Тәуелсіздік таңы-еліміздің бағы

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Шығарма

«Тәуелсіздік таңы – еліміздің бағы»

Орындаған : №116 Д.Нұрпейісова атындағы жалпы орта мектебінің тарих-география пәні мұғалімі Рыспаева Гулзира Турлыбековна

Жоспар

I.Кіріспе
1.Ұлы дала тарихына жалпы шолу
2.Рухты оятқан желтоқсан

II.Негізгі бөлім
1.Азаттықтың ақ таңындағы айтулы оқиғалар
2.Ұлт көшбасшысы- тұңғыш президентіміздің ерен еңбегі

III.Қорытынды
1.Қолда бардың қадіріне жетейік

Ұлы дала тарихына жалпы шолу
Еліміздің көгінде тәуелсіздік туы желбірегенннен бері өшкеніміз жанды, өлгеніміз қайта тірілді, ата-баба дәстүрі көш түзеді, халқымыз еңсесін тіктеп, жарқын болашаққа қол созды. Ал, осы уақытқа дейінгі туған жердің тарихына көз салсақ, қашан, қайда болмасын бодан елдің тарихын отаршылдар жазып, ұлттық құндылықтарын да отаршылдар безбендеп отырғанын көреміз. Кеңестік кезең мен Ресей патшалығы тұсында да қазақ халқының тарихы мен рухани құндылықтары да солай болды. Соның кесірінен ата тарихымыз бен мәдениетіміз теріс түсініктердің, ақтандақ тақырыптардың қоймасына айналғаны жасырын емес. Бірақ, солай болса да біз тығырықты тар заманда тарыдай шашылып кеткен халқын ата мекенге жинаған әлемдегі үш елдің біріміз. Халқымыз өзінің сан ғасырлық тарихында талай күрес пен шайқасты, нәубет пен зұламатты көрудей-ақ көрді, күресудей-ақ күресті. «Қаратаудың басынан құлаған» қаралы көштің өзі қаралы заман болып, тарихымызға кірді. Сол замандағы оқиғалардың бірі ХIX ғасырдың II жартысында болған Ұлт-азаттық көтеріліс-өз елінің тәуелсіздігі жолындағы көтерілісжәне өзінің ұлан –байтақ жерінқайтарып алу мақсатындағы қозғалыстар.Ұлт-азаттық қозғалыстар қазақ жерінде ұзақ уақыт аралығын ды. Қазақ батырларының негізгі мақсаты-қазақ ұлтын отаршылдық езгіден азат етіп. ,өз егемендігімізді алып ,тәуелсіз ел екендігімізді бүкіл әлемге паш ету болатын. Ержүрек ата-бабалаларымыздың асқақ арманы бірнеше жылдарды,қаншама қантөгістерді артқа салып,тарихи маңызға ие болған басты оқиғалар Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы ,Махамбет Өтемісұлы,Жоламан Тіленшіұлы,Кенесары Қасымұлы,Саржан Қасымұлы,Жанқожа Нұрмұхамедұлы,Амангелді Иманов,Кейкі Көкімбайұлы және қазақтың біреше зиялы азаматтары А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, Б.Әшекеев,Т.Бокин,Т.Рысқұлов сынды азаматтар ержүректілігімен патша үкіметінің қатаң саясатына қарсы бас көтерді. Олардың ұлтшыл сипаттағы өшпестей ерлігі әрқашан да тарихта таңба болып қала бермек . Халықтың азаттығын көксеген күрескерлердің, ел бастаған батырлардың өр рухты екенін көреміз. Осы құдіретті қасиетімен батырлар тарихында, ақындар тарихында да жарық жұлдыздай жарқырап жеке тұратын теңдесі жоқ дара да, дана тұлғалар. Елсіз жер, жерсіз ел болмайтыны сияқты, қазіргі жастар да өз көне, ата-баба тарихын біліп, қазақ жерінің тыныштығы үшін ата-бабаларымыз, батырларымыз, аянбай қасық қандары қалғанша тер төккенін үнемі жадында сақтап,еске алып отыруы қажет.Осындай бейбіт тәуелсіз елде өмір сүруіміз сол заманда « Ұлтым деп соққан ұлы жүректердің »арқасында.

«Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып — көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!»
(Н. Назарбаев)

Рухты оятқан желтоқсан

1986 жылы 16-19 желтоқсан аралығында Алматыда қазақ жастары наразылық шеруіне шықты. Жастардың бұлай етуіне Дінмұхамед Қонаевты Қазақстан Компартиясы ОК-нің 1-хатшысы қызметінен алып, орнына Г.В.Колбинді етіп тағайындауы түрткі болды. Мәскеудегі орталықтың Республика халқының пікірімен санаспауы ел жастарының намысын оятты. Тарих беттеріне көз салсақ, қазіргі Республика алаңына саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандарымен 300-ге тарта адам жиналып, кешкісін олардың саны 20 мыңға жеткен. Бірақ, жастардың талап-тілектері ескерілмеді. Керісінше, билік оларды бұзақылар қатарына қосып, күшпен басуға тырысты. Құқық қорғау қызметкерлері, жедел отряд, жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды.
Желтоқсан қозғалысын әлемдік деңгейге Америкалық Хельсински тобы көтеріп, оған дүниенің назарын аударды. Тағы да тарихқа, сол ызғарлы күндерді көрген куәгерлерге жүгінсек, «Жиналғандардың дені қазақтың жас жігіттері мен қыздары болған. Оларды бұл араға ешкім үгіттеп әкелмеген. Қазақстан ұлтының бостандығы үшін өз еріктерімен келеген. Бұрқасын төпел тұр. Жастар хормен «Менің Қазақстаным» әнін шырқаған. Тағы біреулері «Қонаевты шақырыңдар, Қонаевты не болғанын өз ауызынан естиік. Мінбеге шықсын» деп бар дауыстарымен жар салып тұрды». \1\. Алайда, сол сәттері жұрт алдына шығып басу айтатын жан болмай, үкімет үйінің алдындағы қырғын әрі қарай жалғасқан. Одан кейін өрт сөндіргіш машиналар шығып, секіріп-секіріп түскен брезент киімді адамдар алаңдағыларға су шашқан. Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына солдаттар мен милиция қызметкері қарсы қойылды. Қыз жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сабира Мұхаметжанова сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан тал шыбықтай жастарымыздың өмірін үзді. Желтоқсан көтерілісі құрбандарының қатарында К.Молданазарова, Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, т.б. ержүрек қазақтар бар.
Қайрат Рысқұлбековтің нағыз елі үшін туған ер екенін сол қуғын-сүргінді күндер дәлелдеп берді. Ол 1966 жылы 13-науырызда Жамбыл облысы Шу, Бірлік ауылында қарапайым малшы отбасында дүниеге келген. Желтоқсан көтерілісінің бас қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков еліміз егемендік алғаннан кейін Қазақстан Жоғарғы Соты Пленумының 1992 жылы 21 ақпандағы шешімімен толықтай ақталды. Оған «Халық қаһарманы» атағы берілді. Жоғарыда аты аталған аға-апаларымыздың қай-қайсысының да ерлігі ұрпақтан-ұрпаққа үлгі.
Тағдыр талайымыздың ызғарлы тарауына айналған бұл тарихи оқиғаның салдарынан халқымыздың саны да азайды. Дегенмен, біз Тәуелсіздік деп аталатын теңдессіз байлыққа қол жеткіздік. Өз еліміздің көреген, қайсар азаматын Елбасы етіп сайлап жаңа өмірге қадам бастық. 1986 жылы желтоқсанда алаңда жасындай жарқ еткен қазақ жастары күллі КСРО-ның құрамында болған 15 мемлекетке азаттықтың ақ таңын атырды. Әрине, олар егемендік үшін жанын қиды. Мұнан кейін Елбасы Н.Назарбаев тәуелсіз¬дікке қол жеткізген соң дамудың сара жолына баста-ды.

Азаттықтың ақ таңындағы айтулы оқиғалар
16-желтоқсан – Тәуелсіздік күні еліміздің ең басты мерекесі. Бұл күн — ата-бабамыздың қазақ елінің еркіндігін, халқының азат өмір кешуін армандап кеткен тілегінің орындалған, көгімізде тәуелсіздік туы желбірген күн. Еліміздің егемендігін жариялаған күн. Осы Ұлы мақсат – тәуелсіздік жолында қаншама қазақтың тарлан тұлғалары қасық қаны қалғанша күресіп, жандарын құрбандыққа қиды, барлық білімдері мен күш-қайратын ел ертеңі үшін жұмсады. Биыл, ата-бабамыздың Тәңірден тілеген тілектерінің орындалғанына, әлемнің азылу елдерімен терезесі тең дербес мемлекет құрғанымызға 25 жыл толып отыр.
Дүние жүзінде 194 тәуелсіз мемлекет болса, осы мемлекеттің бәрі бір кездері тәуелді болған. Сондықтан да, бостандық кез келген халықтың арманы. Ең соңғы империя жойылған күні біз де өз тәуелсіздігімізге қол жеткіздік. Бұл біздің еліміз үшін ең үлкен оқиға болды. Ұлт көшбасшысы, көреген саясаткер Нұрсұлтан Назарбаевтың сеніп тапсыруымен ең алғаш тәуелсіздігімізді, яғни, Қазақстанның өз алдына егемен мемлекет екенін барша қауымға белгілі заңгер Сұлтан Сартаев жариялады. Бұл туралы заңгер бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында: «Менің тағдырыма 194 мемлекеттің тәуелсіздігін жариялаған 194 адамның бірі болу бұйырды. Бұл әрбір жанның маңлайына жазылмайтын ұлы іс. Мен сол үшін өз тағдырыма ризамын. Біз Жәнібек пен Керейдің Алтынордадан бөлініп, тәуелсіз Қазақ хандығын құрғаннан кейін дүние жүзінде екінші рет өз тәуелсіздігімізді жарияладық» деді. Осылайша әлемдік саясат аренасында беделді мемлекеттер Қазақ елінің тәуелсіздігін мойындап, дипломатиялық қатынастарға жол ашылды. Қазақстан халықаралық қатынастарда дербес толыққанды объекті ретінде сыртқы саясатта өзінің мүдделерін айқындап, халықаралық ұйым¬дар¬дың қызметіне қатысу құқығына ие болды. Еліміз егемендік Декла¬ра¬циясы арқылы табиғи байлығы¬мыз бен экономикалық және ғылы¬ми-техникалық әлеуетімізді толық мен¬шігіне алды. Егемендік туралы Деклара¬ция 1991 жылдың 16 жел¬тоқ¬санындағы Қазақ¬стан Республи¬касы¬ның Тә¬уелсіздігі туралы Дек¬ла-ра¬циясы¬мен терең үндестік тапты.
Биыл 16-желтоқсан күні Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болғанына 28 толғалы отыр. Осы уақыт аралығында еліміз көптеген жағдайларды басынан өткерді, оның ішінде қиындықтар да, жетістіктер де молынан болды. Ел тарихында 1991 жылы 1 желтоқсанда тұңғыш рет жалпыхалықтық дауыс беру жолымен Қазақстан Президентін сайлау рәсімі өткізілді. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев көпшілік дауыспен (98,76%) жеңіске жетті. Осы жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң қабылданды. 1992 жылы наурызда Қазақстан БҰҰ-ның (Біріккен Ұлттар Ұйымы) мүшелігіне қабылданды. Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты. Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстанның өзіндік даму жолын таңдауы туралы бастамасы алғаш рет 1992 жылы мамыр айында «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясында» жария етілді. Мемлекеттің жаңа әнұраны, елтаңбасы, туы қабылданды. 1993 жылы қаңтарда Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясы қабылданса, 15 қарашада ұлттық теңгеміз айналымға енді. 1994 жылы 6 шілдеде Ел президентінің тапсырмасымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі еліміздің бас қаласы астананы Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады. 1995 жылы наурызда Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. 1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын Қазақстан халқы республикалық референдумда бір ауыздан мақұлдады. 1995 жылы 13 шілде күні ҚР президенті Алматы қаласында Тәуелсіздік монументін орнату туралы қаулы қабылдады. Яғни, Алматы қаласында Тәуелсіздік монументі ашылды.
Еліміздің көгінде тәуелсіздік туы желбірегеннен бері өшкеніміз жанды, өлгеніміз қайта тірілді, халқымыз еңсесін тіктеп жарқын болашаққа қол созды. Бабаларымыз, ұлт ардақтылары тар жол тайғақ кеше жүріп ұлы байтақ жерімізді мұра етіп қалдырды. Біздер сол ата-бабамыздың мұра еткен жерін одан әрі көркейту үшін қолымыздан келгеннің барлығын жасауға тырысуымыз керек. Білім қуамын деп талап қылған әрбір азамат, қазақ жеріндегі іргелі білім ордаларында және Елбасымыз Н.Назарбаевтың тікелей бастамасымен ашылған «Болашақ» бағдарламасының аясында шет мемлекеттерге барып, білім алып, сол білімдерін қазақ елінің өркендеуіне пайдалануда. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бүгінгі заманда өзінің асқақ арманына тек жаңаша ойлайтын, ерік-жігері мол, өзіне сенімді адамдар ғана қол жеткізе алады» деген сөзін еске алсақ, бізге осы күні жеткен жетістіктеріміз оңайлықпен келген жоқ.

Ұлт көшбасшысы, тұңғыш президентіміздің ерен еңбегі
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі – өзгеше, өнегелі өмір. Қазақ елі тәуелсіздігінің көк байрағын өз қолымен тұңғыш көтеріп, тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құрған – Елбасымыз аз жылдың аясында туған елін әлемдік қауымдастыққа танытты. Президентіміз ең алдымен елдің шекарасын нықтады. Мемлекет басшысы әлемде бірінші болып ядролық қарудан бас тартты. Халық өзі таңдаған көшбасшысының не істеу керектігін білетіндігіне, елді адастырмайтынына, тура жолға бастайтынына сенді. Сол сенімнің ақталғанына барша ел куә. Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1985 жылдан бері жүзден астам кітап жазды.
Президенттің қызметіне кірісу және ант беру салтанаты ежелгі халықтық дәстүр мен қазіргі өркениет үлгілерінің айшықталған жағдайында өтті. Президент ежелгі дәстүр бойынша ақ киіздің үстіне көтеріліп, қолын Конституцияға қойып, ант берді. Ел ағалары Дмитрий Снегин, Құдыс Қожамияров, Эдуард Айрих, Ыбырайымжан Қожахметов Сарай төрінде бүкіл халық қолдаған Елбасыға ерекше сән салтанатты шапан жапты, президенттік айырым белгілерін тапсырды. Жасы тоқсаннан асқан халық ақыны Шәкір Әбенов бата берсе, көрнекті жазушы, публицист, Жоғарғы Кеңес депутаты Әбіш Кекілбаев ақ жол тілегін білдірді. \2\
Инау¬гурацияда Мемлекет басшысы «Өмірін халқының бақыты жолына арнаған жанға бұдан зор құрмет болмайды. Мен үшін ел сенімінен асқан мәртебе жоқ, сол сенімді ақтаудан артық бақыт жоқ. Сол себепті, мен Қазақстанның жарқын болашағы жолында қандай тәуекелге де дайынмын» десе, ант беру рәсімінен кейінгі сөзінде Елбасы: «Бүгінгі күн – қазақ елінің шежіресіне мәңгі енетін күн. Тарихтың талай бұралаң белесінен өтіп, бұл күнге де жетіп отырмыз. Бәрін де көрген халықпыз, бәріне көнген халықпыз. Ежелден еркіндікті аңсап, азаттықты көксеп келе жатқан еліміздің басына талай рет бақ та орнап, бағы да тайып, сағы да сынған, қилы кезең, зар заманға да талай ұшыраған. Айқайлап жүріп, ашаршылыққа ұрынып, ұрандап жүріп ұлт мүддесін ұмыт¬қанымыз да ақиқат. Шүкір, кештеу болса да ес жиып, еңсе көтеріп, егеменді елдің туын да тіге бастадық. Қазақ Республикасының Президентін бүкіл халық сайлағаны – осы жолдағы ең биік бе¬лестің бірі. Елім үшін, халқым үшін, Қазақстаным үшін тарихтың қай сынағына да тәуекел деп бас тігуге дайынмын. Бұл жолда ең алдымен дана халқыма, дарқан еліме, ата-бабамның аруағына сүйенемін», деді. \3\
Президент еліміздің бас қаласын Ақмолаға көшірді. Астана – Елбасының қолынан шыққан қайталанбас туынды. Бүгінде Астана мен Елбасы есімі ел назарында егіз ұғым болып қалыптасты. Өйткені, жаңа дәуірдегі жаңа Қазақстанның жаңа астанасының салынуын еліміздің Тұңғыш Президентінің қазақ мемлекетті¬лігін өркенді дамытып, бүкіл әлемге таныту жолындағы дәуірлік ерлігі ретінде бағаланды. Біздің президентіміз мемлекеттігімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы. Аумалы-төкпелі алмағайып заманда мың өліп, мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да, арманына да Н.Ә.Назарбаев тұсында жетті. Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбеті, биік болмысы, кемел дарыны, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттері күллі қазақ халқының мақтанышы.
Н.Ә.Назарбаев ұлттық дәстүрде тәрбиеленген, халқының бар қадір-қасиетін бойына жинаған, тілін, тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін жетік білетін, ұлтын жан-тәнімен сүйетін ұлтжанды президент. Елбасы «Мемлекеттің дамуы мен гүлденуі үшін басты ұлттық басымдылықтар – бейбітшілік, тұрақтылық пен келісімнің төңірегінде топтасуымыз керек. Оларсыз ешқандай мәселені шешу мүмкін емес»-деп, бірлігіміз жарасқан ел болу арқылы ғана мемлекетіміз тыныш әрі ұзақ өмір сүретінін паш етті.
Біздің ең киелі, ең қасиетті ұғымымыз – тәуелсіздік. Азаттықтың тамыры тым тереңде. Талай ғасырлар қойнауына көз жіберіп қарасаңыз, осынау тәуелсіздіктің қандай қиыншылықпен, қандай азаппен келгенін түсінесіз. Отан, туған ел, халық ұғымын тәуелсіздіктен бөліп қарастыра алмаймыз. Барлығы тамырлас, бір-бірімен байланысып жатқан өзегі бір ұғым. Тәуелсіздіктің иесі – халық, халықтың анасы – Отан. Қазақстан – біздің ортақ үйіміз, біздің Отанымыз. «Отан – оттан да ыстық» деп дана халқымыз айтпақшы, адам баласының жүрегінде ең бірінші, ақ сүт берген туған анасына деген сезім орын алса, екінші Отанға деген жалынды, ыстық сезім орын алады. Бұл ретте «Патриотизм – Отанға, елге деген махаббат!», «Адам болу – қасиет, азамат болу – міндет, патриот болу – парыз» деген Бауыржан Момышұлының сөздері ойға оралады. «Мен жастарға сенемін!» – деп, Мағжан Жұмабаев атамыз өлеңі арқылы бізге үміт артып кеткенін байқаймыз. Қазақстан халқының, Қазақстанның жалпы жұртының тарихындағы ерекше күн – 1 желтоқсан Тұңғыш президент күні болып белгіленді.

Қолда барды бағалайық

Тәуелсіздік – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Еліміздің тәуелсіздігі – ең алдымен халқымыздың бақыты. Алғашқы жылдарда басым мақсаттардың қатарында егемендікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикадағы қиыншылықтарды жеңу болды. Сондықтан, еліміздің әрбір азаматына өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жастардың патриоттық сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлу парыз. Келешекте Қазақстан әлемдегі ең дамыған, ең қуатты елдердің қатарына еніп гүлденуіне үлестерін қосу еңбектеген бала мен еңкейген қарттың да міндеті.
Экономикасы дамып, өркениетке қол жеткізіп, тарихи сахнада қарыштап кеткен елдермен тең дәрежедеміз десек артық айтқандық емес. Ата-бабамыздың аңсаған арманы орындалып, нұрлы аспанның астында өмір сүріп жатырмыз. Жеріміз кең, төл теңгеміз, айбынды Ата Заңымыз, Елордамыз Астана, қасиетті мекеніміз бар. Еңбек еткен адамға жарқын болашақ пен барлық жағдай да жасалған. Елбасымыз жыл сайынғы халыққа Жолдауы және стратегиялық жоспарларында келешектің даңғыл жолын айқындап береді.
Біз Тәуелсіздіктен жылдарының түлегіміз. Еліміз өркендегеннен кейінгі қуанышты сәттер, жеңістер, қалыптасу жолдарын көзбен көрмесек те, ол оқиғаларға кітап арқылы жақсы таныспыз. Қазіргі ұрпақ тарих беттерінен тағылым аламыз. Оқушы ретінде сабағымызды жақсы оқимыз. Біз үшін осындай мемлекетте тұрып, бейбітшілік күннің астында өмір сүргеніміз – ең үлкен бақыт. Сол бақытты бағалап, әрі қарай мемлекетіміздің өркендеуіне, гүлденуіне үлес қосу – біздің парызымыз. Отанға деген ыстық ықылас – мемлекеттің жарқын болуына септігін тигізер керемет сезім. Мемлекетке пайдаң тию үшін бай немесе танымал болу міндетті емес. Жасаған кішкентай пайдалы ісің мемлекетке жасаған жақсылығың.
Биыл Тәуелсіздігімізге ширек ғасыр. Соншалық көп уақыт емес. Ал, атқарылған істер өте көп. Бұрын Қазақстан деген жер барын білмейтін әлем халқы бүгінде президентіміз арқылы қазақ жұртын таниды. Спортшыларымыз да, әнші-бишілеріміз де түрлі байқаулар арқылы әлемнің түпкір-түпкірінде өтіп жатқан шараларға, олимпиадаларға қатысып, Қазақстанды танытып жүр. Қай саладан алсаңыз да құралақан емеспіз. Нәтижеміз де жаман емес.
Бейбітшілік, келісім мен тұрақтылық жағдайында Қазақстан жылдам қарқынмен әлемдегі алдыңғы қатарлы жетекші елдердің қатарына қосылып келеді. Қазақстанды әлем мойындауда. Іргелі істердің бастамашысы болған елімізде өткен халықаралық шаралар елдігімізді асқақтата бастады. Тәуелсіз¬дік – біз үшін құнды қа¬зына. Елдің іргесі сөгілмей, тәуелсіздігіміз баянды болуы¬ үшін әрбір қазақстандық аянбай еңбек етуі керек. Қазақта асыл сөз бар: «Ақылшысы жоқ ел азады, иесі жоқ жер азады, қолдамаса ер азады» деген. Қазақстан халқы жұдырықтай жұмылып Елбасыны, бір-бірі қолдау арқылы ғана дамыған 30 елдің қатарына қосыла алады. Ол үшін қолда барды бағалап, оның қадірін білудің маңызы зор.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *