Танысайық, бұл МЕН!

Мухатаева Гульназ Батыржановна

Тренинг  тақырыбы:  «Танысайық, бұл МЕН!»

Тренинг мақсаты:Оқушылармен тренинг арқылы танысу, қатысушылар арасында жағымды қарым-қатынас туғызу, әрқайсысымен тіл табысып, олардың мінез-құлық ерекшеліктерін байқау;

Қатысушылар: 8 «гқ»-1,2 сынып оқушылары

Құрал-жабдықтар: қалам, А4 қағаз,  түрлі-түсті қағаз, қобдиша, орамал, шар, музыка.

Тренинг ережесі :

  1. Өз ойын ашық айту;
  2. Өзгенің пікірін құрметтеу;
  3. Шынайылық;
  4. Белсенді әрекет ету;
  5. Өз сезімін басқара білу;
  6. Уақытпен санасу;

Тренинг барысы:

  1. Танысу-сәлемдесу жаттығуы;
  2. «Сұхбат» жаттығуы;
  3. «Сенім» жаттығуы;
  4. «Бірге сурет салайық» жаттығуы;
  5. «Жеміс-жидектер» жаттығуы;

6 «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы;

7.Рефлексия «Ашығын айтқанда» анкетасы

I Ұйымдастыру кезеңі.

Тренинге қатысушылар шеңбер жасап отырғызу, тренинг тақырыбымен таныстыру;

1.«Танысу-сәлемдесу» жаттығуын орындау;

Стол үстінде түрлі-түсті қағаздан қиылған геометриялық фигуралар (үшбұрыш, тіктөртбұрыш, шаршы, шеңбер) .

Тіктөртбұрыш таңдағандар өте еңбекқор, төзімді, өз жұмысының шебері, бастаған істі аяғына дейін жеткізетін жандар.

-Үшбұрышты таңдағандар лидерлік қабілеті бар, алдына қойған мақсатына жететін, басқарушылық қабілеті басым жандар.

-Шаршы таңдағандар жаңа идеяға жақын, білуге құмар, ізденгіш жаңдар.

Шеңбер таңдағандар өте мейірімді, басқаның қайғысын, қуанышын да бөлісуге даяр тұратын жандар.

Қатысушылар өздеріне ұнаған түстегі фигураны таңдап, атын жазып, киімдеріне қыстырып қояды да, өздерін таныстырады.  Бірінші қатысушы өзінің есімі мен ерекше бір қасиетін айтады, 2-қатысушы өзінің есімі мен бір ерекше қасиетін айту арқылы бірінші қатысушының айтқаның қайталау керек. Жаттығу осылай жалғасады.

Сұрақ:

-Жаттығу барысында қандай сезімде болдыңыздар?

-Қандай қиындықтар кездесті?

  1. «Сұхбат» жаттығу

Жұппен орындалады. Өзініңіздің жұбыңыз туралы мейлінше көп ақпарат жинауыңыз керек. Өмірі туралы, қызығушылығы,өмірдегі басты  құндылықтары, өміріндегі маңызды сәттері, туралы ақпарат  жинау;

Сұрақ: Сұхбат алу барысында қандай кедергілерге кездестірдіңіздер?

Қатысушылардан жинаған мәліметтері туралы сұрау.

  1. «Сенім» жаттығу

Бұл жаттығуда сөйлеуге болмайды. Көздерін жұмылып тұрады. Жаттығуға тек сендердің қолдарын есту қабілеттерін және ішкі интуиция сезімдерін қатыса алады.Сонымен көздерінді жұмып, бөлмеде жүріңіздер, көздеріңізді ашпай өзіңізге жұп табыңыз. Тапқаннан кейін оның қолынан ұстап, оның жанына тұрыңыз.Бір-бірлеріңіздің қолдарын сезгеннен кейін, қол ерекшеліктерін есте сақтап, жұбыңыздың қолын жіберіңіз де бөлмеде 1 мин жалғыз жүріңіз. Жұмулы көзбен алғашқы жұбыңызды қайта тауып көрініңіз. Тапсаңыз жанына тұрып, көзіңізді ашып, қалған қатысушыларды бақылауыңызға болады.

Сұрақ:

  • Қандай сезімде болдыңыздар?
  • Сенімсіздік сезімі болды ма?
  • Әр түрлі адамдардың қолын ұстағанда қандай сезімде болдыңыздар?
  1. Бірге сурет салайық жаттығуы

Бұл жаттығу жұппен орындалады. 2 жұпқа  бір  А4 ақ қағаз бен бір  қарындаш беріледі. Ақылдаспай, сөйлемей бір  қарындашты 2 жұп ұстап 3 мин мәтінді сурет салады.Мәнді суретке тақырып қою міндеттеледі.

Сұрақ:

  • Сіздерге жұмысты орындау барысында не көмектесті немесе қандай кедергілер болды?
  • Кім сурет салуда белсенді болды?
  • Өздеріңіздің жеке ойларыңызды іске асыра алдыңыздар ма?

 

  1. Жемістер мен көкөністер жаттығуы:

Шеңбер бойымен отырған қатысушылар өздеріне үлестірлген жеміс-жидек аттарын кезек-кезек айтып шығады. Алдында айтылып кеткен жеміс-жидек қайталанбауы керек. Барлығы өзіне жеміс-жидек таңдап болғаннан кейін, қатысушылардың ішінен өз еркімен бір адам ортаға шығады да, осы топтың ішіндегі айтылған жеміс-жидектерді қайталап шығады. Егер қайталай алмаса, ойынға қатысушылар айыппұл төлеуін талап етеді.  (Айыппұл ретінде би билеу, өлең айту, тақпақ айту міндеттеледі) Егер қайталай алса, онда ол ойынды  жалғастырады.

Мысалы : жеміс-жидек  түрлері —   алмұрт, шие, алма, қарақат, таңқурай, жүзім,  алхоры,  өрік, шабдалы,  бүлдірген, апельсин,  лимон,  мандарин, анар, інжір, құрма, банан, ананас, қияр, сәбіз, қызанақ,  қызылша,  қарбыз,  қауын,  асқабақ,  кәді,  сарымсақ, пияз, картоп,орамжапырақ, бұршақ,  лобия,  жүгері,  асқабақ  т.с.с.

  1. «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы:

Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар ретінде қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер.
Жаттығу шарты: Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды. Сыйлықтар үлестірілгеннен кейін, шеңбер бойынша өзінің сыйлығын айтады. Мысалы:жігерлі,білімді, сыпайы,тәртіпті ,ұқыпты ,шыншыл ,әдепті ,қайырымды, адал , мейірімді, сенімді, ақылды, инабатты, жомарт, сабырлы, қамқор. Сонымен, қоршаған орта да осы қасиетке сізді лайық деп таныса, жеке-жеке қошемет көрсетейік. Сыйлықтарыңыз құтты болсын!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 «Ашығын айтқанда» анкетасы

Тренинг өткізілген күн:______________________________________________

Менің аты-жөнім:___________________________________________________

1.Тренинг кезінде менің түсінгенім____________________________________

__________________________________________________________________

2.Маған ең пайдалы, құнды болғаны___________________________________

  1. Мен бұдан да шынай ашық болар едім, егер__________________________

__________________________________________________________________4. Маған ұнағаны___________________________________________________

__________________________________________________________________

  1. Маған ұнамағаны_________________________________________________
  2. Келесі тренингте мен келесі жайттарды білгім келеді_______________________________________________________________________________________________________________________________

7.Тренинг жүргізуші сізге ұнады ма?

 

8.Бүгінгі тренингті нешеге бағлайсыз? ______________________

Тренингке қатысушының қолы ____________________________

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *