Физика пәнін ағылшын тілінде оқыту ерекшелігі

Толеуханова

Елбасымыз көздеген әлемдік рейтинг кестесінің жоғары бөлігіне іліккен елдер қатарынан орын алуымызға мүмкіндік беретін басты негіздерінің бірі — жастарымыздың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау болып табылады.

Әлемдік білім беру және білім алу кеңістігінде бәсекеге барынша қабілетті кірігудің тиімді жолдарының бірі — әрбір қазақстандықтың кемінде 3-4 тіл білуі деп атап өтілді.

Осы биік мақсаттарға жетелеу, қалыптастыру кезеңі адам өмірінің мектептегі өткізген жылдарына сайма-сай келетіні — білім беру саласына үлкен жауапкершілік пен сенім артады, білім берудің жаңа ұлттық тиімді механизмдерін құрумен байланыстырады.

 

Яғни, бұл бағдарламалардың басты идеясы Қазақстанды бүкіл әлем халықтарына үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде таныту керек

Осыған орай физика пәнін ағылшын тілінде жүргізу арқылы үш тілді оқыту бағдарламасы іске асырылуда.

Физика сабағында ғылыми терминдер мен шамаларды ағылшын тілінде қолдану өте қолайлы, әрі сабақ қызықты өтеді, үш тілде білімдерін кеңейтеді.

 

Тақырып бойынша оқушыларда негізгі ұғымдар мен түсініктері қалыптасады, физикалық шамаларды тек қазақ тілінде емес ,сонымен қатар ағылшын тілінде де меңгереді.

Сабақта қолданған  әдіс-тәсілдердің артықшылығы: оқушы білімді өзі жинақтайды; олар бірін-бірі оқытады; топта жұмыс жасайды; өз бетімен жұмыс жасайды; өзара ой бөліседі; бірін-бірі тексереді.

Физика пәнін ағылшын тілінде оқыту оқушылардың сөздік қорын кеңейте отырып, жаңалық ашуға, әртүрлі бақылаулар, тәжірибелер жүргізуге құлшындырады. Қарапайым көрсетулер оқушыны өз бетімен ізденуге, танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамытуға бағыттайды. Сонымен қатар, алған білімі өмірге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгерілуі қажет екендігі оқушы санасына сіңіріледі. Ең бастысы оқушының ағылшын тілін меңгерудегі сөздік қоры толығады, сөйлеу дағдысы қалыптасады

Ұстаздар осы жаңа әдіспен сабақ жүргізуді бәріміз бірдей қолға алып кіріссек, елімізді ең алдыңғы қатарлы елдер деңгейінен көрсете алар едік. Оқушыларымыз болашақта бірнеше тілде еркін сөйлеп, әлемнің алып елдерімен бірлесе жұмыс жасап, техника мен ғылымды жетік меңгерген тұлға қалыптасатынына сенімім мол.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *