Тіл

Ия,қазіргі таңда тіл ең өзекті деген мәселелердің бірі.Жоғарғы билік өкілдірі бұл мәселені шешеміз дегелі қаншама жылдың жүзі болды.Дегенмен,айтылған сөз сол жерде қалды.Сонда өз тілінің мәселесін шеше алмағаның,кім болғаның.Билік қолда болғанмен,бір мәселені шеше алмаған адамда аброй қайдан болсын.Бірақ қайдам,қазіргі уақытта халық оларға сенуден қалды ғой.Халыққа келіп ананы істеп,тындырамыз деп жар салады.Артынан сол сөзді айтқан өзі де,айтылған сөзі же жоқ.Жарайды,оларды былай қоя тұрып,басты мәлелемізге келейік….
Әрине,жер ата-бабамыздан мұра етіп қалдырған қазынамыздың бірі.Ал ана тіліміз ше?Қазақ деген ұлан-байтақ,сахарадай ұлы далада өмір сүріп жатқан елміз.Алайда,қазақ елінде қазақтың иісі онша сезілмейді.Көшеге қарап,жазуларға қарап,бірлесіп өмір сүріп жатқан мемлекет деп ойлап қаласың.Бұл тәуелсіз мемлекетте қазақ тілі маңызды емес,орыс тілі басты тіл сияқты сезіліді.Ия,білем бұрынғы кездерде ССР билігіне бағындық.Олардың бұйрығымен барлық адам орыс тілін білуі міндетті болды.ССР-ға тәуелді болып,өз қалағанымызша ештеңе істей алмадық.Бірақ,бұрынғыны өткеннің еншісіне қалдырсақ болады ғой.Қазіргі кезде,біз ешкімге бағынбайтын,тәуелсіз әрі дербес елміз.Мемлекетімізде тұратын жат жұрттықтарға қазақ тілін үйренуді міндетті етуге неге болмасқа.Неге біз ғана мемлекетімізге байланысты қағидаларға келгенде басқаларға жұмсақпыз.Осы елге келген қонақтар яғни туристтер біздің еліміздің мәдениетімен танысқылары келеді.Біз болсақ басқалардың мәдениет,дәстүрін таныстырып жатқан сияқтымыз.Қазақстанға келетін қонақ ең бірінші орыс тілін үйренеді.Қазақ тілі оларға екінші мәселе.Қазақ тілінен көптеген қателіктер табылып жатады.Орыс тілі болса,қанша үңіліп қарасаң да бір қателік табу мүмкін емес.Тіпті,дүкендерге барсақ,қазақ жерінің топырағын басып тұрып,қазақша сөйлегенде<<Мен қазақша түсінбеймін,орысша сөйлесеңіз болады ма? >> дейтінін қайтесі?Әрине,басқа тілдерді білсін,білмесін емес.Дегенмен,<<Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте>>деген,ата-бабамыз қалдырып кеткен мақал бар емес пе?Шыны керек,мен де өзге тілде сөйлемеймін деп айта алмаймын.Алайда,тұрып жатқан жеріңде ана тілден өзге тіл басым болып тұрса<<Мен патриотпын>>деп өмір сүруіңді тоқтатпайсың ғой.Солай ма?
Мысалы,шет елдерді алайық.Сен ол жаққа саяхаттап бару үшін ең алдымен ол елдің тілін білуің керек.Тіл білмесең ол елде саяхаттау былай тұрсын,жүріп-тұру да қиынға соғады.Ал бізде керісінше.
Енді тоқсан ауыз сөздің толықтай түйінін айтайын.Мен тәуелсіз,бейбіт елде нағыз қазақ мемлекетінде тұрып жатқанымды сезінгім келеді.Кез келген Қазақстанда тұратын біреуден сұрасаң,қазақша жауап беруін қалар едім.Бар айтайын деген мәселем осы.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *