«Тәуелсіздік көкбайрағы» (М.Әлімбаев)

Мақсаты : Балаларды  Қазақстан Республикасының рәміздерімен таныстыру.

Елтаңба, ту, гимн жайлы түсініктерін бекіту. Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмысы:  көкбайрақ, тәуелсіздік.

Мотивациялық қозғаушы

Тәрбиешінің іс — әрекеті: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін біздің оқу іс -қызметімізге қонақтар келді.  Бүгін қандай керемет күн! Бұл күнді жақсы, қуанышты көңіл күймен өткізу үшін сендерді  «Шаттық шеңберіне» шақырамын.

 

Шаттық шеңбері

Қайырлы таң  көк аспан ,

Қайырлы таң  жер ана.

Қайырлы таң  достарым,

Қайырлы таң  баршаға!

Сәлеметсізбе достар!

Здравствуйте друзья!

Hello friends!

 

Ізденуші, ұйымдастырушы;

1.Балалар, мен сендерге сұрақтар қоямын, сендер сол сұрақтарға жауап беріңіздер!

Сұрақ-жауап:

Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Қыстың қандай айы?

Желтоқсан айында қандай мерекелер бар?

Қазақстан Республикасының президенті кім?

Президентімі з туралы кім тақпақ біледі?

Тәуелсіздік туралы кім қандай тақпақ айтады?

Біз қай Мемлекетте тұрамыз?

Еліміздің бас қаласы қай қала?

Еліміздің рәміздерін білемізбе? Атаңдар!

Рәміздеріміз туралы кім тақпақ біледі?

Балалар, тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап қайтарады.

 

2.Педагог: Мемлекеттік Тудың авторы Ш. Ниязбеков. Тудың көгілдір түсті болуы — бұл ашық аспанның түсі. Тудың ортасында — алтын күн бейнеленген. Ол тыныштық пен байлықты бейнелейді. Күннің астында — шарықтаған дала бүркіті бейнеленген. Ол-егемендіктің белгісі. Және қазақтың ұлттық оюымен өрнектелген.

Балалар, өз туымыздың мағынасын түсініп, ұғынады.

 

3.-Енді балалар, бүгін біздер осы көкбайрағымызға арнап жазылған  Мұзафар Әлімбаевтің «Тәуелсіздік көкбайрағы» атты өлеңімен танысып, жатайтын боламыз

 

 

 «Тәуелсіздік көкбайрағы»

Көк аспандай көгілдір,

Қазақстан байрағы.

Нұрын күндей төгіп тұр,

Жылдарымыз жайдары.

 

Көк байрақтың бетінде

Қыран бүркіт қанатты .

Сол қырандай еркіндеп ,

Бала өседі талапты.

Балалар, өлең жолдарын қайталап айтады.

 

4.Суреттер арқылы түсіндіру

Суреттерді пайдалану арқылы балаларға өлеңнің мәнін, мағынасын түсіндіру. (көк аспан, қыран бүркіт, күн нұры)

Балалар, суреттерге қарап қызығушылық танытады, мұқият тыңдайды.

 

5.Сергіту сәті

 

Шеңберге біз тұрайық,

Шаңырақты құрайық.

Уықтар боп иіліп,

Киіз уйді құрайық.

6.Дидактикалық ойын: « Кім көп біледі?»

Ойын шарты: Көк фетрден жасалған мата тақтаға ілінеді. Сол матаға педагогтың сұрақтарына жауап берген бала тудың жетпей тұрған бөлшектерін (күннің, қыран бүркіттің, қазақтың ою өрнегін) жапсыру керек.

Қорытынды

Қ.Р-ның рәміздерін кім айтады?

Туымыздың авторы кім?

Туымыз неліктен көгілдір түсті?

Тудың ортасында ненің бейнесі бейнеленген?

Тәуелсіздік байрағы өлеңін жазған жазушы кім?

Балалар, барлық қойылған сұрақтарға толық жауап береді.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *