Халық ауыз әдебиеті арқылы балалардың тілін дамыту

Халық ауыз әдебиеті арқылы балалардың тілін дамыту.

Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде оларға жастайынан имандылық пен сауаттылық  қасиеттерді сіңіре білсек, тәрбиелесек, сонда ғана біз рухы дамыған, отанның гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз. Н.Ә.Назарбаев.

Қазақ ауыз әдебиеті — талай ғасырдан келе жатқан мұра, сарқылмас бай асыл қазына. Одан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың  ұлылығын танимыз. Халық ауыз әдебиетінен халқымыздың батырлық, ерлік тарихын көреміз.

Қазақ ауыз әдебиетінің негізгі түрлерінемақал-мәтелдер мен жұмбақтар, санамақтар мен ертегілер, жаңылтпаштар жатады. Бұлардың бәрі отанды сүюге, ерлікке, елін қорғауға тәрбиелейді; халық ауыз әдебиетінен сусындаған баланың тілі ұшқыр, ойы зерек, алғыр, қиялын шарықтатып тіл байлығын молайтады. Ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстыру үшін, алдымен оқылатын материалдың көлемін, мазмұнын жас ерекшелігіне байланысты анықталып алынады. Халық ауыз әдебиетімен таныстыру, арнайы өтілетін оқу қызметімен, сабақтан тыс жүргізілетін  ойын,еңбек жүмыстарында іске асады және де баланың сөздік қорын молайтып, әр сөздің мағынасын дұрыс түсініп, қолдана білуі көзделеді; бейнелі, көркем сөздерді қолдана білуге үйретеміз. Қиял дүниесінен тараған ғажайып оқиғалы ертегілер, батырлық жырлар.

Өмір тәжірибесінің қысқаша қортындысы мақал-мәтелдер. Ойға түрткі салатын сыр сандықты жұмбақтар. Қиыннан қиылыстырылған жаңылтпаштар — бәрі де балабақшада бала тілінің дамуына әсері мол.

Халық ауыз әдебиетінің ең бір саласы – ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу, сызу болмаған кезінде-ақ туған. Бұларды халқымыз  күні бүгінге дейін ұрпақтан ұрпаққа ауызша жеткізіп келеді. Балалардың тілін дамытуда ертегілерді әңгімелеу, оны кейіптендіру, баланы сөйлемді байланыстырып сөйлеуге үйретеді. Күннің бірінші жартысында көркем оқу қызметінде ертегіні балаларға айтып беріп, екінші жартысында балалардың тіл байлықтарын арттыру мақсатында және оқыған ертегінің мазмұнын толық қабылдау негізінде балалар рөлге еніп кейіптендіреді. Мысалы «Мақта қызбен мысық», «Бауырсақ». Олар өздері қалаған ертегілерін алып кейіптендіреді, сөздерін жатқа айтып отырып көңіл-күйін, дауыс ырғағын көрсетуге тырысады.

Халық ауыз әдебиетінің ең ескі түрінің бірі – жұмбақ. Жұмбақтар балалардың дүниетану қабілетін дамытады, тапқырлыққа баулу мақсатында қолданылады. Жұмбақ баланың тілін тиянақтау үшін бақылау кезінде, бейнелеу сабақтарында, қоршаған ортамен таныстыру, оқу қызметтерінде жиі қолданылады. Сондықтан бақылау кезеңі нәтижелі мазмұнды  болу үшін мән беремін. Қыс мезгілінде бақылау арқылы қардың қасиеттерін сипаттап барып жұмбақты шешеді. Жұмбақты 3-4 рет қайталағанда бала жатқа айтып тілі жаттығады, мағынасын

 

 

 

түсіне бастайды. Жұмбақ баланың ойланып жауап беруіне, заттың қасиетін байқауға, сабақ алдында балалардың көңілін аудару мақсатында айтылады.

Халық ауыз әдебиетінің бір саласы — жаңылтпаш. Жаңылтпаш тіл дамыту сабақтарында және сабақтан тыс уақытта сөздік дыбысталуын нақышына келтіре дұрыс тез, анық, шебер айта білуге жаттықтырады. Айналамен таныстыру сабағында, үй жануарларының пайдасы туралы түсінік беріп, қорытынды барысында.

Түйе маған шұбат береді,
Шұбат маған қуат береді.

Ал тіл дамыту сабағында с-ш, р-л дыбыстарын дұрыс, анық айтуға мына жаңылтпаштар өте тиімді және осы дыбыстарды жаттықтыруда сабақтан  тыс серуен кездерінде бірнеше қайталап отырсақ, берер табысы мол.

Мысалы:

Күрішші егуге кірісті күрішті,
Күрішші себуге кірісті күрішті.

Мақал-мәтелдер халықтың ұзақ уақыт бойы адамдардың іс-әрекеті, мінез-құлқынан жасалған байқауларынан туған дана сөздері. Бұлар баланың тілін дамытып, ақылды, мағыналы, тәрбиелі сөздерді еске сақтауға, сөздің мағынасын түсініп оны жатқа айтуға және үйренген сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге қалыптастырады. Мақал-мәтелдің әр сөзін түсінетіндей етіп мәнерлеп, сөз ырғағына салып айтқан жөн. Мақал-мәтел барлық сабақта  және сабақтан тыс уақытта тәрбие ісінде қолданылады. Мысалы тамақ ішер кезде өте тиімді. «Ас адамның арқауы» деген мақал қолданған жөн. «Денсаулық — зор байлық» мақалы денсаулықтың адамға ең қажет екенін түсіндіріп, баланың сөздік қорын дамытып, баланың сөйлеуге тілін жаттықтырады.

Халық ауыз әдебиетінің бала тілін дамытуда халық арасында кеңінен дамыған қимыл ойындарының алатын орны ерекше. Ойында тапқырлық, шапшаңдық, батылдық қасиетімен, ойынмен бала тәрбиесіндегі алатын орнын жақсы білген халқымыз «Ақ серек, көк серек», «Қуыр-қуыр-қуырмаш», «Соқыр теке» ойындарын ойлап тапқан, ойындарда ауыз әдебиетінің үлгілері кеңінен пайдаланып, баланың тілінің дамуына сөйлемді байланыстыра сөйлеуге үйретеді. Сонымен баланың тілі бай, сөздік қоры мол, көркем, бейнелі сөздермен байланыстыра сөйлей алатын. Сөйлем құрастыра білуге, мәдениетті сөйлей және сұрақтарға толық жауап беруге халық ауыз әдебиетінің берер маңызы өте мол.

Сондықтан құрметті ата-ана! Болашағымызды иманды, инабатты, сыпайы, алғыр, батыл, зерек етіп тәрбиелейін десек ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан халық ауыз әдебиетіне қызығушылықпен және құрметпен қарауға тәрбиелейік. Балаларға үйде де тәрбиелі мәні бар ертегілер, есте қалар мақал-мәтелдер қызықты жұмбақтар үйрете жүрейік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бала тілін дамытуда халық ауыз әдебиетінің алатын орны қандай?

Халық ауыз әдебиеті — талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай, асыл қазына,  халық шежіресі. Онан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз. Халқымыздың батырлық, ерлік тарихын көреміз. Балабақшада бүлдіршіндерді ауыз әдебиеті үлгілерімен таныстырып, олардың рухани өмірін байыта түсу балабақша тәрбиешілерінің міндеті болып табылады.
Бүлдіршіндердің ой — өрісін дамытуға, қиялын шарықтатып, тіл байлығын дамытуда ауыз әдебиет үлгілері — ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштардың тигізетін пайдасы ұшан — теңіз.
Қиял дүниесінен туған ғажайып оқиғалы ертегілер, батырлық жырлар, өмір тәжірибесінің қысқаша қорытындысы – мақал — мәтелдер, ойға түрткі салатын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған тақпақ – жаңылтпаштар — бәрі де балабақшада кеңінен пайдаланатын дүниелер. Бұлар балаларды елін сүюге, батылдыққа, адамгершілікке үйретеді. Балабақша бағдарламасында ауыз әдебиет үлгілері үйретуге баса назар аударылған. Онда оқылған ертегі, әңгіме мазмұнын жүйелі байланыстырып, әңгімелеп беруге үйрету, ертегі мазмұнында кездесетін кейіпкерлердің іс — әрекетіне сай образды сөздер мен диалогтарды, кейбір өлең шумақтарды бұлжытпай жатқа айта білуге, екі адамның диалогында кездесетін сұрақ, қорқыныш, талап тілектерді білдіретін сөздерге дауыс екпінін дұрыс қойып, мәнерлі айта білуге тәрбиелеу болып табылады.

Қазақ халқының тұрмыс салтын, арман үмітін, өткен өмірін кеңінен танытатын ауыз әдебиеті үлгілерінің көлемді саласының бірі – ертегілер. Ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу сызу өнері болмаған кездің өзінде – ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан ұрпаққа ауызша да, жазбаша да жеткізіп келеді.
Ертегінің өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшелігі бар. Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиға желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі. Кейіпкерлер арасындағы қайшылықтар өрістей келе, әділдік үстемдік құрып, зұлымдық жеңіліс табумен аяқталып отырады.
Әсіресе, адам өміріне байланысты іс — әрекеттер өткір сықақ — мысқылмен беріліп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді.
Балалар жағымсыз кейіпкерлердің жаман әрекеттерінен бойларын аулақ ұстап, жақсылыққа құмартады. Ертегінің осындай әр жақты сырын қызықты, тартымды бала санасына лайықтап жеткізу айтушының шынайы шеберлігіне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Солардың ішіндегі бастылары:
1. Қиял — ғажайып ертегілері
2. Хайуанаттар жайындағы ертегілері
3. Тұрмыс — салт ертегілері
4. Аңыз ертегілері

 

 

 

Мектеп жасына дейінгі балаларға осы аталғандардың бастапқы екі түрі оқытылады. Ертегілер балалардың жас ерекшелігіне сай жоспарланады.
Кіші топтарда (3 — 4 жас) ауызша әңгімелеп беру тәсілі қолданылады. Ересектер тобында (5 — 6 жас) оқығанды тыңдату мен әңгімелеп беру қатар жүргізіледі.
Мұндағы мақсат – ертегіні әңгімелеуге үйрете отырып, оқылған ертегіні шыдамдылықпен тыңдай білуге үйрету болып табылады.
Халық ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан, өзіндік ерекшеліктерімен танылған халықтың асыл ойының көркем жиынтығы — мақал мен мәтелдер арқылы да беріледі. Қазақтың мақал — мәтелдері негізінен елдікке, ынтымақ — бірлікке, адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелейді. Халықтық шығармалар ішінде жұмбақтар үлкен рөл атқарады.

Жұмбақтар баланы байқағыштыққа, тапқырлыққа баулып, ой — қиялын ұштастыруға көп әсер етеді. Халықтық шығармалар ішінде баланы дұрыс та, айқын сөйлеуге үйрететін, тілін жаттықтыруға бейімдейтін жанр – жаңылтпаш. Балалар жаңылтпаш арқылы сөздерді дұрыс сөйлеуге, жеке дыбыстарды алмастырмай дұрыс айтуға үйретеді.
Бала тілін дамытуда, ой — өрісін кеңейтуде халық ауыз әдебиетін балабақшада пайдаланудың маңызы зор.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *