Фитодизайн. «Топиари ағашын» көркемдеп өңдеу.

Тақырыбы:     Фитодизайн. «Топиари ағашын»  көркемдеп өңдеу.

 

Сабақ мақсаты: 

Білімділіктопиари өнері туралы мәліметтерді және технологиясын  тереңінен  меңгерту, түрлі-түсті ксерокс қағазынан гүл жасауды, «Бақыт ағашын» өңдеуді үйрету.

 

 Дамытушылық:     ой-өрісін кеңейту, эстетикалық талғампаздық  пен еңбекқорлық іс-әрекеттерін қалыптастыру.  

 Тәрбиелік:. жұмыс атқару кезінде еңбек мәдениетін сақтауды үйрету, ізденімпаздыққа, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.  

Сабақ типі: жаңа білім беру сабағы.

Сабақ түрі:  аралас сабағы.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, сарамандық жұмыс.
Сөздік жұмыс: фитодизайн, топиари, квиллинг, бонсай, оригами
Көрнекіліктер: әр түрлі техникамен жасалған гүлдер, сұрақ жасырылған жапырақтар, слайдтар.

Құрал-жабдықтар: ноутбук, проектор, экран,қайшы,  түйрегіш, желім, түрлі-түсті ксерокс қағазы, топиари өңдеу үшін пластика құмыраға бекітілген «бақыт ағашының» діні.

 

Пәнаралық байланыс:  тарих, әдебиет.

 

Сабақ барысы:

 

І.Ұйымдастыру кезең.

1.Оқушыларды белгілеу.Арнайы киіміне көңіл бөлу

2. Дайындылығын тексеру.Құрал-жабдықтарды және жұмыс орнын дайындау.

 

ІІ.Өткен сабақты қайталау.

 

            Алдыңғы сабағымызда біз орайоттардан  әр-түрлі  композиция  жасау жолдарымен таныстық.Өткен тақырыпты «Сарғайған күзгі жапырақтарды себетке жинау арқылы» пысықтайық.Ол үшін жапырақшаларға жасырылған сұрақтарға жауап берейік.

Сұрақтар:

1.Дизайн дегеніміз не?

2.Фитодизайн дегеніміз не?

3.Орайоттардан қандай бұйым дайындауға болады?

4.Қағаздың отаны қай ел?

5. Қағаз қай ғасырда пайда болды?

6.Қағаздан қандай бұйым жасау өнер түрлерін білесіңдер?

7.Қағаздың тұрмыстықта қолданылуы.

8.Квиллинг дегеніміз не?

9.Оригами дегеніміз не?

 

ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.

       Қазіргі уақытта  европалық  мәдениеті  кеңінен таралып үй  және кеңсе интерьеріне «Бақытты ағашы» сән бағытына айналған сияқты.  Топиарий — әр түрлі материалдардан жасалынған шар және тағы басқада пішіндерде жасалған композиция . Слайд арқылы таныстыру.

       Кез – келген композицияны құрастыру үшін өсімдік түрлері, құты, ұстатқыштар, құрал — саймандар, қажет. Композицияға қажетті өсімдік түріне бөлме өсімдіктері, кесіп алынған өсімдіктер, жасанды өсімдік түрлері қолданылады. Тірі өсімдіктерді пайдалану жыл мезгілдеріне байланысты, жасанды гүлдерді дүкеннен сатып алып немесе қолдан құрастыруға синтетикалық табиғи материалдардан жасауға болады. Сонымен фитодизайнда құтылардың атқаратын рөлі зор. Олар – шиша, пластмасса, фарфор, қыш, тас құтылар, ал пластмасса бөтелкеден әр түрлі пішін келтіріп, қарапайым ыдыстан бастаған жөн, мысалы  гүл құмырасы.   Гүлдерді болса  түрлі-түсті қағаздан әр-түрлі әдісімен жасауға да болады.                                                                                     

ІҮ. Сарамандық жұмыс.  Әр топ  ”Топиари ағашын”  көркемдеп өндейді, жарнамалайды.  

                                                                                        

                                           Жұмыстың орындалу реті.

 

1.Түрлі-түсті қағаздан гүл күлтелерін жасау.

2.”Ағаш желегіне” орналастыру.

3.”Топиари ағашын” әшекейлеу.                          

                                          Қауіпсіздік техникасын қайталау.

1.Қайшымен жұмыс істеген кезіндегі қауіпсіздік техникасы;

2.Ине, түйрегіш пен жұмыс істеген кезіндегі қауіпсіздік техникасы.

            

 Ү.  Материалды бекіту.

1 .”Топиари” өнері алғашқы қай елден шыққан ?

2.”Топиари”өнерінің ерекшеліктері,қай  елдің өнеріне ұқсастығы бар?

2.«Бақыт ағашына» сипаттама беріңдер.

3.Бұл гүлдерді тағы қай жерде қолдануға болады?

4. Топиариға қандай тағы материалдарды пайдалануға болады?

5. Гүл туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?

 

ҮІ.Үйге тапсырма беру:               

     Мата,түрлі-түсті таспа, ине, жіптерді алып келу.

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *