Шаттық толы жүрегіміз! (тренинг ата-аналармен)

Мақсаты:балабақша мен ата-аналар арасындағы байланысты нығайту,ой-пікірлерін білу,көтеріңкі көңіл-күй сыйлау,сыйластық пен бір-біріне деген құрметті көтеру.
Құрал-жабдықтары:түрлі-түсті қатты қағаздар,желім,қайшы,ақ парақтар,түрлі-түсті қарындаштар т.б.
Көңілді әуенмен қошеметпен ата-аналар ортаға шақырылады.
Жүргізуші:
Құрметті ата-аналар,бүгінгі «Шаттық толы жүрегіміз!» атты ата-аналарға арналған тренингке қош келдіңіздер!
Тренинг 5-кезеңнен тұрады.
1.»Көңілді көзілдірік» өз-өзін таныстыру
2.Топтық жұмыс:»Бағалау»
3. «Мимика» көңілді ойыны
4.»Егер де мен…»
5.»Махаббат шуағы»
1-кезеі «Көңілді көзілідрік» өз-өзін таныстыру
Құрметті ата-аналар,көңілді көтеріңкі көңіл-күймен «Таныстыру» кезеңімізді бастаймыз.
2-кезең: Топтық жұмыс «Бағалау»
Қатысушы ата-аналар екі топқа бөлініп,ортақ бір тақырыпты ойласа отырып таңдап,топтық жұмыс жасайды.
Берілге уақыт ішінде тапсырманы аяқтап,екі топ жасаған жұмыстарын алмастырып қарап,бір-бірлерінің жұмыстарына баға береді.
3-кезің «Мимика» көңілді ойыны
Екі топтан екі қатысушы шығып,құлақтарына құлаққап киіп,әркім өз тобының мимикамен көрсеткен сөздерін жылдам табады.
4-кезең «Егер де мен…»
Құрметті ата-аналар,егер де сіздер Қазақстан еліміздің балаларымен жұмыс жасау жолында қызмет етсеңіздер,еліміздегі балалар ұшін не жасар едіңіздер? Алдарыңызға қойылған ақ параққа өз ойларыңызды түсіріп,бізге оқып бересіздер.
Қатысуыш ата-аналар әркім өз ойларын қағаз бетіне түсіріп,оқып береді.
5-кезең «Махаббат шуағы»
Алдарыңыздағы күн шуақтарын өз балаңыздың бойындағы жақсы қасиеттерін,тәтті қылықтарын жазып,оқып бересіздер.
Әрбір қатысушы өздерінің балалары жайында жазған жақсы қасиеттері жайында оқып береді.
Құрметті ата-аналар,міне біздің ұйымдастырған тренингіміз де өз мәресіне жетті.Белсене атсалысқандарыңыз үшін сіздерге рақмет!
Сау болыңыздар!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *