Топпен жұмыстың тиімділігі

Бірлескен топтық жұмыстың
тиімділігі

 

Турагулова Балжұма Темірбекқызы, Ы.Алтынсарин атындағы
Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі, педагогика пәнінің оқытушысы.

 

Білімді
игеруде күтілетін нәтижелерге қол жеткізу — қазіргі таңдағы білім беру жүйесін
реформалаудың басты мақсаты. Жеке тұлға бұрын білімді қабылдаушы, жинақтаушы
болса, ал жаңа талап бойынша өздігінен білім алушы, үйрене білуші, үйретуші,
ізденуші, зерттеуші ретінде танылады.Сондықтан жеке тұлғаны осы рөлдерді атқара
алуы  үшін, оның жаңа бейнесін заман
талабына сай даярлауымыз қажет.

Менің деңгейлік курстан
өтуім педагогикалық тәжірибемді одан сайын жетілдіріп бағалауға көмектесті.Бұл
аталған курстың мазмұнын игеріп, жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеруім- өзіндік
қорытынды шығаруыма негіз болды.«Оқулықпен пәнге бару емес, оқушымен пәнге
бару» қағидасын нақты ұстану керек екенін түсіндім.

          Швейцар психологі Жан Пиаже «Адамның ақылы басқа
адамдармен қарым-қатынасқа түскен кезде ғана дамиды» деп тұжырым жасаған.Осы
Ж.Пиаженің тұжырымына орай, менің ойымша қарым-қатынасқа түсудің бірден-бір
жолы бірлескен топтық жұмысты пайдалану деп ойлаймын.

            Бірлескен топтық оқыту дегеніміз- мәселелерді шешу, тапсырмаларды орындау
арқылы алға қойған мақсаттарына бірлесе отырып қол жеткізу дегенді білдіреді.

          Бірлескен топтық жұмыстың
маңызды жағы: студенттердің өзін-өзі және басқа
адамдарды тануының тиімді құралы болып табылады, дүниетанымдарын қалыптастырып,
тұлғаның өзіндік дамуымен, басқалардың іс-әрекеттерін түсінуге ықпал
жасайды.Бірлескен топтық жұмыстар барлық үйренушілердің жұмысқа белсене
қатысуын қамтамасыз етеді.

 Бірлескен топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы
мұғалім мынадай мақсаттарға жетеді:

-студенттер
бір-бірімен жеке қарым-қатынасқа түседі;

-сенімсіздік
пен қобалжудан, қорқыныштан арылады;

-қабілеттері
мен ерекшеліктерін ашуға, көрсетуге жағдай жасалады;

-студенттердің
арасында еркіндік және сенім
қалыптасады;

-студенттер
топ жұмысында конструктивтік, шығармашылық қағидаларды ұстанады.

Мен
тәжірибе барысында «Бастауыш білім беру мамандығының» 3 курсында педагогика
пәнінен тізбектелген сабақтар жүргіздім.Бірінші сабақта «Суреттерді құрастыру»
әдісі арқылы топтарға бөлдім.Топпен жұмыс істеудің өзіндік ерекшеліктері мен
ережесі, жұппен және топпен жұмыс жасап бір-бірімізді оқытатынымызды, бірде
үйренуші, бірде үйретуші болатындықтары, қателерімізді топта түзетіп,
бір-бірімізді бағалайтынымыз туралы қысқаша түсінік бердім.Студенттердің өздеріне
деген сенімдері артып, көңіл-күйлері көтеріліп, жұмысқа зор қызығушылықпен
белсене кірісті. Студенттер  ұсынылған
мақал-мәтелдер арқылы топ ережесін құрды.

         Келесі сабақтарда топқа бөлуде «Геометриялық фигуралар»,
«Шарлардың түстері», «Жемістер салаты», «Сақиналар», «Бұл қандай ән», «Саяхатқа
шығамыз» әдістерін қолдандым. Жаңа материалмен жұмыс жасау кезінде «Джигсо-2»,
«5-5-1»,  «Ромб», «Шерлок Холмс»,
«Жарнама», «Табақ тарту» әдістері бойынша жұмыс жүргізілді.

        Мысалы, «Оқушылардың оқу-танымдық
іс-әрекетін ұйымдастыру, ынталандыру әдістері» тақырыбында «Шерлок Холмс»
стратегиясын қолдандым.
Мәтін барлық студенттерге
берілді, менің нұсқауым бойынша берілген уақыт ішінде әр студент мәтінмен жұмыс
жасап, сұрақтар құрастырды.Содан соң мәтінді маған тапсырып, естерінде қалған
мағлұматтарды жазды, жұппен талдады.Топ болып жеке қағазға ментальды карта
жасап қорғады.Жұмыс барысында студенттердің зерттеушілік іскерліктері қалыптаса
бастады. Олар топтық жұмыс арқылы ой бөлісіп, пікір алмасып, алған әсерлерімен
бөлісіп отырды, бір-бірінің білімдерін толықтыруға ұмтылыс жасады.

       Топтың бір-бірімен ақылдасып
жасаған жұмыстары өте сәтті болды.Бірлескен топтар арқылы оқыту әдісінің
ерекшелігі- студенттердің еркін ойлап, батыл қимылдауына мүмкіндік беруінде.Студенттер  постер құру барысында  тақырыпты меңгеру жеңіл болғанын
айтты.Ендеше, бұл әдіс оң нәтиже бергені.


Қорыта
айтқанда, бірлескен топтық жұмыс барысында ұжымдық сезім қалыптасып,
студенттердің жалпы оқуға, еңбекке деген ынталары артты.Бір-бірімен
білімдерімен бөлісіп, өзара қолдау көрсетті.Студенттердің бірлесе топпен жұмыс
жасауы- білім сапасының жақсаруына ықпал етті деп ойлаймын.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *