Цифр мен заттың саны арасындағы сәйкестікті табу. Сол жақта, оң жақта. Жыл мезгілі – көктем

Тәрбиешісі: Медиева Сәуле

Мақсаты:Цифрды заттың санымен сәйкестендіруді үйрету; заттың орналасу ретіне қарай сөзбен баяндау қабілетін арттыру; жыл мезгілдерін (көктем, жаз, күз, қыс) айыра білу және атап көрсету қабілетін нығайту.

Билингвальды  компанент: көктем-весна, жаз-лета, қыс-зима, күз-осень.

 

Әрекет

 кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотива-

циялық-

қозғау-

шылық

Шаттық шеңбері

Қуанамын менде,

Қуанасың сенде.

Қуанайық бәріміз,

Арайлап атқан күнге!

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Көктем мезгілінде неше ай бар?

Ендешеатап беріңдерші!

Жарайсыңдар балалар бүгін көктемнің алғашқы күні.

Көктем мезгілінің қандай ерекшеліктері бар?

Балалар көктем мезгілі туралы қандай тақпақтар білесіңдер?

Бір жылда неше мезгіл бар?

Төрт мезгілдің ерекшелігіне тоқталып өтеміз.

Жарайсыңдар балалар!

Балалар шаттық шеңберін орындайды.

 

Көктем мезгілінде үш ай бар.

Наурыз, Сәуір. Мамыр.

Көктемде күн жылына бастайды. Қар, мұз ериді. Құстар ұшып келеді.

Төрт мезгіл бар.

Көктем туралы тақпақтарын айтады.

Ұйымдас-

тыру-

шылық-

ізденістік

«Цифрды тап» ойыны.

Тәрбиеші балаларға цифрды көрсетеді және оның қандай цифр екенін сұрайды.

1-тапсырма.

Сұрақ қояды:

-Қоянның неше сәбізі бар?

-Тиіннің неше саңырауқұлағы бар?

-Себетте қандай сан жазылған?

Тәрбиеші: себетке қай аңның қорегін жинаймыз?

Нақтылайды:

-Неліктен тиіннің қорегін салдыңдар?

2-тапсырма.

Тәрбиеші сол жақтағы цифр қандай санды көрсетіп тұрса, жолақтың ішіне сонша зат салуды тапсырады.

Тәрбиеші орындалған тапсырманы тексереді және мынадай сұрақ қояды:

— 5, 4, 3 цифрларының қасына неше заттың суретін салдыңдар? Себебін түсіндіріп беріңдер.

Санамақтар.

Бір дегенім Бесік,

Шықтым содан өсіп.

Екі дегенім-елім.

Далам, тауым, көгім.

Үш дегенім-үміт,

Үміт артар жігіт.

Төрт дегенім төзім,

Төзе білем өзім.

Бес дегенім бақыт,

Бағалайтын уақыт.

 

 

 

«Бәріміз біргеміз» Сергіту минуты.

Оңға бір қадам, солға бір қадам.

Шапалақ ұрамыз.

Алға бір қадам, артқа бір қадам.

Шапалақ ұрамыз.

3-тапсырма.

Тәрбиешінің оң қолында қоян, сол қолында тиін (ойыншық) тұр. Балалардан тиін мен қоянды қай қолына ұстап тұрғанын сұрайды. Содан соң теріс қарап, балаларға арқасын беріп тұрады және ойыншықтардың қай қолда тұрғанын табуды сұрайды.

Осыдан қорытынды жасайды:

-Егер адам сендерге қарап тұрса, оның «оңы» сендердің «сол жағың» болып табылады.

4-тапсырма.

Тәрбиеші жыл мезгіліне байланысты суретті тауып, әр жыл мезгіліне қарай ерекшеліктерін табуға  тапсырма береді.

Балалардан сұрайды:

-Көктемнің тағы қандай белгілерін білесіңдер?

 

 

Балалар цифрды тауып айтады.

 

 

3 сәбізі бар.

4 саңырауқұлағы бар.

4 саны жазылған.

Тиіннің қорегін жинаймыз. Өйткені оның 4 саңырауқұлағы бар.

 

 

 

 

 

 

Балалар тәрбиешінің қимылын қадағалап отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көктемде мұз ериді, құстар ұя салады, көбелектер пайда болады.

Балалар жауап береді.

Рефлек-сиялық-

түзету-

шілік

Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру. Тәрбиеші балалардан сұрайды:

-Қай аңның  тамағын себетке салды?

-Мен сендерге қарап тұрмын. Менің «солым» қайсы, «оңым» қайсы?

Тәрбиеші балаларды мадақтайды.

Балалар өз жұмыстарын тәрбиешінің қолындағы үлгімен салыстырады.

 

Күтілетін нәтиже:

біледі: 1-ден 5-ке дейінгі цифрларды, жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін (көктем, жаз, күз, қыс);

игереді: цифрды заттың санымен сәйкестендіруді;

меңгереді: өзіне қатысы бойынша заттардың жағдайын сөздермен бере білу түсініктерін.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *