Туған жерім — Қызылорда

Қалдыбаева  Гүлназ  Сейдахметқызы

Мақсаты:  Балаларды 1- қыркүйек білім күнімен таныстыру. Балалардың тіл байлығын, ой — өрісін дамыту. Өз туған еліне, жеріне балабқшасына деген сүйіспеншілігін ояту. Туған жері -Қызылорда жайлы толық түсінік беру. Қызылорданың әдемі жерлерімен таныстыру.

 

Ұйымдастыру кезеңі

Тәрбиеші:       Шаттық шеңбер.

Қуан шаттан алақай,

Қуанатын күн келді.

Күліп шықты күн бүгін

Қайырлы таң, қайырлы күн достарым.

Тәрбиеші:

                          Көк байрағым көк жүзінде қалқыған,

Әнұраным әуелеген, шалқыған.

Бес құрлыққа елдің атын паш еткен,

Елбасы да өткен ұстаз алдынан.

Гимнді орындау

-Балалар кеше Қазақстан Республикасының Конституция күнін тойладық, Қазақстан рәміздері жайында білім алғанбыз,ендеше есімізге түсірейік.

 

(Сурет бойынша түсіндіру)

 

Қазақстан Республикасының рәміздеріне ту,  елтаңба гимн жатады. Балалар біз Қазақстан Республикасында тұрамыз. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Қазақстан Республикасының елордасы- Астана қаласы.

-Балалар, біз қай қалада тұрамыз?

Қызылорда қалалсында тұрамыз

-Біздің балабақша қалай аталады?

«Сыр самалы» балабақшасы

 

Тәрбиеші:  Балалар бүгін балабақшада үлкен мереке. Жадыраған жазда аяқталып, жомарт күзде келді.Бүгін  күздің алғашқы күні 1- қыркүйек білім күні. Бұл ата -аналар үшін де, балалар үшінде, тәрбиеші үшін де қуанышты күндердің бірі. Бұл күні алғаш қоңыраудың үні естеліп барлық мекемелерде, мектептерде, балабақшаларда оқу қызметі басталады.

Білімді,оқымысты ғалым болуды барлығымыз да   армандаймыз. Білімді болу үшін тәрбие, өнеге, білім, ізденіс, талап керек. Сол себепті балалар сендер барлық ынта — талаптарыңды оқу қызметіне арнауларың керек

Тәрбиеші:           

Кел балалар оқылық!

Оқығанды көңілге,

Ықыласпен тоқылық

Оқысаңдар балалар.

Шамнан  шырақ  жағылар

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар!

(Ы. Алтынсарин)

Ғажайып сәт:

Топқа ойыншығын алып Жалқаубек кіреді, балаларды ойынға шақырады сыртта ауа — райы тамаша екенін айтады.

Тәрбиеші: Жалқаубекке жаз мезгілі өтіп, ойындардың бәрі артта қалғаны, күз мезгілі келгенінің. Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні білім күні. Барша балалар оқу қызметіне қайта оралып, ойынды азайтады деп.

 1- Қыркүйек білім күні туралы түсінік береді

Сәлем, достар, балалар!

Жаңа білім күнімен!

Білім күні — мереке,

Ән салсам да әдемі.

Туған тілім — береке,

Сөз арнасам кәделі!

 

Жанель: Шырылдаған тыным алмай

Қоңыраудың үні қандай,

Мақсатына жете ме адам

Оқу оқып білім алмай.

 

 

— Балалар біз қай елде тұрамыз?

-Қазақстан Республикасында тұрамыз

-Ал біз қай қалада тұрамыз?

-Қызылорда қаласында тұрамыз

Енді біз осы Қызылорда қаласымен толығырақ танысып  өтсек.

Балалар қызылорда қаласында әдемі жерлер өте көп.  Балалар мынау «Сыр Ана » кешені. «Сыр Ана» кешені балалар сонау қиын қыстау кезеңде Сырдарияға келген адамдардың бәріне пана, алғаш ана болған. Сан ұлт пен ұлысты жатсынбай  бауырына басқан  қасиетті Сыр Ана деп атап кеткен екен.Сыр өңірінің ерекшелігін айқындайтын  бқл кешеннің басында сәукеле киген, мың бұрала самал желмен тербетілген ананың бейнесін көруге болады. Сыр Ананың  ұзындығы -39 метр.

Ал бұл балалар Қорқыт ата ескерткіші. Биіктігі 8 метр. Төрт жақа қарап тұратын шөміш пішіндес, қобызға  ұқсас стела бар. Жел соққан кезде бұл жерден қобыз сарынымен  үндес дыбыс шығады.

Ал бұл балалар Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы саябақ. Бұл жерде кешкісін балалар ата-аналарымен бірге демалуға баратын ең тамаша әрі әдемі жерлердің бірі.

 

 

Тәрбиеші:

—   Жалқаубек бүгін қаңдай күн?

  • 1- қыркүйек білім күні.
  • Бұл күні балалар оқу қызметіне оралады.
  • 30 — тамыз қаңдай күн болды ?
  • 30 – тамыз Конституция күні.

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, бүлдіршіндер бүгінгі

1- Қыркүйек білім күні құтты болсын !

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *