ЦИКЛОГРАММА Бір аптаға (13-17 Қараша 2017 ж.) «Балапан»2- кіші топ

 

ЦИКЛОГРАММА

Бір аптаға (13-17 Қараша 2017 ж.)

«Балапан»2- кіші топ

Өтпелі тақырып «Тірі және өлі табиғат»

 

Күн тәртібі

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

 

Бейсенбі

 

Жұма

 

Балаларды қабылдау

Ата-аналармен әңгімелесу

 

Ойындар (үстел үсті, саусақ және т.б. )

 

Балаларды қабылдау.

Ата-аналармен амандасу. Дене қызуы мен тазалығына көңіл бөлу.

Қимылды ойын:

 «Не ұшты?»

Мақсаты: Балаларды шапшаңдылыққа, байқампаздыққа тәрбиелеу.

 

  Балаларды қабылдау. Ата –аналармен балаларының денсаулығы туралы әңгімелесу.                  Балалардың қарым қатынасын дамыту.

Дидактикалық ойын: «Кім жоқ?»                     Мақсаты:Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту.

Балаларды қабылдау. «Амансың ба, достарым!» Балалардың бір-біріне жақсы көңіл күй сыйлауға үйрету.

Жұмбақ жарысы   Мақсаты:Балалардың ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Балаларды қабылдау. Ата-аналармен  жеке әңгімелесу. Дене қызуы мен тазалығына көңіл бөлу, жағымды  жағдай орнату.

Әдеп туралы сөйлесу

Мақсаты: жақсы тәртіп әдеттерін қалыптастыру

Балаларды қабылдау. Денсаулығы, көңіл- күйі туралы білу.

Құрылыс ойындары:   Құрастырып ойнау, тату ойнауға үйрету.

 

Таңертеңгі гимнастика (8мин)

Музыка әуенімен таңертеңгілік жаттығулар .

Таңертеңгі жаттығу (Қазан айы 3-апта) 

Музыка әуенімен таңертеңгілік жаттығулар .

Таңертеңгі жаттығу (Қазан айы 3-апта) 

Таңертеңгі жаттығу (Қазан айы 3-апта) 

Таңғы ас

Ойын- жаттығу  . «Таза қолдар».

Үстел үстінде дұрыс отыруын қадағалау

Ас ішерде күнде біз

Сөйлемейміз күлмейміз.

Астан басқа өзгені

Елемейміз білмейміз.

 

 

 

 

 

 

 

Мектепке дейінгі ұйым кестесі  бойынша  ұйымдастырылған оқу қызметі

1Жаратылыстану.            Тақырыбы:«Өсімдіктерді суару» (табиғат бұрышындағы еңбек)

Мақсаты:Табиғат бұрышындағы өсімдіктерге күтім жасауда сәбилерді шамасы  жетерлік іс-әрекетке қатыстыру (ірі жапырақтарды сүрту, гүлдерді суару). Табиғат бұрышындағы өсімдіктерге қамқорлық таныта білулерін дамыту. Табиғатқа қамқорлық  қарым-қатынас үлгілерін  балаларға  көрсету.Әдіс-тәсілі:Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап

1.Сұрақ жауап.

-Қазір жылдың қай мезгілі ?                                                         -Жылдың күз мезгілінде қандай өзгерістер болды?

2. Жұмбақ жасыру.

Адамдардың бәрі қызығады, су құймасаң сәні бұзылады. Бұл не?

Бөлме гүлдерімен таныстыру. (роза гүлі,бегоня)

3.тосын сәт.

Айгүл қуыршақ келеді.

Мен де үйіме гүл өсіргім келеді, бірақ мен күту, баптау ережелерін білмеймін деп балалардан көмек сұрайды.                                       

4.Сергіту сәті.

Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап демалам,
Қанатты бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.

5.Қорытынды.

Қуыршақ Айгүлмен қоштасу.

Балаларды мадақтау.

2.Музыка.

Ән үйрету:

Тақырыбы:

«Жапырақтар» 1шумақ

(Музыкасы мен сөзін жазған:

Г.Абдірахманова)

 

Мақсаты: Жапырақ биінің орындалу мәнін үйрету.Дене қимыл-қозғалысын жетілдіру ептілік,икемділікті дамыту. Өз ойларын жеткізе білуге үйрету.

 

Муз ырғақтық қимыл:

«Жапырақтар»

 

Қимылдық ойын:

«Жапырақтар жинау» ойынын ойнату.

Ойын шарты: Музыка ойнағанда тәрбиешімен бірге себетке жапырақтарды жинау.Ойын 2-3 рет қайталанады.

 

 

Көрнекілік: Себет,жапырақтар.

 

Көрнекілік: Күн, бұлт суреттері, қолшатыр.

                                  

 

1.Сөйлеуді дамыту.Тақырыбы: Орман тұрғындары.

Мақсаты: Жабайы жануарлардың (аю, қоян, түлкі, қасқыр) сипаттық белгілерін байқай білуге үйрету . Есте сақтау қабілеттерін дамыту.Сұрақтарға толық жауап беруге үйрету.

. Әдіс-тәсілі:Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап

1.Жұмбақ жасыру.

1. Қалқиып екі құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады.

(Қоян).

2. Қыста жылы киіндім,

Қоймам толы жаңғаққа.

Іші жылы үйімнің.

(Тиін).

3.Қолыңмен тиме,

Үсті толған көп ине.

(Кірпі).

4.Өзі қу, қызғылт сары түсті,
Құйрығы үлпілдек жүнді. (Түлкі)

5.Орманнан, жалпақ даладан
Бал іздеп бір аң жортады.
Кіп – кішкене арадан
Үп –үлкен боп қорқады. (Аю) 

.Жеке жұмыс жүргізу. Суретке қарап, жабайы аңдардың аттарын айтады. 

2.Дидактикалық ойын: Аңдарды сипаттайық.

3.Ойын:Жүрісін салайық.
-Қорбандап жүретін маймақ аюды бейнелейік.
-Түлкінің жүрісін салайық.
-Қорқақа қоянды бейнелейік.

5.Қорытынды.

Сұрақ жауап.

Балаларды мадақтау.

 

2.Құрастыру.

Тақырыбы:Көкөністерге қойма.Мақсаты:Құрастырмалы ойыншықтарды кеңістікте дұрыс орналастыруға және оның көлеміне, пішініне, түсіне қарай қоймалар жасауға үйрету, көкөністер туралы қарапайым түсінік беру. Әдіс-тәсілі:

1.Тосын сәт.

Әже келеді.

Балалардан көмек сұрайды.

Көкөністерін қоюға қойма жасап беруді сұрайды.

2.Қойма туралы түсінік беру.

3.Құрастырудың әдіс тәсілдерін көрсету,түсіндіру.

4. Сергіту сәті:

Бас бармағым, атам менің,

Балан уйрек, әжем менің,

Ортан терек, әкем менің,

Шұлдыр шүмек анам менің,

Кішкентай бөбек бұл мен.

5. Жеке көмек.

6.Қорытынды

Әже рахмет айтып балалармен қоштасады.

Сұрақ жауап.

Балаларды мадақтау.

 

 3.Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Сылдыр-сылдыр сылдырмақ.

Мақсаты: жүруді  жүгірумен кезектестіріп, тоқтап, бағытты өзгертіп жүру, жүгіруге дағдыландыру,

құм салынған кішкене қапшықты тура бағытта алысқа лақтыру. Дене шынықтыруға деген қызығушылықтарын арттыру, ептілікке,

 1. Педогог төмендегі тапсырмаларды орындатады:

2. Жаттығудың жасалу ретін түсіндіріп тұрып көрсетеді.Балаларға орындатады.Балалардың дұрыс орындауларын қадағалайды.

«Сылдырмаққа үрлейік» тыныс алу жаттығуы.

3. Негізгі қимыл қозғалыс жаттығулары:

-Тура жолмен жүру және жүгіру.

Бір-біріне доп домалату

4.Ойын

1.Қоршаған ортамен танысу.Тақырыбы: «Жабайы жануарлар»

Мақсаты: Әр аңның атын, балаларын ажыратып дұрыс атауға, жаттықтыру және олардың тіршілік ететін ортасы туралы түсініктерін бекіту. Жабайы аңдарға байланысты көрнекіліктер пайдалана отырып,балалардың ой – өрісіндамыту.Қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.                        Әдіс-тәсілі: Сұрақ — жауап, түсіндіру, көрсету.

1.Ойын: «Ненің құлағы?»

-Бұлардың барлығын бір сөзбен қалай айтамыз? 

2.Суретпен жұмыс. 

Жабайы жануарлар

3. Тіл ұстарту жаттығуы:
—    Ыр, ыр, ыр ырылдайды қасқыр,
—    Кі, кі, кі бұлаңдайды түлкі,
—    Ян, ян, ян жүгіріп  жүр қоян,
—    Ю, ю, ю қорбаңдайды аю. 
4.Ойын: «Аңдардың жүрісі»

5.Қорытынды.

Балаларды мадақтау.

 

2.Музыка                                           Ән үйрету: Тақырыбы:«Жапырақтар» 2шумақ(Музыкасы мен сөзін жазған:Г.Абдірахманова)Мақсаты: Жапырақ биінің орындалу мәнін үйрету.Дене қимыл-қозғалысын жетілдіру ептілік,икемділікті дамыту. Өз ойларын жеткізе білуге үйрету.

Муз ырғақтық қимыл:

«Жапырақтар»

Қимылдық ойын:

«Жапырақтар жинау» ойынын ойнату.

Ойын шарты: Музыка ойнағанда тәрбиешімен бірге себетке жапырақтарды жинау.Ойын 2-3 рет қайталанады.

 

 

Көрнекілік: Себет,жапырақтар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.   Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.

Тақырыбы:Таңертең.Дөңгелек. Бір-көп».Мақсаты:таңертең тәулік бөлігімен таныстыру; заттарды көлеміне қарай  (үлкен-кіші) және санына қарай (бір-көп)салыстыруды  үйрету;қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді.Шыдамдылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі:

1. Сұрақ қою.        Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?Күз мезгілінде неше ай болады?2. Жұмбақ

Тиіскенді түйреген,

Киімі бар инеден. (Кірпі).

2. «Бұл қай кезде болады?» ойыны

— Ұйқыдан тұрамыз, төсегімізді жинаймыз, жаттығу жасаймыз, жуынамыз, таңғы асымызды ішеміз.

Бұл қай мезгіл?

4.Сергіту сәті.

Бір деп- тік тұрамыз

Екі деп -екі рет айналамыз,

Үш деп- үш рет секіріп.

Төрт –дегенде отырамыз!

5.«Бір және көп» ойыны.

Кірпіге көп алма қайда, бір алма қай жерде тұрғанын айтып жіберіндерші.

6.Қорытынды.

Кірпі тапсырманы дұрыс орындағандары үшін балаларға рақмет айтып, қоштасады.

Балалардан: «Топтағы заттардың қайсысы көп, қайсысы бір-бірден», — деп сұрайды.

2.Дене шынықтыру.

Тақырыбы:Тауық пен балапандар

 Мақсаты: бір-біріне допты домалатуды үйрету. Допты домалату кезінде қолдың қозғау күшін,қимыл үйлесімдігін,ұзақ сезім мүшелерін дамыт

1. Педогог төмендегі тапсырмаларды орындатады:

2.Доппен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары.Шеңбер бойы тұрғызылып,жалпы дамыту жаттығуларын орындайды.

3. Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары

-Тура жолмен  жүру және жүгіру

-Бір-біріне доп домалату

4. .Ойын.

 

3.Сурет салу.. Тақырыбы.Қоян

Мақсаты:Бірнеше бөліктерден тұратын пішіндерді үйлестіре білуге жаттықтыру.Дөңгелек және үлкен-кіші сопақша дөңгелектерді қосу арқылы қоянның бейнесін салуға жаттықтыру.Балалардың аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі:  Көрсету, түсіндіру, сұрақ- жауап, сергіту сәті, мадақтау

1.Балаларды ұйымдастыру.

2. Жұмбақ жасыру: 
Ұзын құлақты, жылдам аяқты, сәбізді жақсы көретін ол не? 
Қоян туралы әңгімелесу Оның қайда тіршілік ететінін сұрау.   Ойыншық қоянды көрсетеді. Оның дене мүшелерін атайу. 

3. «Сәбізді тап» ойыны: 
Үстел үстіндегі көкөністердің ішінен сәбізді  тауып алу қажет.                               4.Сурет салудың әдіс тәсілдерін көрсету түсіндіру.

Қоянның дене мүшелерін:басын дөңгелек,денесін үлкен сопақша дөңгелек, аяқтарын кіші сопақша дөңгелектермен сызып салуға болатынын көрсете отырып түсіндіремін. Бояғанда біркелкі сызықтармен,қарындашты қағаздан үзбей сүйкей жағуға жаттықтырамын. 5.Жеке көмек.

6. Қоян балаларға рахмет айтып қоштасады.

Тақырыпты  сұрақтар қоя отырып қорытындылау жақсы сурет салған балаларды мадақтау

1.Сиқырлы саусақтар  Тақырыбы : Кірпі

Мақсаты: Балалардың кірпі туралы білімін кеңейту. Ерекшеліктерді ажырата отыра сурет салуға үйрету. Әр жаққа бағытталған шолақ түзу сызықтарды салу дағдыларын бекіту.

Әдіс-тәсілі: көрсету, әңгімелету, дәстүрлі емес әдіспен бейнелеу. 

1Тосын сәт:                            .Кірпі  келеді. Балалар кірпі өте көңілсіз болып тұр.
Оның достарының  үстерісу болып, бүлініп қалған. Енді біз кірпіге көмектесіп достарының суретін салып берейік 

2. Сурет салудың әдіс тәсілдерін көрстеу.түсіндіру.                                     -Суретті балалар бүгін біз қылқаламен, шанышқымен саламыз. Кірпінің басын үшбұрышпен, денесі сопақша, тікенектерін шанышқыны пайдалана саламыз. 

3.Артикулияциалық жаттығу, дыбыстық жаттығу: ф-ф-ф 

4.Қорытынды

Кірпі балаларға рахмет айтып ұшып кетеді.

Балаларды мадақтау.

2.Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Тауық пен балапандар   Мақсаты:бір-біріне допты домалатуды үйрету.турабағытта төрт тағандап еңбектеуді үйрету.Допты домалату кезінде қолдың қозғау күшін қимыл үйлесімдігін дамыту.Тура жолмен жүру және жүгіру.Шектелген алаң бойы жүруде тепе-теңдік сақтау қалпын бекіту.Төрттағандап еңбектеу кезінде,еңбектеуде қол мен аяқтың қимылдарын үйлестіре білуді,ұсақ сезім мүшелерін дамыту.

1 Саңырауқұлақтармен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары

2. Шеңбер бойы тұрғызып,жалпы дамыту жаттығуларын орындатады.Жаттығудың жасалу ретін түсіндіріп тұрып көрсетеді.Балаларға орындатады.Балалардың дұрыс орындауларын қадағалайды.

4. Ойын.

 

 

Серуенге дайындық

Киіну: Серуенге шығу, балаларды біртіндеп киіндіру, киімдерінің дұрыс киілуін қадағалау.

Серуен:

 

 №13Бақылау.                             Күз мезгілінде желді бақылау                                Мақсаты: Күз мезгіліндегі желдің салқын болатынын айту. Балалардың тілін дамыту, әңгімелеу арқылы.

Жел туралы мәлімет беру:Желдің күшін өсімдіктердің қозғалысына қарап анықтауды үйрету .

Еңбек: Топтағы гүлдерге су құю.

Мақсаты: Балалардың бірлесіп жұмыс жасауға баулу.

Қимылды ойын: Қояндар секіреді».

Мақсаты: Қос аяқпен секіруге үйрету.Ептілікке, шапшаңдыққа баулу. Өзіндік іс-әрекет.                                                                                                     Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері

№16 Бақылау. Түскен жапырақтарды бақылау.
Мақсаты: Балалар назарын жапырақтардың қызыл, сары, алтын түсті, жасыл-сары болып жерге түсіп, жерді жылы көрпемен жауып жатқанына аударту. Жапырақтардың түсу себебін түсіндіру.

Еңбек: Аула сыпырушы ағайдың еңбегіне көмектесу,жапырақтарды жинау
Мақсаты:Балаларды жұмысқа белсенді қатысуға үйрету, жапырақтарды бір жерге жинастыру. Еңбексүйгіштікке, өз бетінше жұмыс жасай алуға үйрету.

Қимылды ойын: «Күн мен жаңбыр»

Өзіндік іс-әрекет.                                                                                                     Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері.

№5Бақылау: Көшедегі машиналарды бақылау.                            Мақсаты: Көшедегі машиналардың жүрісін бақылау.Олардың түрлерімен таныстыру.Машина адам үшін , уақытын үнемдейтіндігімен түсіндіру.Машинаға қарсы жүгірмеу, көше тәртібін құрыс сақтап жүруге үйрету.

Қимылды ойын: «Түрлі түсті машиналар»

Мақсаты: Балаларға әртүрлі қимылдар жасату арқылы денелерін ширату, көңілдерін көтеру.

Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері

Еңбек: Өз-өзіне қызмет ету.

№ 19 Бақылау:                           Күзгі көріністі бақылау.

Мақсаты:   Күз ерекшеліктерін айыра білуге ; күннің   салқындауы, жаңбырдың жиі жаууы, жапырақтардың сарғаюы, адамдардың жылы киінуі туралы  түсінік қалыптастыру.

Қимылды ойын:   «Құс болып ұшамыз»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері

 

№20Бақылау:                                      Күз мезгіліндегі адамдардың  киім киісін бақылау.

Мақсаты:   Адамдардың неліктен күз мезгілінде жылырақ  киінетіндігін балаларға   айтып түсіндіру.

Еңбек:  Біздің ауламыз.

Мақсаты: Ауладағы түскен жапырақтарды  жинауға балаларды тазалыққа, еңбекқорлыққа баулу.

Қимылды ойындар: «Күн мен түн»
Мақсаты: Балаларды әр түрлі  қимыл-қозғалсын  дамыту, шапшаңдыққа, ептілікке , ұйымшылдыққа  тәрбиелеу.

Өзіндік іс-әрекет.                                                                                                     Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері

Еңбек: Бөлме гүлдерін суару.

Серуеннен  оралу

Балалардың дұрыс шешінуін, шкафқа киімдерін орналастыру тәртібін бақылау. Жинақылыққа тәрбиелеу. Мәдени-гигиеналық талаптарды орындауларын қадағалау

Түскі ас

Ұқыпты тамақтану дағдыларын,  ас құралдарын қолдану дағдыларын  жетілдіру. Тамақтану алдында мұқият жуынуды, тамақтану әдебін сақтап, асты аз-аздан алып, шусыз жеуді үйрету. Тамақтан соң ауыздарын шаюды қадағалау.

Тәтті ұйқы.

Балалардың тыныш ұйықтауына  жағымды жағдай орнату.

Біртіндеп ұйқыдан ояту, шынықтыру шаралары.

Төсекте жатып жасайтын жаттығу.  «Қайық» — Төсекте ішпен жатып , қолды иекке таяп қою, жартылай тұрып оңға- солға тербелу.                                                                                                                                                                                                                        Ойын жаттығу «Ұқыпты киінеміз»

Бесін ас

Ұқыпты тамақтану дағдыларын,  ас құралдарын қолдануды  жетілдіру. тамақтану алдында мұқият жуынуды, тамақтану әдебін сақтап, асты аз-аздан алып, шусыз жеуді үйрету. Тамақтан соң аузын шаюды қадағалау.

Ойындар, дербес әрекет

 

Баланың жеке даму картасына сәйкеғс жеке жұмыс

Дид/ойын: «Жыл мезгілдері»

Мақсаты:Балалардың жыл мезгідері туралы білімдерін бекіту,мезгілдерді атауларын үйрету

Жеке баламен жұмыс: Аделя.Дидармен сурет оқу қызметі бойынша қарандашты  дұрыс  ұстауға  үйрету.

Сурет салу: «Сиқырлы қылқалам»

Мақсаты: Қиялын ойлау қабілетін дамыту.

Жеке баламен жұмыс: Сөйлеуді  дамытудан У.Камила,Камилия,М.Софиямен

Мақсаты:  тілдің  грамматикалық  құрылымы бойынша   қарапайым  сұрақтарға  жауап беруге үйрету.

Д/ойын: «Не өзгерді?»

Мақсаты:Көру арқылы ойлау қабілеттерін арттыру.

Жеке баламен жұмыс:     Нұрдана,Д.Амірханмен қарапайым математика ұғымын қалыптастыру оқу қызметі бойынша «үстінде, астында, артында, жанында» ұғымын үйрету.

Үй  құрастыру

Мақсаты: Құрастыру материалдарын дұрыс қолдана білу

Баларамен жеке жұмыс:            «Әжең  туралы әңгімелеп бере»

Мақсаты: баланың сөздік қорын туысқандарының атауларын білдіретін сөздермен байыту.

Ермексазбен созу техникасын меңгерту

Серуенге дайындық

Балаларды киімдерін дұрыс киіну ретін үйретуді жалғастыру.

«Ойын жаттығу: “Досыма түймелеуге көмектесеміз“

 

 

Серуен

Серуен кезіндегі күндізгі іс-әрекетін   қайталау,толықтыру.

Өз еріктері бойынша ойын әрекеті.

Балалардың үйге қайтуы

« Сіздің балаңыздың жетістігі» М.Амирханның  ата-анасымен сұқбаттасу.                      Балалардың тәрбиешіден сұранып үйге қайтуы.

Ата –аналармен балалардың тазалықтары жайлы әнгімелесу.

Балалардың тәрбиешіден сұранып үйге қайтуы.

Ата-аналармен бала – бақша күн тәртібі жөнінде сөйлесу.          Таңертеңгілік жаттығуа уақтына келуін түсіндіру.     Балалардың тәрбиешіден сұранып үйге қайтуы.

Ата-аналараға балабақшаға төлейтін төлем ақысын уақытылы керектігін ескерту.

 

Балалардың үйге қайтуы.

Ата-аналараға ертеңгілік жаттығуға балаларды үлгертіп әкелулерін ата-аналарға түсіндіру.

Балалардың тәрбиешіден сұранып үйге қайтуы.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *