толықтыратын жерлерін көрсетеді, жеңімпаз топты анықтайды. Оқушылардың еңбегіне қарай орындар беріп марапатталады.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *