Тарихы терең тараз

Тараз шаһары тарихи оқиғаларға бай. Бұл қала Аулие-атадан бастап, Талас, Наманган, Йени-Тараз, Жамбыл, Мирзоян болып аталды. Киелі топырақта б.э. 1 ғасырында көшпенді халықтар өмір сүрген. Әйгілі ғалы

Көне Тараз

Тараз шаһары тарихи оқиғаларға бай. Бұл қала Аулие-атадан бастап, Талас, Наманган, Йени-Тараз, Жамбыл, Мирзоян болып аталды. Киелі топырақта б.э. 1 ғасырында көшпенді халықтар өмір сүрген. Әйгілі ғалым В. Бартольдтің зерттеуіне сүйенсек, Тараздың іргесі б.э.д. қаланған. Сырдария мен Талас өзендерінің маңында б.э.д. 1 ғасырда 600 000-нан астам қаңлы тайпасы қоныстанған. Олар Жетісулық үйсіндермен жауласып, нәтижесінде ғұндармен бірігіп одақ құрған. Бұл оқиғаға Л.Н. Гумилевтің «Б.э.д. 36 жылдағы Таластағы соғыс» дерегі дәлел.  Чжи-Чжи Талас бойында қалып, ұлы кент құрады. Екі жыл бойы соғылған қала мықты бекініс болып шықты. Дуалы екі қабаттан тұрды – сыртқы қабаты ағаш, ішкі қабаты лайдан соғылған. Кейбір деректерде, Талас деп атанған шаһардың соғылуына Марк Крассаның бүлінген армиясынан қалған Римнің легионерлері де жұмыс істеген деп көрсетілген.

Тараз еліміздің тарихында зор маңызға ие болуы ХV ғасырдың орта тұсында Қазақ хандығының іргесі қалану кезеңіне тұспа-тұс келеді. Хижраның 870 жылы, 1465-1466 жылдар Қазақ хандығының құрылған кезі болып қабылданған. Мұхаммед Хайдар Дулат өңір Моғолстан хандығының батыс шеті болғандығын айтып, оны Иса Бұға ханның Жәнібек пен Керей сұлтандарға үлеске берілгендігін айтады. Жаңадан қаланған Қазақ хандығына бұл аймақ  өте қолайлы мекен болды. Өзбек ұлысын билеуші Әбілқайыр хан қаза болып, оның құрамындағы қазақ тайпалары Жәнібек пен Керей басқарған хандыққа біржола өте бастайды. Алғашында жаңа хандық өзбек-қазақ елі деп аталады.

Темір жол қатынасы 1928 жылдың қоңыр күзінде іске қосылды. Бұл өз кезегінде халықтың әлеуметтік ахуалын жақсарта түсті. Түркісібтің салынуы ауданда ауылшаруашылығы мен өнеркәсіптің өріс жаюына маңызды ықпал етті. Аудан тіршілігіне қажет жанармай, ауылшаруашылық техникалары, басқа да тауарлар тасымалданды. Аудан үстінен өткен темір жол торабы 144 шақырымға, ал Қосқұдықтан Бетпақдалаға дейін созылған ішкі темір жолдың ұзындығы 130 шақырымға, аудан ішіндегі көлік жолы – 359 шақырымға жетті.

Орта ғасырда қала Тараз деген атауымен әйгілі болды. Ең бірінші қоныстанған этнос –  Ферғана өзбектері. Тарихи атауы 1997 жылынан бастап қалаға қайтарылды.  Тараз өзінің 2000 жылдық тарихи мерейтойын 2002 жылы атап өтті. Сондай-ақ, көне Тараз Ұлы Жібек Жолының бойында орналасқан қалаларының бірі болған. Әсіресе Қарахан билігінде дами бастаған. ХІХ ғасырда Әулие Ата Қоқан қамалы деп аталды. 60-шы жылдарда Ресей империясының құрамына енген. Кейінірек Кеңес Одағы кезінде Жамбыл облысының орталығы болып, Қазақстан тәуелсіздігін алған соң жайлаулы Жамбыл облысының әкімшілік орталығы, тарихы бай көне шаһар болып өркендеді.

Бүгінгі Тараз

Тарихы мол қала бүгінде Жамбыл облысының орталығы болып табылады. Халық саны – 350 000 адамға жуық. Тараз қаласының халық санының 70% қазақтар. Қалада орыс, корей, өзбек, түрік, татар, неміс, күрд, қырғыз, дүнген, қырғыз, грек, ұйғыр ұлт өкілдері тұрады. Облыстың айтарлықтай аумағын Бетпақ-Дала және Мойынқұм алады. Оңтүстік-батыс пен оңтүстік-шығыс шеті таулармен шектелген. Сондай-ақ, мұнда Қарахан, Айша бибі, Бабаджа Хатун, Дәуітбек, Тектұрмас т.б. кесенелері, Мыңбұлақ сквері, Достық үйі, «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығы, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған монумент, Бақылау мұнарасы, т.б. әлем және республикамызға танымал жәдігерлер мен орындар бар.

Айша бибі кесенесі – ХІ-XII ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Кесененің іргесі Жамбыл ауданы Айша бибі ауылында орналасқан. Сыртқы көрінісі керамикалық плиталармен қаланып, ойып жасалған өрнектің сән-салтанаты мен алуандығы жағынан еліміздегі басқа мемориалдық-дәстүрлік ескерткіштер ішінде теңдесі жоқ. Кірпіштердің түрлілігінің өзі кез-келген адамды аң-таң қалдырады. Ескерткіштің тұңғыш қалпы б.у.д. тек батыс қабырғасында сақталған. Безендіруінде бай және әртүрлі геометриялық фигураларымен апталған. Тізбектер терракотамен қапталған жіңішке суреттермен қазақ оюлармен безендірілген.

 

 

Аликулова Жадыра Жанұзаққызы  тарих, география пәнінің мұғалімі

Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Ұланбел ауылы, М.Әуезов атындағы орта мектебі КММ

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *