«Табиғатым — тал бесігім»

Тақырыбы: «Табиғатым — тал бесігім»
Мақсаты:
Оқушылардың санасына қоршаған ортаға туған өлке табиғатына деген сүйіспеншілікті және табиғат құбылысында болатын жағдайлар туралы түсінік қалыптастыру.
Туған жерді, қоршаған ортаны сүюге, қорғай білуге тәрбиелеу.
Шығармашылық қабілеттерін жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
Керекті құрал – жабдықтар мен көрнекіліктер: «Табиғатты қорғайық, аялайық», «Қазақстан қорықтары» видеолары, суреттері, мултимедия кешені, видеотаспа және т.б
Тәрбие сағатының барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі оқушылармен амандасу, түгендеу, сабақтың тақырыбен таныстыру
І. «Танысу» аялдамасы. Глобусты бір – біріне бергенде өзінің аты – жөнін және немен айналысқанды ұнататындарын және болашақта қандай мамандық иесі болғылары келетіндерін айтады да келесі оқушыға береді. Глобусты ұстап айтуды мұғалім өзінен бастайды.
Сол кезде оқушылардың Жер шарын қалай ұстағанға мән береді. Глобус мұғалімге қайтып келгенде, «Біз жерде өмір сүреміз. Бәріміз ата- ана үшін, оқу үшін, болашақ үшін жауап береміз, ал Жер үшін жауапкерлікті сезінеміз бе? Оның өсімдігімен, топырағымен, ауасымен, қалаларымен не болып жатқанын білеміз бе? Әркім осы жерде өзінің ізін қалдырады. Сендер әлі оқушысыңдар, болашақта Қазақстанның белгілі де, білімді азаматы болсаңдар сендерде еліміздің дамуына үлес қосады деп сенемін!
2. Енді «Киностудио» аялдамасына келеді.
«Табиғатты қорғайық, аялайық » фильмін көру.
3. «Ой шақыру» аялдамасы.
«Табиғатты қорғайық, аялайық» фильмін көріп, оқушылар өз ойларын айта келіп, табиғатты ластамаудың жолдарын, табиғатты сақтап қалу үшін өздері қандай игі істер жасай алатындарын баяндайды. « Табиғат байлықтарын дұрыс игермеу неге әкелді?», «Адамзаттың әдейі жасалған қастандықтарының соңы неге әкеп соқтырды ?» — деген сұрақтарға жауап береді.
4. «Ұлттық – тәлім тәрбие» аялдамасы.
Ойын «Мақалдың жалғасын тап»
Табиғат — тал (бесік.)

Жері байдың елі (бай.)

Ағын су өлмейді,
Асқар тау өлмейді,
Ай мен Күн өлмейді,
(Қара Жер өлмейді).

Батыр туса — ел ырысы,
(Жаңбыр жауса — жер ырысы.)

Бір тал кессең, (он тал ек).

Бұлақ көрсең, (көзін аш).

Судың да (сұрауы бар).

Көлдің көркі — құрақ,
Таудың көркі – (бұлақ).

Ақыл басқа бітеді, қына (тасқа бітеді.)

Дәрі шөптен шығады, дана — (көптен шығады.)

5. «Қорықтар» аялдамасы
Қазақстанның қорықтары жайлы видео көрсету.

6. Білімділер аялдамасы
Лездік сұрақтар:
Қазақстанның табиғатын қорғау үшін қандай іс-шаралар қолданылады?
Елімізде қорықтардың жалпы саны қанша?
Қорықтардың атауларын кім біледі?
Қызыл кітап қандай мақсатта басылып шыққан?
Қызыл кітапқа енген жануарлар не болмаса өсімдіктерді кім біледі?
Қазақстанның қызыл кітабы ең алғаш қай жылы басылып шықты?
Қазақстанда өсімдіктерге арналған қызыл кітаптың екінші басылымы қай жылы жарық көрді?
Кітаптың түсі неліктен қызыл деп ойлайсындар?
7. «Болашақ» аялдамасы
Біздер Қазақстанның табиғатының болашағы үшін не жасай аламыз?
Постер қорғау, сурет салу
3.Қорытынды
Тәрбиеші сөзі:
Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақталғанда, адамзат баласы үшін
табиғат – кең сарай мәңгі тозбас құтты қоныс болатынын ешқашан ұмытпайық!
«Таза болса, табиғат
Аман болар адамзат!» деген Ф. Оңғарсынованың сөзімен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *