Тізбектің бөлігі үшін Ом заңы. Ток күші

Сабақ № «Ащысу НОМ» КММ
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 8 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы Тоқ күші. Тізбектің бөлігі үшін Ом заңы
Оқу мақсаттары Электр заряды және уақыт арқылы тоқ күшін қалай өрнектеу және өткізгіштердегі ток күшін өлшеу құралы бойынша оқушылардың білімдерін арттыру
Сабақ мақсаттары Оқушылардың барлығы: Өткізгіштегі ток күшін өлшеу құралмен өлшей алады; ток күшінің формуласымен танысып, есептер шығарады;
Оқушылардың көпшілігі: өз беттерінше тізбектің бөлігі үшін Ом заңын қорытып, дәлеледеп береді;
Жетістік критерийлері — Ток күшінің формуласы бойынша мағлұмат алады:
— Тізбектің бөлігі үшін Ом заңын пайдаланып ток күшінің мәнін таба алады;
— Ток күшін өлшейтін құрал Амперметрмен ток күшінің шамасын өлшей алады;
— Берілген есеп бойынша белгісіз шаманың мәнін формула бойынша табады;
Тілдік мақсаттар Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
Сан мәні жағынан өткізгіштің көлденең қимасы арқылы бірлік уақытта өтетін зарядқа тең болатын скалярлық физикалық шаманы ток күші деп атайды: I= q/t, 1A=1Кл/1с; I= U/R

Құндылықтарды дарыту Логикалық ойлау дағдылары қалыптасады; нақты шешім қабылдауға,жауапкершілікке тәрбиеленеді
Пәнаралық байланыстар Алгебра және геометрия,
АКТ қолдану дағдылары Ақпаратты табу көзі ретінде ұялы телефондармен, компьютерлерді қолдану
Бастапқы білім Ток күшінің анықтамасы, формуласы; Тізбектің бөлігі үшін Ом заңы анықтамасы, формуласы; Ток күшін өлшеу құрылғысы.
Қолданылатын әдіс -тәсілдер Миға шабуыл, Кері байланыс, БББ кестесі
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
-оқушыларды түгендеу;
-сабаққа даярлықтарын тексеру;
-сабаққа көңілдерін аудару.
Үй тапсырмасын жұппен тексеру.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
Үй жұмысын тексере отырып, жіберілген қателерді анықтау, оқушылардың өз қателерін дұрыстауына ықпал жасау.
ІІІ. Оқушыларды жұпқа бөлу.
Өткенді қайталау «Кері байланыс» орнату
1- Топ Электр тогының пайда болу мен ұзақ сақталуы үшін қажетті және жеткілікті шарттары қандай?
2- Топ Электр қозғаушы күш, формуласы
Сабақтың ортасы 30 мин

Жұптық жұмыс Миға шабуыл
Ток көзі ішінде 10 Кл зарядты оның бір полюсінен екінші полюсіне тасымалдау үшін бөгде күштер 30 Дж жұмыс атқарады. Ток көзінің ЭҚК-і неге тең?

Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі
Ток күші және Тізбектің бөлігі үшін Ом заңының анықтамаларын, өлшем бірліктерін, формулаларын түсіндіріп беру.
1-топ: Түрліше қималар арқылы аудан бірлігі арқылы өтіп жатқан токтар түрліше ме әлде бірдей ме?
Сызылманы түсіндір:

 

2-Топ: Мына сызылмада кедергіні өлшеу үшін схема кескінделген. Егер өлшенетін кедергі көп болса, олардың қайсысын жинау керек? Аз болса ше?

Сабақтың соңы

3 мин ІХ. Рефлексия жазу. БББ кестесі
Өзін-өзі бағалау (2 мин)
Х. Үйге тапсырма: Өтілген тақырып, есептер шығару
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
Деңгейлік тапсырмалар беру арқылы Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
Қиынырақ сұрақтар беріп, олардың нәтижесімен қорытынды жасату;

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуда да, оқуда да)
1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алар еді? (оқытуда да, оқуда да)
1.
2.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *