тұрлаусыз мүше

Ережепова Зауре Алмахановна

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Сөйлем  мүшелері туралы   алған білімдерін  пысықтау,    тұрлаусыз  мү.шелермен таныстыру. Сөйлемдегі  сөздерге  сұрақ  қойып, сөйлем  мүшелеріне  талдау, олардың  байланысын анықтау.

Дамытушылық: Оқушылардың  тапқырлық, ізденімпаздық  қасиеттерге жетелеу,түрлі ойындар арқылы  оқушының ойын дамыту.

Тәрбиелілігі: Тіл  құдіретін  сезіне білуге ,оны  құрметтей  білуге, ұйымшылдыққа бір-бірімен  тату болуға тәрбиелеу.

 

Сабақ әдісі:  ой  толғау,сұрақ-жауап,топпен жұмыс.

Сабақ түрі:  сайыс, ертегі  сабақ.

 

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру

Амандасу

Психологиялық     дайындық.

Мұғалім:

Әрбір адам?

Әрбір  сабақ?

Әрбір  ісің?

Әрбір   сөзің?

Оқушылар:

Туысым,досым,жұрағат

Үйрену, ұғу, ұлағат.

Тірлік,тірек,адамдық.

Шындық, бірлік, адалдық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Балалар бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр.«Қонақ аз отырып көп сынайды» -деген қазақтың мақалы бар. Сондықтан да сабақта білімімізді көрсетіп ,әрбәр  ісімізге мұқият болайық.

 

Оқушыларды топқа бөлу.

Зат есім,етістік,сын есім,сан есім.

Әр топ ұрандарын айтужәне өз топтарын қорғау.

 

Үй тапсырмасын «Кір жуу» әдісі арқылы сұрау.

Қызығушылығын ояту.

Ертегі

Баяғыда  бір Сөйлем мүшелері деген ел болыпты.Ол ел екі  ауылға  бөлінеді  екен.Бірінші ауылдың аты-Тұрлаулы  мүшелер екен.Сол Тұрлаулы мүшелердің екі  батыры  болыпты.Екеуі өте бауырмал,бір-біріне қамқор болыпты.Екеуіне ел сүйсінеді  екен. Біреуінің аты-Бастауыш,екіншісінің аты-Баяндауыш екен.

Бір күні  Бастауыш  жол жүріп кшігіпті,Баяндауыш жалғызсырап,Бастауыштың жолын  күтеді екен.

Бастауыштың тез оралуын  қалайсыңдар ма?

Ендеше мына сұрақтарға жауап бере қояйық.

«Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыптарды пысықтау.

1.Сөйлем дегеніміз не?

2.Сөйлемнің неше түрі бар?

3.Хабарлы сөйлем дегеніміз не?

4.Сұраулы сөйлем дегеніміз не?

5.Лепті  сөйлем дегеніміз не?

6.Сөйлем мүшелері дегеніміз не?

7.Бастауыш дегеніміз не?

8.Баяндауыш дегеніміз не?

9.Қай кезде бастауыштан кейін сызықша қойылады.

10.Тұрлаулы мүшелер дегеніміз не?

Міне,балалар сендердің арқаларыңда  Бастауышта еліне аман -есен жетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа сабақ.

Екі батыр табысып,олардың қуаныштарына ортақтасып екінші ауыл тұрғындары келіпті. Қандай ауылдан келгенін білгілерің келе ме?

Олай болса,Ребус шешеміз.«Тұрлаусыз мүшелер.»

 

    

 

Үш тілде айту.                                                                                                                                                                      Тұрлаусыз мүшелер.      Второстепенные члены предложения.     Sekondary   sentence parts.

 

Дәптермен жұмыс.

Каллиографиялық  минут

Ой қозғау.  Тұрлаусыз мүше деген не?

Интерактивті тақтадағы сөздерге назар аудару.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

66-жаттығу. Екі бағандағы сөйлемдерді салыстырып оқимыз.

Жадыра келді.     Жадыра қалаға келді.

Сөйлемдегі сөйлем мүшелеріне назар аудару.Айырмашылығын анықтау.

Қорытынды жасау. Ережені хормен айту.

Сөйлемдегі бастауыш баяндауыштардан басқа сөйлем мүшелерін   тұрлаусыз мүшелер деп атайды. Оларға қандай? кімге? неге? нені?  қашан?  қайда? Т.б. сұрақтар қойылады.

Жаңа ауылмен толығырақ танысайық.

 

67-жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жаз.

Тақтада орындату. Әр топтан шығып бір сөйлемнен жазады.

Қарамен жазылған  сөздерге сұрақ қою.Ол сөздер бастауыш қа қатыс ма,баяндауышқа қатысты ма?

 

68-жаттығу. Жаңылтпашты  оқып,жатқа жаз. Бастауыштың астын- бір,баяндауыштың астын-екі,тұрлаусыз мүшелердің астын ирек сызықпен сыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-топ.    Ала   қарға  қарға   қонды.,

Қара қарға қарға қонды.

2-топ.      Ескекті  ескекші  еседі,

Ескекші  ескекті еседі.

3-топ       Ерді   ел   елер,

Ер   елге   еркелер.

4-топ.     Бала  араны  қуалады,

Ара  баланы  қуалады.

 

             Сергіту сәті

 

 

 

 

 

 

 

69-жаттығу. Суреттегі зат атаулары  бірд бастауыш,бірде тұрлаусыз мүше  болатындай етіп сөйлем құра.

Әр топқа    әр түрлі    суреттер    арқылы    сөйлем    құрату.

Тұрлаусыз мүшелер деген елдің барын білдік.Енді ол елдің батырлары мен танысайық.Олар: Анықтауыш,Толықтауыш,Пысықтауыш.

Сонымен тұрлаусыз мүшелер  неше түрге бөлінеді екен?

-Дұрыс айтасыңдар анықтауыш,толықтауыш,пысықтауыш  туралы келесі  сабақтарда  толық танысатын боласыңдар.

Ал,ертегімізді тұрлаулы  мүшелердің батырлары ауылдарына келген тұрлаусыз мүшелердің батырларын жақсы қарсы алып, олар да риза  болыпты.Кейін олар жиі келіп,туыс адамдай араласып  тұрады екен.Бір-бірін бөлмей,тату тұрыпты.

Сендер де балалар  бір-біріңмен  тату  болып,бір үйдің баласындай  ұйымшыл  болыңдар.

 

Жаңа сабақты бекіту.

70-жаттығу.Алғашқы үш сөйлемді көшіріп жаз.

Сөйлемдерден  тұрлаулы,тұрлаусыз мүшелерді тауып,тиісті  інге  кіргізу.

21-жаттығу. Суретке қарап  әңгіме  құра.Құраған әңгімені  жазып,тұрлаусыз мүшелердің астын сызу.

 

                              ВЕНН ДИАГРАММА

 

           

                    ТҰРЛАУЛЫ                ТҰРЛАУСЫЗ

                     МҮШЕЛЕР                МҮШЕЛЕР

 

 

 

 

Қорытынды.

Бағалау.

Үйге тапсырма: 71-жаттығу. Ереже  жаттау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Балалар,бізге  қонақтар келіп еді ,енді оларға  сау  болыңыздар айтайық.

 

Сабақты аяқтау.

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды  соғайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау-саламат болайық.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *