Х дыбысы және әрпі

Кдырсихова Айман Гизатовна

Сабақтың мақсаты Мақсаты: 1.Жаңа дыбыспен таныстыру, әріпті анық, дұрыс айтуға дағдыландыру.
2.Балалардың ой — өрісін, тіл байлықтарын, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерін дамыту.

3.Ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, тазалыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ — жауап, дыбысты дұрыс айтқызу, пікірлесу стратегиясы.

Көрнекіліктер Үлестірмелі суреттер, плакат т.б
Іс-қызметі кезендері Тәрбиеші  әрекеті Балалардың   іс — әрекеті
       

 Психологиялық ахуалды қалыптастыру

 

 

 

Шаттық шеңбері. Балалар қол ұстасып шеңбер құрап, мынадай өлең жолдарын айтады.
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды даламыз,
Қайырлы күн, достарым!
Қайырлы күн, ұстазым!
Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.
Ұйымдастыру  іздестіру       

 Жаңа сабақ

 

 

 

 

Жаңа сабаққа байланысты салынған суретпен жұмыс. Оқушылар суретті көре отырып, шағын мәтін құрайды. Оқушылардың құраған мәтінін тыңдау.
Марат қалада тұрады. Ал оның атасы ауылда тұрады. Марат ауылда тұратын атасына хат жазады. Атасы Мараттың хатын алып қуанды.
Өтілетін жаңа дыбысқа байланысты жұмбақ шешу.
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Жүрмейтұғын жолы жоқ. (хат)
Х дыбыстың баспаша, жазбаша түрімен таныстыру. «Хат» сөзіне дыбыстық талдау жасау. Х — дауыссыз дыбыс, А — дауысты дыбыс, Т — дауыссыз дыбыс.

Бинго әдісі: Тақтайшаға Өткен әріптерді жазу А, Т, П, Ө, Ш, Ғ, У.
Оқулықпен жұмыс.
Х әрпінен басталатын суреттерді көрсету. Балалар оқулықтан не көргендерін айтады. Мысалы: хат, халат, халба, хабар, т. б.
— Балалар, Х дыбысы сөздің басында да, ортасында да және аяғында кездеседі. (Көптеген сөздер айтып, түсінік беру. ) Хабар, Хор, хат — х дыбысы сөздің басында орналасып тұр. Шахмат, Ахмет, рахат — х дыбысы сөздің ортасында орналасып тұр. Ах. Шах, пух — х дыбысы сөздің аяғында кездесіп тұр. Тірек – сызбадағы жазылған сөздерді оқытып, мағынасын сұрау.
Хана—-Дәрі
————Ас
————Мейрам
———-Ұста
———-Дәм
———-Ем
———-Қымыз
Кітап
Осы оқылған сөздерді буынға бөлгізіп айтқызу. Мысалы Дә — рі – ха — на.
— Неше буын бар?
— Төрт буын бар. (Балалар буындағанда қолдарын шапалақтап отырып, неше буын бар екенін санайды) т. б жалғаса береді. Ем — ха — на, Қы — мыз — ха — на.

Дыбыстық талдау хат, халық, хор деген сөзге жасау.

х    

 

х        

 

х    

 

Ойын? «Адасқан әріптер»

А,л,а,х,т

т,а,х

м,а,ш,а,х,т

х,н,а

б,а,р,а,х

қ, ы, х, а,л

«Кітапхана» деген сөзді қалай түсінетіндері жайлы сұрау, ойларын ортаға салғызу.
VIII Пікір алу стратегиясы.
— Балалар, біздің мектепте кітапхана бар ма?
— Кітапхана бар.
— Кітапханада нелер бар?
— Кітапханада журналдар, газеттер, қызықты кітаптар, ертегі кітаптар бар.
Кітапхана туралы біраз мағлұмат беру.

Балалар  барлық  қимылдарды  тәрбиешіге  қарап, қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды.
Сергіту сәті Шынығамыз жастай біз,
Жаттығуды бастаймыз.
Бір, екі, үш,
Бір, екі, үш,
Бойымызға жинап күш.
Шынығамыз жастай біз,
Жаттығуды бастаймыз.
Оқушылар ойын ойнайды
 Рефлексивті — түзетушілік  Кітап↓ Білгір
Кеңесші
Білім
Ой — қиял
Ғалым
Ерік
Ақылшы
Ұстаз
Тапсырмаларды әр  бала  өз алдына ерекше орындады.
Күтілетін   нәтиже:
Білу Тапсырма  мазмұнын  толық  есте  сақтады.
Өзіне үйренгені Жаңа сабақты түсінеді
Үйрену   Сұрақтарға толық жауап беруге  үйрену.

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *