Тарих сабағында жаңа технологияларды пайдалана отырып,оқушылардың білімін арттыру

 

Тарих пәні ерекше.Пәнді оқытуда оқытушы оқушымен өте көп жұмыс жүргізуі керек. Жаңа технологиялардың түрлерін тарих сабағында пайдалану-оқушылардың еркін сөйлеуін ,логикалық ойлауын,тіл байлығын жетілдіреді.Пікір-сайыс,сұхбат және т.б. әдіс-тәсілдер араласқан сабақ барысы оқушыларға әсерлі болып,ізденуге шабыт береді.Жаңа технологияны жүзеге асыруда оқытушы белсенділігі,шығармашылық ізденісі,өз мамандығына деген сүйіспеншілігі,алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады.Жаңа технологияның өзі әр түрлі атқарушылардың шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы мүмкін.Әр сабақтың сапалы болып,оның тиімділігін арттыру-ізденімпаз,шығармашылығы шыңдалған ұстаздың қолында.Осындай оқытудың жаңа технологияларының біріне-сабақты,дәрісті өткізуді  «Сыни тұрғыдан ойлау бағдарламасы» бойынша ұйымдастыру жатқызылады.Бұл әдісте талданып отырған мәселе бойынша әр бір оқушы өз топшылауын,өз пайымын білдіреді,өзіндік дәлелдер келтіреді, басқалардың ой түйіндерін сынайды,олардың мәнді,мағыналы жақтары жөнінде өз пікірін,өз тоқтамын жасайды.Оқушы бұрын тек тыңдаушы болса,енді ізденуші.ойланушы,өз ойын дәлелдеуші болады, ал оқытушы осы әрекетке бағыттауда,оқуды ұйымдастыруда жетекші рөл атқарады.Бұл стратегия сабақ жүйесінде іштей үш кезеңге бөлінеді: Қызығушылықты ояту.Бұл кезеңде оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындай отырып,қызығушылықтарын арттырудың әртүрлі әдіс амалдары қарастырылады.Сондай-ақ оқушыларды қалай қызықтыру 

керек деген сұраққа жауап деп қарауға болады;

  • Оқушының бұрынғы тәжірибесімен байланыс орнату;

  • Жаңа идеяны түсінуге дайындау;

Оқушы өз білетінін еске түсіреді,қағазға жазады,көшірмесімен бөліседі,тобында талқылайды.Бұл кезеңде «Ассоциация», «Топтау», «Түртіп алу». Мағынаны тани білу –жаңа білімді игеру кезеңі: Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпаратпен танысады. Тақырыпты мұғалім түсіндіріп оқып бермейді,тақырып бойынша оқушылар өздері жұмыс істейді және топпен жұмыс жасап белсенділік көрсетуге жағдай жасалады. Оқушының білімін қалыптастыру деңгейінде, оны зерттеу,талдау,жауап табу үшін жеткілікті материал болу керек.Ой толғаныс.Жаңа алынған білімді айқындайтын және ұштайтын деңгейде оқушыда шешім қабылдай алатын мүмкіндік болу керек;

  • Болжау жасай білу және олардың дұрыстығын тестілеу;

  • Жаңадан пайда болған жағдайларды тез түсінуге осы білімді қолдану;

Толғануды тиімді етуге лайықталған: «Кейіпкерге хат», «Кубизм», «Т кестесі» т.б.әдіс-тәсілдер әр сабақтың ерекшелігіне ауыр-жеңілдігіне қарай лайықты қолданылады.Бұл әдістің тиімділігі сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды.Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына шараларды орындауы  шарт.Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін уақыт керек.Оқушыларға өз ойын ашық,еркін айтуға рұқсат беру.Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.Үйрену барысында оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау. Сондай жаңа технологиялардың бірі интерактивті оқыту психолог-ғалымдардың айтуынша, бала білімді төрт түрлі жағдайда алады екен:дайын білімді қабылдап алу, зерттеу барысында жаңалық ашу,әр түрлі жағдайда әсерді сезіну және синтез арқылы бұйым құрастыру немесе өнім жасау.Интерактивті оқыту әдістері оқушыларға рольдік ойындар  арқылы әр түрлі білімдерді синтездеу  кезінде шығармашылық өнім жасауға жағдай  жасайды, дегенмен түрлі ситуациялар мен мәліметтерді талдап,сараптап,зерттеу барысында жаңалық  ашуға көбірек мүмкіндік береді.

Мұнайлы ауданы  №10 орта мектеп тарих пәні мұғалімі   Джанаева Мадина Майрамовна

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *