Т дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: 

·        Т  дыбысы мен оның  әріп  таңбасы  туралы  түсінік  беру. Кеспе әріптерден  сөз  құрауға,  буындап  оқуға  үйрету.

·        Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөздік қорларын молайту, қызығушылығын, белсенділігін дамыту, көркем  жазуға баулу. 

·        Балаларды әдептілікке, ұқыптылыққа  тәрбиелеу. 

Сабақтың әдісі: түсіндіру, жаздыру, сұрақ-жауап, топпен  жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: әліппе, суреттер, текшелер, кеспе  әріптер, ермексаз
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңіБалалардың  зейінін  сабаққа  аудару,  оқу  құралдарын  жинақтау,  ой  қозғау (көрнекіліктер  арқылы)

«Сауат  ашу  әлеміне  саяхат»  бейнетаспа көрсету.

Мұғалім:  Бала деген бақытты еліменен,

                  Құдіретті қолында әлем деген.

                  Бүгінгі жиналған қонақтарға,

                  Басталсын оқу іс-әрекетіміз, сәлемменен!

 

Балалар:   Cәлеметсіздер  ме?

                   Білер қазақ баласы,

                   Сәлем – сөздің анасы.

                   Алдымыздан кезіккен,

                   Көп танысты көреміз.

                   Бәріне де ізетпен,

                   Біздер сәлем береміз!

Ұран:   Біздің  топта  ұл-қыздар

             Тату  тәтті  ойнаймыз

             Әлемдегі  бар  адамға,

             Тек  жақсылық  сыйлаймыз!

-Жарайсыңдар, балалар! Өткенді  қайталау.

Қандай  дыбыспен  таныстық?  (А а  дыбыспен)
Дауысты  ма,  дауыссыз  ба? (дауысты)

А а дыбысы  сөздің  қай  жерінде  кездеседі? Мысалы:   Ай, дала, ала.

·        басында

·        ортасында

·        барлық  буында

II.  Жаңа  сабақ. Жұмбақ  шешу.  Өзі  айлакер,  өзі  бір  қу,

                                                           Жүрген  жері  айғай да  шу.  (түлкі)

 

-Дұрыс,  балалар! Бүгінгі  біздің  сабағымызда  Т  әрпімен  танысамыз.

Т  әрпін  жазуды  үйренейік. Ол  бас  әріп  және  кіші  әріпке  бөлінеді.

Т т әрпін  ауада  жазу.

-Жарайсыңдар, балалар!

 

     

Дәптермен  жұмыс. Дәптерді  ашып  Т  әрпін  жазуды  ұсыну. (балалар

 т  әрпін  дәптерге  жазады)

Ал, енді  балалар « Т т» әрпін  мына  таяқшадан  құрастырайық.

«Сиқырлы  таяқша»  ойыны.

Шарты: «Т т» әрпін  таяқшалармен  құрастыру.

 

-Балалар, « Т т» әрпін  тағы  да  неден  жасауға  болады? (ермексаздан)

-Дұрыс, мына  алдарыңда  тұрған  ермексазды  пайдалана  отырып,  « Т т» әрпін  мүсіндейікші  балалар. (ермексазбен  жұмыс)

-Жарайсыңдар, балалар! Енді  балалар шамалы  саусақтарымызды  демалдырып  сергіп  алайық.  « Топ-топ  балақан»

 -Жарайсыңдар,  балалар!

«Ойлан  тап»  ойыны.  Әріптер  арасынан  « Т т»  әрпін  тауып  бояу.

Т  А  У  Т  Б  Т  Л  Т  Н   К  Т С

-Жарайсыңдар,  балалар!  Ал,  енді  балалар  суреттерге  мұқият  қарап,  құрамында  «Т т» әрпі  бар  суреттерді  көрсету.  Мысалы:  тау,  тауық, ту.

«Сөздер  жазу» Балалар  алдарыңдағы  кеспе  әріптермен   то,  та,  ту,  тау,  тас,  ата, тай, тал деген  сөздерді  жазайық.

-Жарайсыңдар, балалар, сендер  тапқыр  екенсіңдер! 

-Бүгін  қандай  әріппен  таныстық?  ( Т т әрпі)

-« Т т» әрпі  қандай  дыбыс? (дауыссыз)

Бағалау:  -Жарайсыңдар, балалар! Барлық  тапсырмаларды  орындай  білдіңдер! Тапқыр,  білімді  екенсіңдер.Сендерге  көп  көп  рахмет  айтамын.

Сау  болыңдар!

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *