Тілім менің — мерейім

Тақырыбы: „Тіл менің — мерейім”

 

Мақсаты:

Балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге, мәртебесін көтеруге баулып, танымдылық қабілетін арттыру.

Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: плакаттар, суреттер.

 

Сабақтың барысы: 

 

Мұғалім:

Балалар, бүгін ерекше күн екен. Бұгін тіл мерекесі.

 

Балалар: Күніміз жарық болсын. Аспанымыз ашық болсын. Деніміз сау болсын. Еліміз тыныш болсын. Досымыз көп болсын. Мектебіміз жайнап тұрсын. Нанымыз көп болсын.

 

Мұғалім: Жарайсыңдар,балалар.

 

Мұғалім: 

Тіл – адамзат баласына тән ғажайып құбылыс. Адамзат қоғамының аясында халық, ұлт және оның тілі жүздеген, мыңдаған жылдар бойы қалыптасады.

Әр ел өз тілі арқылы әлемді, дүниені, өмірдің құнды тағылымдарын таниды. Өз елінің мәдениетін жасайды, өмірден түйген тағылым, тұжырымдарын келешек ұрпақтарына жеткізеді.

Тіл – халық тарихы, тіл – ұлттық қазына, тіл – біздің намысымыз, арымыз,  байлығымыз, барымыз.

Ана тілі – бұл атаңның, анаңның тілі, туған халқыңның тілі.

Ана тілін біз кішкентай кезімізден қастерлеп, құрметтеп үйрене бастаймыз.

Әр халықтың жер бетінде жасағаннан бергі басынан кешкен өмірі, ерлік істері, аңыз-ертегілері, шығарған өлең-жырлары, жазған кітаптары, табиғат пен қоғам құбылыстары атаулары, көрген білген жалпы дүние жайындағы ұғымдары, ойы, сезімі – бәрі-бәрі де ана тілінде сақталады, ана тілі арқылы атадан балаға ауысып отырады.

Қазақ халқы өз тілін ардақтап, кие тұтқан.

Тіл құдіретін танып, «Өнер алды-қызыл тіл», «Бас кеспек бар да, тіл кеспек жоқ» деп дәріптеген. Ананың әлдиімен ұрпақ бойына таралып, ананың бал сүтімен сүйегіне сіңетін тілді ана тілі деп аялаған. Атаның ақылы мен даналығына суарылған сөз аталы сөз боп есептелген.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне ие.

 

Қазақстан Республикасының Конституциясы(1995), Тіл саясаты туралы тұжырымдама (1996) және Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Заң (1997) тек қазақ тілінің ғана емес, республикадағы барлық ұлт тілдерінің ұлтаралық жарастық пен рухани ынтымақтастыққа құрылған мүддесін көздейді.

Тіл туралы Заң VІ тарау, 27 баптан тұрады.

Осы Заң Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуы құқықтық негіздерін,  оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді.

 

 

Мұғалім: 

-Біз қай мемлекетте тұрамыз?

-Қазақстан Республикасы

-ҚРның мемлекеттік тілі қай тіл?

-Қазақ тілі

 

 

Мұғалім: 

Қәне, балалар, мемлекетіміздің әнұранын орындайықшы.

 

Балалар әнұранды орындайды.

-Ана тілі туралы қандай тақпақ білесіңдер?

 

 

1 — бала:

Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың елдігің.

 

 

2 — бала:

Ана тілім
Жүрегісің анамның
Жүрек – ана
Мен өзіңмен жаралдым.

 

3 — бала:

Ақыл – ойындананың,
Анатілденаламыз.
Анатілімардақты,
Ақсүтіндейанамның.

 

Мұғалім: 

— Жарайсыңдар, балалар, рахмет сендерге.

 

 

 

 

Мұғалім: 

«Мақал-сөздің мәйегі» демекші туған тілімізге қатысты тіл өнеріне байланысты мақал мәтелдер айтайық.

 

Тіл тас жарады,
Тас
жармаса бас жарады.

Өнер алды — қызыл тіл.

Жақсы сөз – жарым ырыс.

Мұғалім: 

Халқымыз қашанда тіл өнеріне, шешендікке зор мән берген. Атақты билер, ақындар мен жыраулар ұйқастыра өлеңдетіп жырлаған.

 

Қорытынды. Сұрақ-жауап

 

Мұғалім: 

Балалар, бүгін бәрің сабаққа жақсы қатыстыңдар. Рахмет сендерге. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» деп айтқаныдай сендер осы ана тіліміздің мәртебесін биікке ұшыратын сұңқары, бәйгенің алдын бермес тұлпары болуларыңа тілектеспін.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *