Төзім мен табандылық-тәртіпке бастар табалдырық

Абдиева Салтанат

Мақсаты:

  1. «Қиын » балалардың мінез ерекшеліктерін ескере отырып, жұмыс нұсқауларын бекіту жолын көрсету.
  2. «Қиын » балалардың алдын алуда ата-ана мен ұстаздар тарапынан берілетін тәрбиенің маңызын сараптау.

 

«Бір жылдығыңды ойласаң –дән сеп.

Он жылдығыңды ойласаң-ағаш отырғыз.

Жүз жылдығыңды ойласаң-адам тәрбиеле»

                                                                                                (  Ежелгі өсиет сөз)     

Қазіргі таңда ата-аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақты саналы етіп тәрбиелеу-кезек күттірмейтін мәселе. Өкінішке орай, сананы тұрмыс жағдайы билеген заманда бала тәрбиесі көлеңкеде қалатын жағдайлар кездеседі. Демек, тәрбиенің осалдығынан, мінез ерекшеліктеріне қарай қиын балалар туындайды.

«Қиын бала» белгілі бір жұмысы жоқ, жағдайлары төмен немесе керісінше жұмыстан қолы тимейтін, баласына қарауға уақыты жоқ, үлкен қызметтегі әке-шешенің отбасынан шығады. Дегенмен, отбасындағы жалпы қарым –қатынас, бір –біріне деген сый-құрметі немесе жағымсыз қылықтары баланың қалыптасуына әсер етеді. Әсіресе, отбасындағы ата-аналарының ажырасып кетуі, ата-ананың ішімдікке салынып, бір-бірімен жанжалдасып немесе бір-бірін балағаттау да баланың психологиясына кері девиантты әсер етеді.Соның салдарынан әкесіз немесе анасыз тәрбиеленген бала жасық, кекшіл, көңілі жарым болып өседі.

«Баланы жан-жақты етіп тәрбиелеу үшін оны жан-жақты білу керек » деп белгілі педагог К.Д.Ушинский айтқандай, адамның әуелден тоқымашы болып тумайтыны сияқты қайырымдылық пен жаман қылық та адамға әуел бастан жаратылысынан дарымайды.Сол себептен баланы «қиын» деп атау үшін оған тән жеке бастың қиындығын танытатын белгілерін таба білу керек. Қиындық туғызған баланы жан-жақты білуге бақылау әдісі арқылы қол жеткіземіз. Ол үшін қиындық туғызатын баланыңшартты белгілерін Д.Стоттың «бақылау картасы» арқылы анықтап,

әңгімелесу әдісін жүргізу арқылы іске асырамыз.Бұл әдіс арқылы оның ішкі дүниесіне ену, проблемасын білу, түсіну және оны шешуге бағыт – бағдар сілтеуге болады.

Қиындық туғызатын оқушылармен жүргізілетін әңгімелесу әдісін өткізіп, соған қарай әлеуметтік –психологиялық кеңес беріледі.

 

Оқушымен әңгіме:

  1. Орта мектепті бітіргеннен кейін кім болғың келеді?
  2. Қай пәнді жақсы көресің?
  3. Қандай әдеби кітаптар оқисың?
  4. Сенің достарың қандай, олар туралы сен не ойлайсың?
  5. 5. Өзіңнің мектептегі жүріс-тұрысыңа, оқуына ризасың ба?
  6. 6. Сенің үйдегі, мектептегі ұнататын жұмысың?
  7. Өмірдегі ең қажетті, қызықты не деп есептейсің?
  8. Үлкендерге деген сенің көзқарасың?

Сынып жетекшісімен әңгіме:

  1. Бұл оқушыны тәрбиелеудегі қиындықтар неден тұрады?
  2. Осы оқушының қиын екендігіне қандай дәлелдер бар?
  3. Оқушыны түзетуге қандай шаралар қолданылады? Оның нәтижесі бар ма?
  4. Оқу үлгерімі қандай?
  5. Оқушының үйдегі тәртібі қандай?
  6. Оқушының мектептегі тәртібі?

Пән  мұғалімдерімен әңгіме:

  1. Сіздің сабағыңыздағы оқушының үлгерімі және жүріс- тұрысы қандай?
  2. Оқудағы, жұмыстағы оқушының қабілеті қандай?
  3. Оқушының тәртіпсіздігін көрсетін жағдай, оған сіздің берген ақыл-кеңесіңіз?

Жолдастарымен әңгіме: 

  1. Қашаннан бері жолдассыздар ?
  2. Сенің жолдасыңның қандай қасиеті ұнайды ?
  3. Сенің жолдасыңның қандай қасиеті ұнамайды ?
  4. Болашаққа құрған жоспарларың ?
  5. Седердің ортақ сүйікті жұмыстарың мен пәндерің ?

Ата-анасымен әңгіме:

  1. Балаңыздың жүріс-тұрысына, оқуына көңіліңіз тола ма ?
  2. Оның оқудағы жүріс-тұрысына сізді не қиналдырады, сіз оған қалай көмектесесіз?
  3. Болашақ мамандығын таңдауына сіздің ақыл-кеңесіңіз.
  4. Ол үйде не істейді, сіздерге көмектеседі ме ?

«Қиын» балаларды анықтауға арналған Д. Стоттың  «бақылау картасы». Картаның қорытындысы арқылы баламен алдын алу шараларын жүргізуге болады. Оның 16 cиндромға біріктірілген мінездің 196 фрагменті бар.

  1. Д- депрессия.

1-6 белгілер мезгіл-мезгіл белсенділігі төмендеп, көңіл күйі құбылып  отырады.

7-8 белгілер тітіркенуге бейім екенін көрсетеді.

9-20 белгілер депрессияның өткір формаларын көрсетеді.

  1. А- алаңдаушылық.

1-6 белгі -өзіне көңіл аудартып, үлкеннің сенімін жеңіп алуға тырысушылық.

7-10 белгі-үлкендердің оған көңілін аударту.

10-16 белгі-үлкендер оған көңіл бөле ме-соған алаңдау.

  1. КК- көңіл-күй.

1-5 белгі-көңіл күйінің әлі жетілмегендігін.

6-7 белгі-қорқақтығын.

8-12 белгі-жауапсыздығын көрсетеді.

«Жастай  берген тәрбие -жас қайыңды игендей»-деген қазақтың жақсы нақыл   сөзіндегідей мектеп  азаматтық және адамдық тәрбие  беретін орталық. Бойындағы таланты мен бұғып жатқан қасиеттерін айқындайтын, көзін ашатын механикалық машина. Бірақ та ол баланың әу бастағы фундаменталды тәрбиесіне жауап бере алмайды.

« Бала тәрбиесі-өзіңнің тәрбиелігің » демекші, отбасы — бала өмірі мен дамуының тамыры.  Бала үшін ата-анасынан артық адам жоқ. Баланың бас ұстазы ата-анасы. Ендеше, әрбір ата-ана өз  перзентін мәдениетті, адамгершілігі мол , білімді , ата салтын, ана тілін қастерлейтін ұлтжанды адам етіп тәрбиелеу ата-аналық міндетім деп түсінуі керек.

Ата-аналармен жүргізілетін жалпы құқықтық білім беру бағдарламасын ата-аналар жиналысында баяндама оқу арқылы, сауалнамаға жауап алу ретінде және тест алу арқылы іске асырдық.

Мысалы: Миға шабуыл: «Біз қандай ата-анамыз ?» тақырыбында сауалнама жүргіздік. Ол 10 сұрақтан тұрды. Жауабы жиналған ұпай бойынша анықталды: сирек-1 ұпай, иә-2 ұпай, жоқ-0 ұпай.

-6 ұпайдан аз алғандар . Осы кездегі тәрбие туралы көп ойланбайсыз. Сізге берер кеңесіміз-ештен кеш жақсы деп балаңызды тәрбиелей бастаңыз.

-7-ден 14 ұпайға дейін алғандар. Балаңызды тәрбиелегенде көп қате жібермейсіз, бірақ балаңызға көбірек көңіл бөліңіз.

-15 ұпайдан көп алғандар. Сіз ата-ана міндетін толық атқарады екенсіз.Дегенмен әлі де тәрбиеңізді толықтыруыңызды сұраймыз.

№1( диаграмма, қосымша)

Одан кейін оқушының  жанұясының әлеуметтік –психологиялық портретін анықтадық. Ол 19 сұрақтан тұрды.

№2   ( диаграмма, қосымша)

«Тәрбиелі ұрпақ-келешек кепілі», «Заң және қоғам», «Баланың оқуы мен тәрбиесіндегі отбасының рөлі» тақырыбында баяндамалар оқылып, ата-аналарға ой қозғау мақсатында қосымша тәрбие беру анкеталық сұрақ –анықтамасын  ұсындық:

  1. – Сенен ешқандай жақсылық шықпайды, нөлсің,-деп бала үмітіне балта шаппайсыздар.

Керісінше:

  • Сенің де қолың өмірде бір нәрсеге жететініне сенгім келеді. Оқу озаты немесе оқу екпіндісі боласың,-деп балаға үлкен үміт артасыз.
  1. – Неге сен басқа балалар сияқты емессің?

Керісінше:

  • Сенің де басқалардан өзгеше болуыңа құқығың бар, сенің қолыңнан келеді,-деп сенім артасыз.
  1. –Неменеге ұсқынсыз болып кеткенсің, үстің кір, шашың дудыраған,-деп сынамайсыздар.

Керісінше:

Баланы өзін жақсы сезінуіне көмектесесіз:

  • Үстіңді ретке келтір, шашыңды тара, киіміңді ауыстыр.
  1. – Тағы да осылай жасасаң таяқ жейсің,-деп балаға күш көрсетіп қорқытпайсыздар.

Керісінше:

  • Біз саған қиыншылықтарды жеңуге көмектесеміз, екінші жаман қылық жасама,-деп болашаққа сеніммен қарауға тәрбиелейсіздер.
  1. – Сенің кесіріңнен біздің өмірі жолымыз болмайды, — деп баланы кінәламайсыздар.

Керісінше:

-Үлкендердің өміріндегі болып жатқан ыңғайсыз жағдайларға сен кінәлі емессің, сенің болашағың алда, үлкен ғалым боласың, жақсы дәрігер, білімді ұстаз болуды арманда, — деп үнемі баланың болашағы жарқын екенін айтып отырсаңыздар, өте дұрыс көмек көрсетер едік.Осылай үнемі кеңес беріп отыру, уақыты жоқ, балаға көңіл бөле бермейтін ата-аналарға өз балаларына дұрыс тәрбие беруіне көмек болады деп ойлаймыз.

Бала құқықтарын пысықтауға ата-аналардан тест алдық.

  Тест                                                     

1) Заң бойынша адам … бала деп есептеледі.

а) туғаннан 18 -ге келгенше

ә) туғаннан 16-ға келгенше

б) туғаннан 10-ға келгенше

2) Барлық балалар тең құқықты…

а) егер олар бір елде туса

ә) егер заңды некеде туса

б) тең әлеуметтік жағдайда

в) тең мүліктік жағдайда

г) әр түрлі жағдайға байланысты емес

3) Балаға зекіріп қатаң қарым-қатынас жасауға … құқығы бар.

а) ата-анасы

ә) туыстары

б) ешкім

4) Бала өз ойын ашық айтуға құқығы…

а) бар

ә) жоқ

5) Бала неше жастан бастап жұмыс істеуге құқығы бар?

а) 18 жастан

ә) 16 жастан

6) Қазақстан Республикасында 14 жасқа жетпеген бала қылмыс істесе … жауапты.

а) баланың өзі

ә) ата-анасы

Жауаптары: 1-а,  2-г,  3-б, 4-а, 5-ә,  6-ә.

Бала тәрбиесіне ата-анадан кейінгі жауапты адам мұғалім. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы » демекші, әр оқушы өз мұғаліміне еліктейді. Мұғалім үшін маңызды нәрсе –оқушыны алдамау. Егер де бұл әдістен ауытқыса оқушының өзіне деген сенімін жояды. Бала мінезінің қалып-тасуына мүғалімнің жеке басының әсері үлкен.«Қиын» аталатын балалар – педагогикалық назардан тыс қалған балалар. Сондықтан да олар педагогтың үнемі өзіне көңіл бөлуін қалайды. «Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді»-деген қазақтың жақсы нақыл сөзіндей балаға білім мен тәрбие беру жолында және ата-анамен жұмыс кезінде басты құрал мұғалімнің сөзі.Ақын О.Сүлейменов «Адам тағдырын тәрбие шешеді, тәрбие құралы –сөз»- дейді.Тарихқа үңілсек адамды ажалдан, ауылды ауылмен жауластырудан құтқарған сөздің құдіреті. Сондықтан да сөйлеу мәдениетін дұрыс қолданатын мұғалім қиындық туғызған оқушының да, ата-ананың да алдын алады және дұрыс бағыт бере алады.Мектеп жасындағы баланың адам болып қалыптасуы үшін мектеп пенотбасының таразы басын тең ұстау қажет.

Кез келген бала өз құқығын білсе жеке тұлға ретінде өзіне сенімді болып, істеген іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарайды.Сол себеппен кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында құқықтық білім берудің маңызы зор.

Құқықтық тәрбие беру жолдары:

  1. Белгіленген заңдармен оқушыларды хабардар ету.
  2. Қ.Р азаматтарының құқығы мен міндеттерін білдіру, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

3.Өзін бағалау, қоғамды және жеке басын сыйлау сезімін жетілдіру.

4.Заң дағдарыстарын, құқығын, тәртібін талқылауға үйрету, жеке басының жауапты шешім қабылдау мүмкіндіктерін жетілдіру

 

Қазақстан Республикасының Президенті Ә.Н.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында: «Еліміздің болашағы бүгінгі балалардың дұрыс азамат болып қалыптасуы отбасындағы тәрбиеге байланысты» — деп атап көрсеткеніндей Ы.Алтынсариннің: « Баланы тәрбиелеу жас шыбықты өсіргенмен бірдей. Шыбықты қалай исең, солай өседі. Қатайып кеткен соң, оны түзету қиынның қиыны»,- дегеніндей балаларға жан-жақты тәрбие беруді жетілдіріп отыру — басты парызымыз.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *