Табиғат – денсаулық мекені

Нұрғалиева Бақыт Қазыбайқызы

Т/с тақырыбы: «Табиғат – денсаулық мекені»
Мақсаты: Табиғат біздің алтын ұямыз, қоршаған ортамыз, тіршілік көзі екенін, оларды қорғау, аялау, ардақтау біздің міндетіміз екенін түсіндіру. Таза ауаны ластамауға  тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Елбасы Н.Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасынан  үзінді, даналық сөздер, мақал-мәтелдер, суреттер

Барысы: І. Шаттық шеңбері
ІІ. Психологиялық  тренинг «Орманға саяхат»
Қуанышты  көңілмен көзімізді ашып, қандай сезімде болғанымызды айтайық.   (Оқушылардың пікірі)

ІІІ. Кіріспе

Адам және табиғат әрқашан да егіз. Табиғат – біздің асыраушымыз, қорғаушымыз десек те болады. Күнделікті ішіп жүрген тамағымыз, үстіміздегі киіміміз оқитын кітабымыз жазатын қағазымыз, мінер көлігіміз, ауырғанда пайдаланылатын дәріміз, тыныс алар ауамыз, ішер суымыз – осының  бәрі табиғаттың тартқан сыйы.

Сондықтан Елбасы Н.Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында  “Қазақстан ауасы таза, суы-мөлдір, жасыл желекке айналуы тиіс” деген. Осы бағдарламаны басшылыққа ала отырып, алдағы уақытта табиғатқа деген сүйіспеншілік, табиғат байлығын қорғап молайту – басты мақсатымыз. Осы Елбасымыздың айтқанын қалай түсінесіңдер? (Еліміздің табиғатын көркейту, түрлі ағаштарды, гүлдерді егіп көгалдандыру керек. Сонда ауамыз таза, суымыз мөлдір болады.)

 

ІV. «Өсімдіктер сыр шертеді» кезеңі

Олай болса, — Біздің ауылымыздың табиғаты қандай?

  • Ауылымызда қандай өсімдіктер бар?

Ауылымыздың ауасы таза болсын десек, келесі тапсырмаларды орындай отырып, елімізді жасыл желекке айналдырайық.

Ағаш отырғызу. /коллаж жасау/

  1. Қағаз қандай өсімдіктерден алынады? (шырша, көктерек)
  2. Қан тоқтатуға, шаштың ұзарып өсуіне әсер ететін, құрамында дәрумені көп

өсімдік. (қалақай)

  1. Көктемде ақ гүлге оранды, күзде қолға доп болып оралды? (алма)
  2. Қандай өсімдіктердің жемісі бетті ағартады және ажарландырады. (бүлдірген)

Үйге берілген тапсырмада өз жерімізде өсетін дәрілік өсімдіктердің кейпіне еніп, мағлұмат жинап келу. Дайындаған мағлұматты айтып берген бала гүл отырғызады.

Гүл отырғызу:

  1. (Жолжелкен) Мен – жолжелкенмін, көпжылдық өсімдікпін. Жол жиегінде өсемін. Емдік мақсатқа жапырағымды, тамырымды қолданады. Мені жараға жапсырып қойсаң, тез жазылады. Шырынымнан жөтелді басатын дәрі де дайындайды.
  2. (Шырғанақ) Мен – шырғанақпын. Менен күйікке және жараға жағатын май алады.
  3. (Таңқурай) Мен – таңқураймын, адамға өте пайдалымын. Мен жаңа піскен кезде менен тосап дайындап, оны суық тигенде шайға салып ішу керек.
  4. (Жұпаргүл) Мен – жұпаргүлмін, мен де адамға өте пайдалымын. Мен ас қорытуды жақсартамын, суық тигенде көмектесемін. Менің атымның өзі жұпар иісі туралы айтып тұр. Мені шайға қоссаң, ерекше дәм және хош иіс беремін.
  5. (Итмұрын) Мен – итмұрынмын. Мен дәруменге бай жеміспін. Менен қайнатпа және шырындар жасайды.
  6. Ойын: «Қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал!»

(доп лақтыру арқылы сөздер ойлау)

«Денсаулық» сөзімен басталады, соңғы әрпіне жаңа сөз ойлап айту.

Деніміз сау болсын десеңдер, дәрумендері бар қандай жемістерді білесіңдер?

 

VІ. «Ойланайық, пікірлесейік!»

— Табиғатты неге денсаулық мекені дейміз?

— Өз денсаулықтарыңды қалай күтесіңдер?

— Қандай спорттың түрлерімен шұғылданасыңдар?

— Дұрыс тамақтану дегенді қалай түсінесіңдер?

 

VІІ. Дәрігердің кеңесі

VІІІ. Сурет бойынша әңгімелеу

  • Денсаулығымыз мықты болу үшін табиғатымыз қандай болу керек?

Жер бетінде ала шұбар дақтар көп. Соның бәрі де адам қолымен салынған таңбалар. Сулы-нулы көкорай жер шарын талай ғасыр мекен етіп келген адамдар өзен, көлді суалтып, қу тақырға айналдырып, жасыл шалғынды орман тоғайды күйдіріп өртеуде, тау мен даланы тескілеп, шаңын аспанға шығаруда.

 

ІХ. Берілген сурет бойынша тыйым сөздер құрастырып, себебін дәлелде.

Х. Ой толғаныс /топпен жұмыс/

1-топ: Денсаулықтың достарын топтастыру (спорт, дұрыс тамақтану, тазалық,

                                                                 шынығу, демалу, дұрыс ұйқы, көңілді жүру)

2-топ: Денсаулықтың дұшпанын топтастыру (дұрыс тамақтанбау, зиянды әдеттер,

                                       салақтық, ашушаңдық, жалқаулық, күн тәртібін сақтамау)
ХІ. Эссе жазу

  • Ауылымыздың табиғаты туралы не айтар едіңдер?

(Айналамызды қоршап, жайқалып өсіп тұрған ағаштар. Ауылымыздың көптеген орман-тоғайлары мен көлі бар. Ауылымыздың табиғаты көрікті)

—    Ауылымыздың атап өтетін тағы қандай байлығы бар?
(ауыл табиғаты туралы эссе жазу)

ХІІ. Жүректен  жүрекке

Жылы лебіздерін білдіру (денсаулық, табиғат туралы)

ХІІІ. Рефлексия

Білемін Білдім Білгім келеді
     

 

ХІV. Қорытынды

Қорыта келгенде, адам өмірі табиғатпен тығыз байланысты. Адам табиғатты аялап, туған жерге сүйіспеншілікпен қарауы тиіс. Адам табиғат сұлулығынан, әдемілігінен, әсемдігінен  бойына қуат, көңіліне шуақ алады.

Табиғат байлықтарын қорғай білу – азаматтық борыш. Оны аялап, сүйе білейік.
Табиғатты сүйе білмеген, туған жерін, елін де сүйе алмайды. Ластанған табиғаттан денсаулығымыз нашарлайды. Сондықтан, «Табиғат – денсаулық мекені» деп бекер айтылмаған.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *