Тұтықпасы бар балалармен түзете дамытушылық сабақ үлгісі. Тақырыбы: «Дауысты дыбыстар әлеміне саяхат».

Құрметті әріптестер!

Сіздерге 6-8 жас аралығындағы тұтықпасы бар балалардың сөйлеу тілін дамытуға арналған түзету ашық сабағының үлгісін ұсынып отырмын.
«Дауысты дыбыстар әлеміне саяхат» — атты түзету сабағында әр дауысты дыбыстың ерекшелігімен танысу барысында дауыстылардың нақты артикуляциясына көңіл бөлінді. Дауысты дыбыстардың айтылуына немесе дыбысталуына қарай жуан және жіңішке дыбыстарын айыра білуге, артикуляциялық ерекшеліктеріне байланысты ашық, қысаң, еріндік, езулік дауыстыларын айыруға нақты бағытталды. Тұтықпасы бар балаларға бұл сабақтың тиімділігі дауысты дыбыстардың артикуляциялық дұрыс қойылуында, яғни әр дыбысты бала ауыз арқылы сезінуінде, дыбыстарды өлеңдету барысында оқушылардың есту қабілеті,есте сақтау, яғни орфоэпиялық және орфографиялық ерекшеліктерін пысықтайды.
Біз арине білеміз, тұтықпаны жеңудің ең тиімді тәсілі өлеңдету болып табылады. Осы диагноздың олқы тұстарын толықтыруда дауыстыларды өлеңдету арнайы көзделіп алынды. Бұл сабақ арқылы балалардың дауысты дыбыстардың ерекшеліктерімен таныса қоймай, сөйлеу тілінің түзелуіне, балалардың танымдық деңгейлерін көтере алдым деп ойлаймын.

Қазақстан ШҚО ББ «Риддер қаласының психологиялық –
педагогикалық тузеу кабинеті» КММ.
Мұғалім-дефектолог, логопед:
Гүлнұр Жұмақанқызы Дүйсенова

Тақырыбы:
«Дауысты дыбыстар әлеміне саяхат».

Сабақтың мақсаты: Дауысты дыбыстардың айтылуына байланысты жуан және жіңішке дыбыстарын айыра білуге, жазылу ерекшеліктерін
түсіндіру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ізденімпаздыққа, шапшаңдыққа баулу. Оқушылардың топтаса, бірлесе жұмыс істеуге шақыру. Ұқыптылыққа, ауызбіршілікке тәрбиелеу.
Түзете — дамытушылық: Әр дауысты дыбыстың артикуляциялық дұрыс айтылуына баулу, дыбыстарды өлеңдету барысында оқушылардың есту қабілетін, әрі есте сақтауын дамыту.
Көрнекі-құралдар: Дауысты дыбыстар үйі, өлендетуге арналған дауысты дыбыстардың схемалары, әліпби, ойынға арналған дауысты дыбыстар карточкалары, айна;

Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
— Балалар бүгінгі сабақ ерекше сабақ, өйткені біз бүгін «Дауысты дыбыстар» әлеміне саяхат жасаймыз.
— Яғни, біз бүгін «Дауысты дыбыстар» қаласында боламыз.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
— Ал сендерге үй тапсырмасына дауысты дыбыстар туралы біліп келу керек болған, бұл тапсырманы қалай орындағандарынды сабақ барысында байқайтын боламыз.
3. Негізгі бөлім.
— Балалар біз дауысты дыбыстар қаласына бет алайық;
— Ал, балалар «Әліпбиге» көз шалайық, қараса біздің әліпбиімізде 42 әріп бар екен.
ӘЛІПБИ
Аа Әә Бб Вв
Гг Ғғ Дд Ее
Ёё Жж Зз Ии
Йй Кк Ққ Лл
Мм Нн Ңң Оо
Өө Пп Рр Сс
Тт Уу Ұұ Үү
Фф Хх Һһ Цц
Чч Шш Щщ Ыы
Іі Ээ Юю Яя
ъ ь

— Ал, бүгін біз дауысты дыбыстарды қарастырамыз.
— Қане, санап көрейікші қанша дауысты дыбыстар бар екен? (12).
-Ал, енді мен сендерге дауысты дыбыстар қаласының негізгі көшелерімен таныстырайын.
ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАР
(гласные)
Жуан дауыстылар:
(твердые гласные)
а, о, ұ, ы, э, у(бару).

Жіңішке дауыстылар:
(мягкие гласные)
ә, ө, ү, і, е, и, у(келу).

Олар: 1. Жуан дауыстылар: а, о, ұ, ы, э, у (бару);
2. Жіңішке дауыстылар: ә, ө, ү, і, е, и, у(келу);
-Яғни, жуан дауыстылар айтылғанда кедергісіз, бос жеңіл өтеді;
-Ал, жінішке дауыстылар бір кедергі арқылы, жеңіл емес өтеді;
Айырмашылықтары осыда;
— Ал, бұл дауысты дыбыстардың ерекшеліктерін, дауысты дыбыстар қаласының ережелеріне сүйеніп орындайық.

Ашық дауыстылар: а, ә, о, ө, е.
Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и.
Еріндік дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у.
Езулік дауыстылар: а, ә, е, ы, і, и.

1. Яғни, мынадай артикуляциялык тапсырма барысында түсінеміз:
1. Жуан дауыстылар:
«а» дыбысын айтқанда ауызды ашамыз, ашық дауысты екен, әрі езулік;
«о» дыбысын айтып көрсек, ол да ашық дауысты дыбыс, ерініміз дөңгеленіп тұр, еріндік болады екен;
«ұ» қысаң дауысты, әрі еріндік.
«ы» қысаң дауысты, әрі езулік.
«э» ашық дауысты, езулік болады екен;
«у» дыбысы еріндік, әрі жуан болу себебі, өзімізден итеріп шығарып айтатын болсақ жуан болады екен;

2. Жіңішке дауыстылар:
«ә» ашық дауысты, езулік.
«ө» ашық дауысты, еріндік;
«ү» қысаң, еріндік;
«і» қысаң, езулік;
«е» ашық дауысты, езулік;
«и» қысаң, езулік;
«у» дыбысы бағана айтқандай еріндік, ал жіңішке болу себебі, ол «у» дыбысын өзімізге қарай тартып айтып көрсек ол жіңішке болады екен;
— Ал, балалар дауысты дыбыстар қаласының ережесін жақсы түсіндік.

4. Сергіту сәті.
Дауысты дыбыстар қаласының тұрғындары «Ойлан, тап» ойынына шақырады:
Мен, әріптердің мүсінін келтіремін, сендер балалар табуларын керек.
— Орындарымыздан тұрамыз, дайынсыңдарма?
— Дайынбыз.
Мынау қандай әріп? Ү көрсетемін.(Ү әрпі).
Т — Т әрпі; Л — Л әрпі;
Ф — Ф әрпі; О — О әрпі;
І — І әрпі;К — К әрпі;
Х — Х әрпі; Г — Гәрпі;
— Ал, бірігіп әріптерімізді қайталаймыз.

5. Бекіту кезеңі.
— Қане балалар дауысты дыбыстарымыздың тағы бір ерекшеліктерін көрсетейік, яғни біз оларды өлеңдетеміз.

1. Дауысты дыбысты қаласында мынадай бір сиқырлы үй бар екен.
— Қане,бұл үйімізге дыбыстарды салып біртіндеп өлендетейік.
Жанаділ: а – у, у – а;
Айғаным мен Айгерім бірге: у – о, о – у;
Әлихан: а – и, и – а;

2. — Ал, балалар енді дауысты дыбыстарымызды үзбей созып айтайық:
А – у –
А – у – и –
А – у – и – о –
— Жарайсыңдар, балалар;

3. А, О, У дыбысын сыбырлап, орташа, енді қатты айтымыз.
— Ал, балалар осындай сиқырлы дыбыстардың тағы бір ерекшелігі, олар әріп болып жазылады екен.
4. Гимнастика. Жазбастан бұрын қолдарымызды бәр-біріне үйкелеп қыздырамыз, шапалақ ұрамыз, дөңгелектеп үйкелейміз.
— Ал, енді санаймыз «бір, екі, үш қолға жинаймыз күш» қолдарымызды жұмылдырып, ашамыз;
— Қане жазуымызды бастайық.
5. А, О, У, И, І әріптерін ауада жазамыз;
6. Мен, ауызбен дауысты дыбыстардың артикуляциялық көрінісін көрсетемін, ал сендер дәптерлеріңе тауып жазыңдар; А, О, У, И;
Жарайсыңдар!
6. Қортынды: «Кім тапқыр» ойыны;
Мен, дыбыстарды айтамын, ал сендер алдарыңда жатқан карточкалы дауысты дыбыстардың бейнесін тауып, көрсету керексіңдер, әрі жуан, әлде жіңішке екенін табыңдар;
А, О, У жуан дауыстылар;
Е, И, У жіңішке дауыстылар;
7. Бағалау. Сиқырлы дауысты дыбыстар әлеміне саяхатымыз аяқталды, сендерге ұнадыма? Бұл қаланың тұрғындары сендерге мынадай конверт жіберіпті, қане балаларымыздың бағасын қалай бағалапты?
Өте жақсы деп бағалаймыз.
Жұлдызшаларды тарту ету;
8. Үйге тапсырма. А дыбысынан басталып осы дыбыспен аяқталатын 5 сөз жазып келу. Карточкамен жұмыс.

Карточкамен жұмыс.
Дауысты дыбыстарды көрсетілген кезектілік бойынша өлеңдету.
А – И А – И – О У – А – И – О

А – У У – А – И Э –У – А – И

И – О И – О – Ы А – И – О – Ы

Ы – А Э – У – А И – Э – У – А

У – Э А – Ы – О У – А –Ы –О

А – О И – Ы – Э О – И – Ы – Э

О – У О –У – А Э – О – У –А

Схема бойынша саусақтармен көрсете тұра, буындарды айту.
ЛА-ЛО-ЛУ-ЛЫ ЛУ-ЛЫ-ЛА-ЛО
ЛО-ЛУ-ЛЫ-ЛА ЛЫ-ЛА-ЛО-ЛУ

АЛ-ОЛ-УЛ-ЫЛ
ОЛ-УЛ-ЫЛ-АЛ
УЛ-ЫЛ-АЛ-ОЛ
ЫЛ-АЛ-ОЛ-УЛ

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *