Физика пәнінен 8 сыныпқа арналған бөлім бойынша жиынтық бағалауға әдістемелік нұсқаулықтар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар

 

 

Физика

 

 

8-сынып

 

 

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 8-сынып білім алушының «Физика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 8-сынып «Физика» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.

Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

Әдістемелік ұсыныс негізгі орта білім беру мектебі мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

 

 

Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

1-ТОҚСАН………………………………………………………………………………………………………………………… 4

«Жылу құбылыстары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау…………………………………………………5

«Заттың агрегаттық күйлері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау……… ……………………………..9

2- ТОҚСАН……………………………………………………………………………………………………………………..13

«Термодинамика негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ………………………………………..14

«Электростатика негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ………………………………………..18

 

3- ТОҚСАН………………………………………………………………………………………………………………………22

«Тұрақты электр тогы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау…………………………………………………..  23

«Электромагниттік құбылыстар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ………………………………..27

 

4- ТОҚСАН………………………………………………………………………………………………………………………31

«Жарық құбылыстары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ………………………………………………32

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-ТОҚСАН

 

БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Жылу құбылыстары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

   
Оқу мақсаттары 8.3.1.1 Молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын дәлелдейтін мысалдар келтіру және тәжірибені сипаттау.

8.3.1.2 – температураны әр түрлі шкала (Цельсий, Кельвин) бойынша өрнектеу

8.3.2.2 – жылу берілудің түрлерін салыстыру.

8.3.2.5 – жылу алмасу процесі кезінде алған немесе берген жылу мөлшерін анықтау.

8.3.2.7 – отынның жануы кезінде бөлінген жылу мөлшерін анықтау.

 
Ойлау дағдыларының

деңгейлері

Білу, түсіну, қолдану.  
  Бағалау критерийі Білім алушы

 

• Молекула-кинетикалық теорияның  негізгі қағидаларын дәлелдейтін мысалдарды ажыратады.

• Температурыны әр түрлі шкала бойынша өрнектейді.

• Жылу берілудің  түрлерін ажыратады.

• Жылу алмасу кезіндегі жылу мөлшерін есептейді.

• Отынның  жану жылуын анықтайды.

 

  Орындау уақыты 20 минут

 

  Тапсырма  

1-нұсқа

  1. Қозғалыстарды түрлеріне қарай топтарға бөліп кестеге енгізіңіз.

Газ молекулаларының қозғалысы, құстың ұшуы, түтіндегі ұсақ бөлшектердің қозғалысы, су молекулаларының қозғалысы, суда қалқыған  өсімдік спорасының қозғалысы, велосипедшінің қозғалысы, кристалдық тор түйіндеріндегі атом қозғалысы, пойыздың қозғалысы

Механикалық Жылулық Броундық
     
  1. Диффузияның қарқындылығы қандай параметрлерге тәуелді?

А) Заттың тығыздығына

В) Молекулалардың қозғалыс жылдамдығына

С) Заттың көлеміне

Д) Заттың массасына

  1. Мұздың еру температурасын Цельсий, Фарангейт, Кельвин шкаласы бойынша өрнекте.

 

 

 

 

 

4.Мына денелерге жылу берілу қай түріне жататындығын ажыратыңыз:

Суықта қарабауыр құс қардың астында түнейді, киізден жасалған үйлер жылы болады, жазда және қыста малшылар тон киеді, металл денелер тез қызады, алаудың жанында отырған адамдар жылынады, пеш үйдегі ауаны қыздырады, отқа қойған қазандағы су қызады, күн жылығанда жер беті қызады.

Жылуөткізгіштік Сәуле шығару Конвекция
   

 

 
  1. Массасы 2 кг. судың температурасын 10С –қа артыру үшін қанша жылу мөлшері қажет?

А) 4200 Дж

В) 8400 Дж

С) 4,2 Дж

Д) 8,4 Дж

6.Массасы 5кг шымтезек жанғанда қанша жылу бөлінеді? q=15МДж/кг

А) 75*105Дж

В) 75*106Дж

С) 7,5*104Дж

Д) 75Дж

 

2-нұсқа

  1. Қозғалыстарды түрлеріне қарай топтарға бөліп кестеге енгізіңіз.

Ауадағы шаң-тозаңдағы майда бөлшектердің қозғалысы, ағаш  молекулаларының қозғалысы, автомобильдің қозғалысы; өзен суының ағысы, сұйық молекулаларының қозғалысы, затты құрайтын бөлшектердің қозғалысы, судағы графит бөлшектерінің қозғалысы, метеориттердің құлауы.

Механикалық Жылулық Броундық
     
  1. Диффузияның қарқындылығы қандай параметрлерге тәуелді?

А) Заттың тығыздығына

В) Заттың температурасына

С) Заттың көлеміне

Д) Заттың массасына

  1. Судың қайнау температурасын Цельсий, Фарангейт, Кельвин шкаласы бойынша өрнекте.

 

 

 

 

 

  1. Мына денелерге жылу берілу қай түріне жататындығын ажыратыңыз:

Суықта тар аяқ  киімнен аяқ тоңады, ағаштан жасалған үйлер жылы болады, фарфор ыдыстағы ыстық шай ерін күйдіреді;Жазда күнде тұрған су қызады; Отқа қойған судың жоғарғы бөлігі қызады; Теңіз жағасы жазда күндіз қызады, түнде салқындайды; Лас қар таза қарға қарағанда тез ериді;

 

 

 

 

Жылуөткізгіштік Сәуле шығару Конвекция
   

 

 
  1. Массасы 3 кг. спирттің температурасын 10С –қа артыру үшін қанша жылу мөлшері қажет?

А) 7500 Дж

В) 2500 Дж

С) 4,2 Дж

Д) 4200 Дж

6.Массасы 3кг құрғақ отын жанғанда қанша жылу бөлінеді? q=10МДж/кг

А) 3*107Дж

В) 3*106Дж

С) 3*105Дж

Д) 30 кДж

 

Бағалау критерийі Тапсырма Дескриптор Балл
Білім алушы
Молекула-кинетикалық теорияның  негізгі қағидаларын дәлелдейтін мысалдарды ажыратады.

 

1 Механикалық қозғалысты таңдайды. 1
Жылулық қозғалысты таңдайды. 1
Броундық қозғалысты таңдайды. 1
2 Диффузияның қарқындылығы неге тәуелді екендігін таңдайды. 1
Температурыны әр түрлі шкала бойынша өрнектейді. 3 Мұздың еру ,судың қайнау температурасын Цельсий шкаласы бойынша өрнектейді. 1

 

Мұздың еру,судың қайнау температурасын Фарангейт шкаласы бойынша өрнектейді. 1

 

Мұздың еру,судың қайнау температурасын Кельвин шкаласы бойынша өрнектейді. 1
Жылу берілудің  түрлерін ажыратады. 4 Жылуөткізгіштікке арналған мысалдарды таңдайды. 1
Сәуле шығаруға арналған мысалдарды таңдайды. 1
Конвекцияға арналған мысалдарды таңдайды. 1
Жылу алмасу кезіндегі жылу мөлшерін есептейді.  

5

Жылу мөлшерінің формуласын жазады. 1
Берілгендерді пайдаланып жылу мөлшерін есептейді 1
Отынның  жану жылуын анықтайды.  

6

Меншікті жану жылуының өлшем бірілігін ХБЖ-не келтіреді. 1
Отының жану жылуының формуласын жазады. 1
Отының жану жылуын есептейді. 1
Жалпы балл     15

 

 

 

«Жылу құбылыстары» бөлімі бойынша

жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

 

Білім алушының аты-жөні_________________________________________

 

 

 

Бағалау критерийі Оқу жетістігінің деңгейі
төмен орташа жоғары
Молекула-кинетикалық теорияның  негізгі қағидаларын дәлелдейтін мысалдарды ажыратады.

 

Механикалық,  жылулық қозғалысты, Броундық қозғалысты ажырату, диффузия қарқыны неге тәуелді екендігін ажырату қиындық туғызады. Механикалық,  жылулық қозғалысты, Броундық қозғалысты ажырату, диффузия қарқыны неге тәуелді екендігін ажырату кезінде қателіктер жіберді. Механикалық,  жылулық қозғалысты, Броундық қозғалысты ажырату, диффузия қарқыны неге тәуелді екендігін ажыратады.
Температурыны әр түрлі шкала бойынша өрнектейді. Мұздың еру температурасын,  судың  қайнау температурасын Цельсий, Фарангейт,  Кельвин шкаласы бойынша өрнектеу қиындық туғызады. Мұздың еру температурасын,  судың  қайнау температурасын Цельсий, Фарангейт,  Кельвин шкаласы бойынша өрнектеу кезінде қателіктер жібереді. Мұздың еру температурасын,  судың  қайнау температурасын Цельсий, Фарангейт,  Кельвин шкаласы бойынша өрнектейді.
Жылу берілудің  түрлерін ажыратады. Жылуөткізгіштікке,  сәуле шығаруға, конвекцияға арналған мысалдарды  ажыратуда қиындық туғызады. Жылуөткізгіштікке,  сәуле шығаруға, конвекцияға арналған мысалдарды  ажыратуда қателіктер жібереді. Жылуөткізгіштікке,  сәуле шығаруға, конвекцияға арналған мысалдарды  ажыратады.
Жылу алмасу кезіндегі жылу мөлшерін есептейді. Жылу мөлшерінің формуласын жазуды, берілгендерді пайдаланып  жылу мөлшерін есептеуде қиындықтар туғызады. Жылу мөлшерінің формуласын жазуды, берілгендерді пайдаланып жылу мөлшерін есептеуде қателіктер жібереді. Жылу мөлшерінің формуласын жазады, берілгендерді пайдаланып жылу мөлшерін есептейді.
Отынның  жану жылуын анықтайды. Меншікті жану жылуының өлшем бірілігін ХБЖ-не келтіруде,  отының жану жылыуының формуласын жазуда, отының жану жылуын есептеуде қиындық туғызады. Меншікті жану жылуының өлшем бірілігін ХБЖ-не келтіруде,  отының жану жылыуының формуласын жазуда, отының жану жылуын есептеуде қателіктер жібереді. Меншікті жану жылуының өлшем бірілігін ХБЖ-не келтіреді. Отының жану жылуының формуласын жазады. Отының жану жылуын есептейді

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *