Тұрлаулы мүшелер

Мауенова Эльмира Ибратулловна

Пәні:   Қазақ тілі

Сыныбы: 3

Тақырыбы:      Тұрлаулы мүшелер

Мақсаты:

Білімділік:    Тұрлаулы мүшелер жайлы  мәлімет беру, сөйлемдегі бастауыш пен баяндауыштың атқаратын қызметін анықтау.

Дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ойын, байқағыштық қабілеттерін, сөздік қорын арттыру.

Тәрбиелік: Балаларды ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу жәнеәдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Көрнекіліктер: интерактивті тақта,  қималы карточкалар, суреттер.

Сабақ барысы

І. Топтарға бөлу: 

Конвертке салынған пішіндерді таңдай отырып топқа бөлінеді.

ІІ. Тыныштық сәті: Слайд  2

«Ғажайып бақ»

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру:  Слайд 3

А) 58-жаттығу  75-бет                  .

Ә)  «Ыстық орындық»

Б) «Сұрақ бізден, жауап сізден» «Конверт-сұрақ»

IV.Жаңа сабақ:   Тұрлаулы мүшелерСлайд  4

60-жаттығу Сөйлемдерді оқы.   Оның қандай ұқсастықтары мен өзгешеліктері бар?
Қар жауды.

  Бүгін жапалақтап қар жауды. 

Осы екі сөйлем арқылы жаңа сабақты түсіндіру.

  1. Топпен жұмыс: слайд 5

61-жаттығу   Сөйлемдерді оқы.

Мектепте асхана бар. Аспазшы тамақты дәмді пісіреді. Балалар үзілісте асханаға келді.

  • Тұрлаулы мүшелерді тап.
  • Неліктен тұрлаулы дейтінін түсіндіріп көр.

62-жаттығу  Мәтінді тиісті тыныс белгісін қойып көшіріп жаз.
Балалар Ақлима әжейге көмекке келді қыздар үй тазалады ұлдар отын жарды Ақлима әжей балаларға риза болды.

  • Тұрлаулы мүшелердің астын сыз.
  • Мәтінге ат қой.
  1. Сергіту сәті: Слайд 7

Оқушылар «Аяқпенен топ-топ» қимылды биін  билейді.        

Топпен жұмыс: Слайд 8

63-жаттығу  Мақалдарды жатқа жаз.

  • Әкеге қарап ұл өсер,

           Шешеге қарап қыз өсер.

  • Жаман жолдас жолда қалдырады.
  • Тұрлаулы мүшелердің астын сыз.
  • Мақалдардың мәнін түсіндір.

VIІ.  Шығармашылық тапсырма:«Кім жылдам?»Слайд 9

65-жаттығу

  • Сурет бойынша әңгіме құра.
  • Әңгімеге ат қой.

VIII.Ойын жаттығулар: Слайд 10,11

  • «Не істеді?» ойыны. Шарты: берілген суреттер бойынша сөйлем құрап айту.
  • «Жануарлар қалай дыбыстайды?» ойыны. Шарты: берілген суреттер мен сөздерді сәйкестендіру.

IX.Үйге тапсырма және бағалау: Слайд 12

Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
Тұрлаулы мүшелерді,
Ұмытпай есте сақтайық.

64-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, мағыналық байланысына қарай ретімен жазу. Ертегіні әңгімелеп беру.

X.Қорытынды: Слайд 13

 

XI.Бағалау ағашы: Слайд 14

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазып бағалау ағашына жапсырады.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *