Кеңес үкіметінің Қазақстандағы экономикалық саясаты

Сынып: 11«А» сынып Күні: 28.11.2019. Мұғалімі: Сулейменова А.Д.
Тақырыбы Кеңес үкіметінің Қазақстандағы экономикалық саясаты
Мақсаты Кеңес үкіметінің Қазақстандағы экономикалық саясаты тарауын қайталау және осы тарауда кездесетін емтихан мен ҰБТ тапсырмалары мен тест сұрақтарын талдау.
Күтілетін нәтиже — 1918-1930 жылдардағы Қазақстандағы экономикалық саясаты туралы біліп, түсінеді;
— Сабақта алған білімдерін тәжірибе жүзінде пайдаланады, тақырыпқа байланысты ақпаратты толық біліп шығады.
— Топта жұмыс жасай алады.
-Өзін-өзі бағалауды үйренеді.
Сабақ түрі қайталау сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: Жеке, топтық жұмыс, оқулықпен жұмыс, сұрақ қою, уақыт сызығы, карта, кесте, «Quizizz» әдісі,рефлексия
Көрнекіліктер Карта , оқулық, презентация, кесте.
Сабақ барысы
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау
Ұйымдастыру
2 мин
Оқушылармен амандасамын, оқушыларды түгендеймін.
Оқушыларды топқа бөлемін.

Қазақ зиялыларының портреттері арқылы топқа бөлінеді, Әр топтың топ басшысына бағалау парақшасы беремін.
Зейін қояды, жинақталады
1-топ: Әлихан тобы
2-топ: Ахмет тобы
3-топ: Мағжан тобы
4-топ: Тұрар тобы
Топ көшбасшысын сайлайды, Топ ішінде топ көшбасшысын өздіктерінен сайлайды. Топ көшбасшысы бағалау парақшасын
толтырады.
Қызығушылықты ояту.
5 мин Оқушыларға Қазақстандағы азамат соғысы, әскери коммунизм саясаты, жаңа экономикалық саясат, индустрияландыруға байланысты суреттер көрсетіледі. Суреттегі оқиғаларды уақыт сызығына қояды.
Оқушылар суреттердің мағынасын
түсіндіре отырып оқиғаларды уақыт сызығына орналастырады. Топ көшбасшысының бағалауы.
Мағынаны ажырату
10 мин
3+10 мин Топтық жұмыстар.
Картамен жұмыс
1-топ: Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан. Қазақстан аумағындағы майдандар.
2-топ: 1921-1922 жылдардағы ашаршылық жайлаған аймақтар.
3-топ: Жаңа экономикалық жылдарындағы өнеркәсіп салалары дамыған аймақтар.
4-топ: Индустрияландыру жылдарында Қазақстанда табиғи байлықтар зерттелген аймақтар. Картадан көрсетеді.
Топ көшбасшысының бағалауы.
Топтық тапсырмалар.
8 мин Емтихан тапсырмалары:

1-топ: Қазақстандағы «Әскери коммунизм саясаты» мен «Жаңа экономикалық саясаттың» нәтижелерін салыстырыңыз.
2-топ: Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан жайлы кестені толтырыңыз.
Қазақстандағы Азамат соғысының ерекшеліктері Азамат соғысының салдары Қазақстан аумағындағы майдандар
3-топ: Индустрияландыру жүргізілген кезеңдегі орын алған қиындықтар мен нәтижелерін кесте бойынша толтырыңыз.
Қазақстандағы индустрияландыру
Қиындықтары Нәтижелері
4-топ: Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы орын алған қиындықтар мен жетістіктерін кестеге толтырыңыз.
Жаңа экономикалық саясат
Қиындықтары Жетістіктері
Тақырып бойынша меңгерген теориялық білімдерін бекіту мақсатында әр топқа берілген емтихан тапсырмаларын
орындайды.
Топ көшбасшысының бағалауы
Ой-толғаныс:
7 мин
«Quizizz» әдісі арқылы ҰБТ дайындық тестін алу
Тестке жауап береді.
Топ көшбасшысының бағалауы, Өзін-өзі бағалайды.
Рефлексия
«Үздік төрттік»
2 мин «Үздік төрттік»
Мен үшін қызықты болды Сабақ барысында қиындық болды ма
Алған білімімді қай кезде, қашан пайдалана аламын Нені үйрендім?
Бүгінгі сабақтан алған әсері туралы айтады.
Бағалау
2 мин
Мұғалім оқушылардың бағасын шығарады. Топ көшбасшылары өз тобының мүшелерін бағалайды, қорытындысын шығарады.
Үйге тапсырма
1 мин ҰБТ тапсырмаларын талдау Тапсырманы күнделікке жазады.
Кері байланыс
Сәттілік баспалдағы
Бүгінгі сабақтан алған әсерім. Стикерге жазады, орналастырады.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *