«Шалқан» орыс халық ертегісі

Туребекова Гульзат Кемелбековна

Білім  беру   саласы: Коммуникация. Таным. Шығарашылық.                               Оқу қызметі: Көркем әдебиет. ҚМҰҚ. Жапсыру.                                                                                                         Мақсаты: Балаларға  ертегілер  арқылы танымдық қабілеттерін арттыру.
Қарапайым математика ұғымдары арқылы көлемін, шішінін, түсін
балаға үйрету.  Ертегіні  оқып беру арқылы, ертегіге деген
қызығушылықтарын арттыру. Ертегілердегі  кейіпкерлердің  сөз
мәнерін, қимыл-қозғалысын келтіріп ойнауға,   диалог түрінде
сөйлеуге дағдыландыру.  Сөздерді  анық  айтуға, есте сақтау
қабілетін дамытып, балаларды ұқыптылыққа, ептілікке, бірлікке,
достыққа, мейірімділікке  тәрбиелеу.  Қол  маторикасын  жетілдіру.                                                                  Міндеті: Балалардың тіл байлығын, сөздік  қорын  молайту.                                    Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап,жапсыру,сахналау.                                                                                    Сөздік  жұмыс: Жарма  ұнтағы.                                                                                                            Көрнекіліктер: «Шалқан» ертегісінің кейіпкерлері, шалқан, геометриялық
пішіндер                                                                                                              Үлестірмелі құралдар: ақ  қағаз, желім,  боялған жарма, матадан қиылған
дөңгелек пішіндер, баулар, жарма терапиясы.                                                                                 Билингвальды  компонеттер: Шалқан-репка, моншақ- бусы.                   Инклюзивті  әлеумет: Нұралимен  жеке  жұмыс.

                   І.Кіріспе  бөлім

Шаттық  шеңбер:

Кәне-кәне тұрайық,

Киіз үйді құрайық.                  

 Бір уықты қолға алып,

Шаңыраққа тағайық.

Шеңбер болып айналып,

Ленталарды  тартайық.

                   ІІ.Негізгі бөлім

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілінде неше ай бар?

-Кәне ай аттарын атайықшы?Дұрыс айтасыңдар, балалар.

-Қазір күз мезгілінің нешінші айы?

-Балалар бір аптада неше күн бар?

-Біз балабақшаға неше күн келеміз?

Балалар 1-5ке дейін кім тура және кері санай біледі?

Ал санамақты кім біледі?

-Жарайсыңдар балалар!

-Балалар біздің бүгінгі  оқу қызметіміз ерекше болмақ.                                

-Балалар сендерге ертегілер ұнайды ма?

-Қандай  ертегілерді  білесіңдер?

-Балалар  сендер көптеген ертегілерді біледі екенсіңдер.                                -Ендеше бүгін біз орыс халық ертегісі шалқан ертегісін өтеміз.                           Ертегі тыңдаймыз ба?

Ертегі айтылады.

 

-Балалар ертегі ұнады ма?

-Балалар ертегіде қандай кейіпкерлер  бар екен?                                         -Ендеше ертегіні өзіміз рөлге бөліп ойнаймыз ба?

Ендеше  балалар біз шалқан ертегісін сұрақ-жауап арқылы  сахналайықшы.

Балалар сұрауы бойынша шықты.

-Балалар  ата  бақшаға  не  екті?

-Шалқан  қандай болып  өсті?

-Ата  шалқанды  өзі  жалғыз    суыра  алды ма ?

-Ата  көмекке  кімді  шақырды  ?

-Ата мен  әже  шалқанды  суыра  алды ма?

-Әже кімді  шақырды ?

-Немере қыз кімді шақырды  ?

-Күшігі кімді  шақырды  ?

-Шалқанды  суыра  алмай мысық  кімді  шақырды ?

-Шалқанды  суыра  алды ма?

Көркем сөз:

-Көрдіңдер ме, балалар

-Бірлік бар жерде,                  

-тірлік бар екен.

— Жұмыла көтерген жүк жеңіл

-Балалар қараңдаршы   ненің суретін көріп тұрмыз?

-Шалқанның  түсі  қандай?

-Жапырағы  қандай?

-Балалар шалқан қайда өседі?

-Балалар шалқан жеміске жата ма, әлде көкеніске жата ма?

-Жарайсыңдар, балалар шалқан жерде, бақшада өседі.

Балалар   мына көрнекілікке қарайықшы?

-Не көріп тұрмыз?

-Қандай пішіндер?

Балалар шалқан қайда өседі?

-Балалар шалқан жеміске жата ма, әлде көкеніске жата ма?

-Жарайсыңдар, балалар

— Шалқан жерде, бақшада өседі.

Балалар   мына көрнекілікке қарайықшы?

— Не көріп тұрмыз?

-Қандай пішіндер?

Балалар дөңгелек пішіннің түсі қандай?

-Төртбұрыштың түсі қандай?                                                                                          -Үш бұрыштың түсі қандай?

Жарайсыңдар балалар!

Қос тілді меңгерту:

Шалқан-репка

Пішін- фигура

Балалар кәне екі орталыққа бөлініп отырайықшы?

Бірінші орталық ата мен әжеге   шалқанды  жарма ұнтағымен  желім арқылы әшекейлеп береміз.

Ал екінші орталық тақтаға қарайықшы,  мұнда түрлі матадан қиылған  әртүрлі пішіндерден моншақтарды  бауға тізген.

Моншақты бауға тізіп немере қызға сыйлайық.

Қауіпсіздік ережесін  түсіндіру.

Моншақты орыс тілінде  бусы  дейді.

Саусақ жаттығуы:

Жаңбыр жауды тырс-тырс,

Боран соқты  гу-гу.

Найзағай ойнады жарқ-жұрқ,

Күн шықты алақай!

Балаларға көмек көрсету

-Балалардың жұмыстарын жеке-жеке  мадақтау.

                 ІІІ.Қорытынды бөлім:

Балалар  сендерге  бүгінгі оқу қызметі ұнады ма? 

-Балалар менің қолымда күннің бейнесі бар.

Егерде сендер менің сұрақтарыма дұрыс жауап берсеңдер  күн бізге шуағын шашпақшы. 

Балалар  бүгінгі  оқу қызметімізде  қандай ертегіні   сахналадық ?

Шалқанды  кім  екті?

Шалқан  қандай болып өсті?

Шалқанды  кімдердің  көмегімен  суырды

Балалар ата  мен  әжеге не  сыйладыңдар?

Немере  қызға  не  сыйладыңдар ?

Балаларды күн бейнесімен қорытындылап, жұлдызшамен мадақтау.

Балаларды күн бейнесімен қорытындылап, жұлдызшамен мадақтау

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *