Тамыз мәслихатында оқыған баяндама

Ильяшев Д.Е.

Құрметті аудан әкімі, президиум, тамыз мәслихатына қатысушылар!

 

Қазіргі мектепте жағдай көптеп өзгеруде: оқу және тәрбие процесінің құрылымы мен мазмұны, соған сай мұғалімдер мен оқушылардың көзқарастары, олардың өзара қарым – қатынасы, сабақтың ұйымдастыру формалары мен өткізу технологиясы, көптеген оқу пәндерін оқытудағы жаңа көзқарас, сонымен қатар сыныптан тыс тәрбие жұмысы. Мектепті басқару ісі біртіндеп демократиялық бағытты ұстануда. Яғни, педагогикалық әрекеттегі үшбұрыш – мұғалім – оқушы – ата-анаға қатысты жағдай да жаңа демократиялық қарым — қатынасқа ие болуда. Сондықтан да ата-аналар балаларды тәрбиелеу ісінде мектеппен қарым – қатынас, тікелей байланыс жасауды басты міндетіміз деп есептеуі тиіс, өйткені, олардың өз балаларын тәрбиелеудегі жетістіктері сынып, мектеп ұжымдарының оқу-тәрбие жұмысының нәтижесіне байланысты. Бұл жағдай оқу-тәрбие процесінің мазмұнын, сапасын және тиімділігін жақсарту үшін отбасы мен мектептің ынтымақтасып жұмыс істеулерін қажет етеді.

Мектептің ата-аналармен жүргізетін жұмысының ерекшелігі осы екі жақтың байланысы мен әрекет бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді. Бұл тұрақтылықты ең алдымен сынып жетекшісі қамтамасыз етеді. Ол мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастыруда жетекші қызмет атқарады. Мектептің баланы тәрбиелеуге қатысты саясатын отбасының түсінуі, соның жұмысына байланысты. Мұндай жағдайда отбасыны негізгі тапсырыс беруші және баланы тәрбиелеуде мектеппен одақтас ретінде қарастырған жөн. Сондықтан да сынып жетекшісінің осы бағыттағы жұмысының негізіне мектеп пен ата-аналар және балалардың өзара қарым-қатынасы мен әрекетінде бірлікке, ынтымақтастыққа қол жеткізу, ол үшін баланың дамуына жағымды көңіл-күй мен жағдай жасау. Оны нәтижелі шешу мүмкіндігі, егерде тәрбие жұмысының негізінде сол ынтымақтастық әрекет орын алған жағдайда ғана болады. Ол үшін өзара сенім мен құрмет,өзара көмек пен қолдау, бір-біріне шыдамдылық көрсету ынтымақтастықтың негізіне айналуы тиіс.

Мектептің ата-аналармен қоян-қолтық жұмыс істеуі — мақсатты түрде өте ұзақ мерзімді қажет ететін үдеріс. Ол үшін, жанұяны және оның отбасы тәрбиесіндегі ерекшеліктері мен жағдайын жан-жақты әрі жүйелі зерттеуді қажет етеді. Яғни, сынып жетекшісі ата – ана, оқушы, пән мұғалімдерін байланыстырушы ғана емес, қарым – қатынастарын басқарушы, бақылаушы, кеңесші.

«Ауыл діңгегі мектеп» сондықтан №23 орта мектепте де жанұя мен мектептің бірлесіп оқушыларға рухани-адамгершілік  тәрбие берудеатқарған жұмыстары жетерлік. Қысқаша тоқталатын болсақ мектебімізде жақсы үрдіс алған жалпы ата-аналар жиналысы, аналар отырыстары, әкелер, ағалар жиналыстары жоспарлы жүргізіліп отырады. Бұл жиналыстарды жекелей  өткізудегі мақсатымыз бала тәрбиесіне тек ананың немесе әкенің араласатын жағдайлары кездесіп отырады, кейбір жағдайларды ағасының да көмегіне жүгінеміз міне осындай жиналыс, отырыстар бала тәрбиесінде  өз нәтежиесін көрсетіп жатады.

«Тәрбие» деп аталатын қасиетті жеміс ағашының айнымас абзал бағбандары – мектеп пен ата-ана  арасындағы озық іс-тәжірибелерді жинақтау, аудан көлемінде тарату мақсатында 2014 жылы №23 орта мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының мектеп, оқушы, ата-ана ынтымақтастығы атты тақырыпта аудандық семинары өткізілді. Осы семинар арқылы мектебіміздегі ата-аналармен атқарған  жұмыстарымызды және де мектеп пен ата-ана арсындағы тығыз байланысты  көрсете білдік.

Атап айта кетсек«Балалы үй базар», «Үш жұрттың ұлысы нағашысы», «Менің атам мен әжем!», «Шықсаңдағы қандайда бір биікке, жан жетпейді сырыңды ұғар жеңгейге» атты кездесу тәрбие сынып сағаттарын өткізу арқылыжас жеткіншектерге бірлесіп рухани-адамгершілік тәрбие беруде үлкен жетістіктерге жетудеміз. Сонымен бірге ата-аналарды  сабақтан тыс әр түрлі тәрбиелік шараларға қатыстыру /мәдени жорық, саяхат, кеш, спорттық  жарыстар және дәстүрлі шараларға шақыру, үйірме жұмыстарын ұйымдастыру./

Сөзімді қорыта келе  айтарым «Бала басты байлығымыз, ал ең асылымыз – оның тәрбиесі»  олай болса мектеп пен ата-ана бірлесіп жұмыс жассаса халқымыздың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тілін бойына сіңірген білімді, жігерлі, өз-өзіне сенімді, ұлтжанды, отаншыл, білікті болашақ тұлға тәрбиелей алатынымызға кәміл сенемін.

 

Назар салып тыңдағандарыңызға рахмет!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *